85
3. Мұғалімді психологиялық даярлау проблемасы.
4. Дамыта оқыту жүйесіне мұғалімді даярлау проблемасы.
5. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру проблемасы.
6. Мұғалімнің инновациялық процестерді жете ұғынуы проблемасы.
Педагогикалық іс-әрекеттегі негізгі қарама-қайшылықтар
Кәсіби міндеттер динамикасы мен оны жүзеге асырудағы
мұғалімнің ішкі даярлығы
арасында;
Білім беру саясаты динамикасы мен мұғалімнің нақты және жүйелі позицияны ұстануға
ұмтылысы арасында;
Шығармашылық өзін-өзі реттеудегі жеке тұлғалық қажеттілік пен оны қанағаттандыру
мүмкіндіктері арасында;
Күнделікті өзекті
ақпарат көлемі мен оны саралау, меңгеру, сақтау, тасымалдау
қабілеттілігі арасында;
Қоғамның білім беру қызметіне қажеттілігі мен мұғалімнің
жұмыс уақыты резервінің
қысқаруы, сондай-ақ оқытушы кадрларының азаюы мен материалдық деңгейлерінің
төмендігі арасында;
Әлеуметтік-кәсіби топтың көпшілігінің бос уақыттарының
көбеюі мен педагогикалық
кәсіп өкілдерінің бюджеттегі уақыттары өзгерісінің тенденциясы арасында.
Достарыңызбен бөлісу: