3.
Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдері.
І кезең.
XVII ғ. ортасы – ХІХ ғ. аяғы
(жалпы дидактикалық) Ян-Амос-Коменский (1592-
1670), Жан-Жак-Руссо (1713-1778), Генрих Песталоцци (1746-1827), Иоганн Гербарт
(1776-1841); Адольф Дистервег (1790-1866), П.Ф.Каптерев (1849-1922). Қарастырылған
проблемалар
даму, оқыту және тәрбие ұғымдарының өзара байланысы, оқушының
шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеттілігі және оны дамыту, мұғалімнің рөлі,
оқытуды ұйымдастыру
. Демек, аталған ұғымдардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге
алғашқы әрекеттердің жасалуы.
ІІ кезең.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғ. ортасы
. Бұл кезеңде педагогикалық психология
алдыңғы кезең ғалымдарының педаго-гикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып,
психологиялық, психофизиологиялық, эксперименталдық зерттеулердің нәтижеле-ріне
бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады. А.П.Нечаев, А.Бине (1896-1990) мен
француз психологы Бергсон Анри (1859-1941), М.Оффнер, Э. Мейман, В.А.Лай,
Г.Эббингауз, Женевадағы генетикалық психология мектебінің негізін салушы швейцар
психологы Ж.Пиаже (1886-1980), француз психологы Анри Валлон (1872-1962),
Дж.Дьюи (1859-1952), С.Фрэне өз зерттеулерінде
есте сақтау ерекшеліктері, тіл
дамыту, интеллектіні дамыту, дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т.б
.
мәселелерді қарастырды.
ІІ кезең ерекше психологиялық-педагогикалық бағыт –
педологияның
пайда болуымен
сипатталады. Педология (грек. paidos-бала, logos – ілім) ұғымын 1893 жылы американдық
психолог О.Хризман ұсынды. Осы ағымның негізін қалаушылар – С.Холл,
Дж.М.Болдуин, Э.Киркпатрик, неміс психологы Эрнст Мейман (1862-1915), В.Прейер,
П.П.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және т.б. Бұл ағымның
мазмұнын жасөспірімдердің дамуы туралы психологиялық анатомиялық-физиологиялық,
биологиялық, әлеуметтік сияқты көзқарастардың жиынтығы құрады.
Негізгі идеясы:
бала – тұтас жүйе. Ол жеке-жеке зерттелуге, демек бір бөлігін
физиология, бір бөлігін психология, бір бөлігін неврология зерттеуге тиіс емес.
Баланы оның психикасына ғана емес, дамудың антропоморфия-лық көрсеткішіне әсер
ететін әлеуметтік ортасын ескере отырып қана зерттеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |