14
Оның бірі – әлеуметтік сипатта, екіншісі – психологиялық сипатта.
Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы
.
Мәдени-тарихи теория туралы жүйе,
біріншіден
, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік
бейнесі қоғамның даму дәрежесіне;
екіншіден
даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің
заттарды
ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді,
үшіншіден
, адамның жарық дүниеге келуінен
өмірдің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір
тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, яки бүкіл жан дүниесінің өзгеріп
өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырылады.
Баланың дамуы
биологиялық
заңдарға емес,
қоғамдық-тарихи
заңдарға тәуелді, демек
баланың дамуы мен өсіп жетілуі, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының
жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға, іс-әрекет тәсілдеріне
байланысты.
Адамның дамуының қозғаушы күші –
оқыту болып
табылады.
Бірақ оқыту дамумен
бірдей емес, ол жақын арадағы даму аймағын туындатады, басында тек ересектердің
қатысымен және дос-жолдастарының ынтымақтасуымен мүмкін болатын, бірақ дамудың
барлық ішкі жолдарына өтіп баланың өзінің жетістігіне айналатын дамудың ішкі
процестерін қозғалысқа келтіреді.
Бала дамуының жақын арадағы аймағы
–
баланың
белсенді даму
деңгейі мен
ересектердің қатысуымен жүретін оның
мүмкіндігінше
даму
деңгейі арасындағы аралық
,
«дамудың жақын арадағы аймағы пісіп жетілмеген, бірақ жетілу процесі үстіндегі
функцияларды анықтайды; ертеңгі күнгі ақыл-ой дамуын сипаттайды». Дамудың жақын
арадағы аймағының феномені баланың ақыл-ойын дамытуда оқыту рөлінің маңызды
екендігін дәлелдейді (Л.С.Выготский).
Адам санасы – жеке процестердің бірігуі емес, оның жүйесі, олардың құрылымы. Ерте
балалық шақта
сана
орталығында – қабылдау болса, мектепке дейінгі шақта – ес,
мектептегі кезде – ойлау болады. Ал қалған психикалық процестер әрбір жаста санадағы
доминантты функциялар әсерінен дамиды. Психикалық
даму процесі мәндік
құрылымның өзгерісімен яки дамудың қорытындылау кезеңдерімен байланыстырылған
сананың жүйелі құрылымын қайта құрудан тұрады.
Санаға тек сөз арқылы ғана енуге болады және сана құрылымының біреуінен екіншісіне
өту қорытынды сөздің дамуына байланысты жүзеге асырылады.
Қорытындылауды қалыптастыра отырып, демек оны жоғарғы деңгейге жеткізуде,
оқыту
бүкіл сананың жүйесін қайта құруға қабілетті
(«...оқытудағы бір қадам дамудағы жүз
қадамды беруі мүмкін»).
Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі бағыттары
Достарыңызбен бөлісу: