кәсіби бағыттылық бойынша іс- шараларды жүзеге асыру;
мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылармен коррекциялық іс шаралар ұйымдастыру;
психикалық ауытқуды диагностикалау, сақтандыру, коррекциялау (түзету).
Қолданылған әдебиеттер: 1.
Кукушин В.С. Дидактика.Учебное пособие. М., 2003, С. 215-235.
2.
Зимняя И.А. Педагогическая психология. С. 373-388.
17 - СҰРАҚ. ҰСТАЗДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫ (КОМПЕТЕНТТІЛІГІ) 1. Құзырлылық, кәсіби құзырлылық туралы ұғым 2. Кәсіби құзырлылық мазмұны 1. Компетенттілік » ұғымы (қазақша құзырлылық) әр түрлі түсіндіріледі.
Шетел сөздері түсіндірмелі сөздігінде «компетентті» ұғымы қандай да бір мәселені жан-жақты меңгерген адам,
француз тілінде (Сompetent) – компетентті, құқылы.
Ағылшын тілінде қабілеттілік, латын тілінен
аударғанда (Competentia) «дегеніме жетемін», «сәйкеспін», «лайықпын» деген, яғни белгілі бір
саладағы толық игерілген білім мен жинақталған тәжірибені білдіреді. Адамдағы таным мен
тәжірибесі бар аймақ сұрақтарының ауқымы.
Белгілі бір аймақтағы компетенттілік – осы аймақ
көлеміндегі материалды білім мен қабілеттілікке сәйкес меңгеру және осы аймақтағы негіздемеге
орай өзінің көзқарасын еркін білдіру мен әрекет ету.
С.И.Ожегов сөздігінде компетенттілік қандай да бір саладан хабардарлық, жете
білушілік.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде компетенттілік – белгілі бір саланы жетік білуші,
өзінің білімі жағынан мәселені шешуге, ол жөнінде пікір айтуға құқы, уәкілдігі бар адам.
Сонымен қатар ғылымда
кәсіби компетенттілік деген ұғым бар. Бұл ұғымға зерттеуші-
ғалымдар әр түрлі бағытта өз пікірлерін білдірген.
«
Кәсіби компетенттілік – кәсіби педагогикалық әрекетті өзіндік ұйымдастырудың
жоғары деңгейі»