Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет152/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
Тұлғалық 
 
Өзінің кәсібилік деңгейін арттыруда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі игеру тәсілдерін 
меңгеру 

 
Әлеуметтік 
Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдысын, кәсіби қауыммен байланысты игеру; өзінің 
кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілік 

 
Даралық (индивидуалдық) 
Өзінің даралық ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру және 
өзін-өзі реттеу тәсілдерін таңдап алу мен жүзеге асыру қабілеттілігі. 
Арнайы компетенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:

Әлеуметтік контексте таңдап алған мамандығының ролін, орнын, спецификасын түсіну; 

Таңдап алынған кәсіби әрекеттің шегі туралы білімі және басқа мамандықтармен өзара 
байланысы; 

Кәсіби сана (кәсіби әрекеттік белгілерін сезіну – пәнін, құралын, еңбек нәтижесін); 

Кәсіби ойлау (кәсіби міндеттерді қоя және шеше білу қабілеттілігі), кәсіби интуиция; 

Кәсіби әрекеттің нормасы мен амал-тәсілдерін игеру; 

Кәсіби әрекеттің түрі мен тәсілдерін оның нәтижесімен байланыстыру қабілеттілігі; 

Кәсіби еңбектің жоғары эффективтілігі мен нәтижесінің тұрақтылығы; 

Өзінің кәсіби әрекетін бағалай білу іскерлігі, оны әріптестер әрекеті және 
көрсеткіштерімен салыстыра білу; 

Кәсіби өсу, кәсіби шеберлік; 

Кәсіби әрекетті үнемдеу (еңбек нәтижесіне жетуде күш-жігер мен шығынды минимумға 
жеткізу); 

Кәсіби еңбек мәдениетін игеру. 
Әлеуметтік компетенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:

Өзін кәсіби қауымға енгізуі; 

Кәсіби қарым-қатынас, этикалық норманы игеру; 

Кәсіби әрекет нәтижесінің адамзаттың игілігіне бағытталуы; 

Өзінің кәсіби әрекеті салдарына әлеуметтік жауапкершілік; 

Өзінің кәсіби әрекеті нәтижесін көрсете білу іскерлігі; 

Мәселені шешуде өз көзқарасының ақиқаттығын дәлелдей алу іскерлігі; 

Кешенді кәсіби міндеттерді шешуде әріптестерге кәсіби көмек беру және қабылдау, өзара 
байланыс жасау іскерлігі («горизонтальды» өзара байланыс); 

Басшылар және қарамағындағылармен іскерлік қатынас орнату, оларды қолдау іскерлігі 
(

вертикальды

өзара байланыс); 

Басқара алу және бағына білу іскерлігі; 


104 

Ұжымда жұмыс істей білу іскерлігі (топ айналысып жатқан жалпы міндетті сақтай 
отырып өзіне берілген тапсырманы орындай білу қабілеттілігі); 

Басқа адамның позициясына көше білу іскерлігі (децентрация, эмпатия); 

Социумда өзінің кәсіби іс-әрекетіне және оның нәтижесіне деген қызығушылықты 
тудыра білу іскерлігі; 

Өзгеріске даяр болу, өзара қарым – қатынас процесінде әрекеттесу іскерлігі; 

Өзара бәсекелестікке қабілеттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет