95
Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі: дидактикалық, тәрбие-леуші, дамытушы,
психологиялық, гигиеналық және сабақ техникасы.
Жалпы талаптардың ішінен, бүгінгі сабаққа сәйкестендірілген, жоғары сапаға жауап беретін
мына
талаптарды
бөліп алуға болады:
Ғылымның жаңа жетістіктерін, озық педагогикалық тәжірибені қолдану, оқу-тәрбие
процесінің заңдылықтарын негізге ала отырып сабақ өткізу.
Сабақ барысында барлық дидактикалық принциптер мен ережелерді іске асыру.
Бұрынғы біліммен байланыстыруда, жаңа білімді меңгеруде оқу-шылардың икем-
қабілетін және қызығушылығын дамытуда, білім сапасын арттыру барысындағы тіректік
ұғымдарға сілтеме жасау.
Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пән аралық байланысты бекіту.
Жеке бастың барлық сферасын дамытудағы мотивация мен белсенділігін арттыру.
Педагогикалық құралдарды ұтымды қолдану.
Алған білім мен өндірістік қызметті өмірмен байланыстыра іскерлікті жүзеге асыру.
Білімін, іскерлігін, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау амалы мен іс-әрекетте
тиімді қолдану.
Оқи алу іскерлігін, білім қорын молайту қажеттілігін сезінуді қалыптастыру.
Әрбір сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжай алу.
Оқу-тәрбие әрекетінің логикалылығы және эмоционалдығы.
Әрбір сабақ тұтас педагогикалық процестің оқыту, дамыту, тәрбиелеу функцияларын
жүзеге асыруға бағытталған. Осыған байланысты сабаққа қойылатын жалпы талаптар
дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық
сонымен қатар
психологиялық, гигиеналық
және
сабақты ұйымдастыру техникасына қойылатын талаптар
болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: