Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша


Іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері;   



Pdf көрінісі
бет131/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
Іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері;
 

 
Оқушылардың ерекшеліктері. 
 

Педагогикалық іс-әрекет 
стилдерінің түрлері
(А.К.Маркова бойынша)
 

 
Өктемшілдік стиль
. Оқушы тең құқылы серіктес емес, педагоги-калық әсер ету объектісі 
ретінде қарастырылады. Мұғалім біржақ-ты шешім қабылдайды, шешеді. Өзі қойған 
талаптарының орындалуына қатаң бақылау орнатады. Қалыптасқан жағдайлар мен 
шәкірттердің пікірлерін есепке алмай, өз құқықтарын пайдала-нады. Осының салдарынан 
шәкірттері белсенділіктерінен айыры-лады, өзін-өзі төмен бағалайды, бойларында 
агрессия пайда болады. Оқушылардың күші білімді игеру мен өзін-өзі дамытуға емес
психологиялық тұрғыда өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мұғалімнің әсер етуінің 
негізгі әдісі – бұйрық, ақыл айту. Мұғалімге өз кәсібіне қанағаттанудың төмендігі және 
кәсіби тиянақсыздық тән.
 

 
Демократиялық стиль. 
Оқушымен қарым-қатынаста тең серіктес, бірігіп білім іздеуде 
әріптес. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке 
алады, ой-пікір білдіруін бағалайды. Оқушылардың оқу үлгерімін ғана емес, олардың 
тұлғалық сапаларын да есепке алады. Оқушыға әсер ету әдістері – түрткі болу, кеңес, 
өтініш. Осы стильдегі мұғалімнің оқушылары байыпты, қанағаттану, өзін-өзі жоғары 
бағалау күйін сезінеді. Мұғалімдер өзінің психологиялық іскерліктеріне көбірек назар 
аударады, оларға кәсіби орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.
 

 
Либералдық стиль. 
Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастама-ны оқушыларға, 
әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз 
орындайды, жалтақтаушы-лық, толқу байқалады. Сыныпта ауытқымалы микроклимат
жасырын қатынастар байқалады. 
 

Қазіргі заман мұғалімін сипаттушы даралық стильдердің 4 түрі: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет