101
Ішкі жағдай
оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
оқу материалын еркін меңгеру;
мұғалімнің жұмысқа деген шығармашылық көңіл – күйі.
Оқушының ерекшеліктері
ақыл – ойының даму деңгейі;
сабаққа (оқуға) қатынасы;
ақыл – ой әрекетін өз бетімен ұйымдастыру;
Саралау сұрақтары:
1. Оқушылардың сабақ барысындағы психологиялық жағдайы (даярлығы, жинақылығы,
көңіл-күйі, себептері, эмоциясы).
2.
Зейіннің дамуы, тұрақтылығы, зейінді аудару мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін
тәсілдер, ерікті және еріксіз зейіннің байланысы.
3.
Есте сақтауды дамыту мен жаттықтыру, есте сақтау түрі (механикалық, мәндік, ырықты,
ырықсыз, қысқа көру есі), есте сақтаудың негізгі принциптерін белсендіру, қабылдау,
есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту.
4.
Оқушылардың ойлау процесін дамыту: проблемалық ситуация тудыру, ойлау
операцияларының параметрін қалыптастырушы тапсырманы қолдану: салыстыру,
анализ, синтез, жинақтау, нақ-тылау, жүйелеу, абстракция, шығармашылық ойлауды
дамытушы жағдай.
5.
Материалды бейнелі беру арқылы қиялды дамыту.
6.
Материалды саналы қабылдауды ұйымдастыру тәсілдері.
7.
Оқыту процесіндегі оқушылар эмоциясы.
8.
Сабақтың ұжымның қалыптасуына, дамуына әсері.
9.
Мұғалімнің жас ерекшелігі психологиясы және сыныппен психологиялық қатынас туралы білімі.
Мұғалімнің оқушылардың ой қозғалысы мен әрбір оқушының сезімін бақылауы, педагогикалық
такт.
Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру
формасының ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелігі мұғалімнің дайындық
деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу
әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: