24
Жеке ғылыми:
Педагогикалық психологиямен тікелей байланыстағы ғылыми ұғымдар:
білім беру;
білім беру мазмұны;
оқыту;
тәрбиелеу;
әлеуметтендіру;
жеке даралық;
бейімделу (адаптация);
әлеуметтік тәжірибе.
Арнайы педагогикалық психология категориялары:
оқу;
оқу іс-әрекеті;
тәжірибе жинақтау;
әлеуметтік тәжірибені меңгеру;
дағды;
білім;
іскерлік;
педагогикалық қабілеттер.
2. Әдіс
(грек. metodos – зерттеу немесе таным, теория, оқыту жолы) – таным жолы; ғылыми
білімді құру тәсілі және негіздеу; ғылым пәнін анықтауға ықпал етуші тәсіл.
Педагогикалық зерттеу әдістері
– оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективті
заңдылықтарын танып білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.
Педагогикалық психология зерттейтін мәселелер туралы мәліметтер 3 негізгі мәлімет
көздері арқылы алынады: олар –
L-, Q - және T-деректер.
Мәлімет алудың
бірінші
көзі
L-
деректер
(bife record data) – бақылау нәтижесінде адам өмірін тіркеп отыру арқылы
алынған деректер, мұнда сараптамалық бағалау да кіреді. Мәлімет алудың
екінші
көзі
Q-
деректер
(Questionnaire data) – сауалнамалар мен өзін-өзі бағалаудың басқа әдістері
негізінде алынады. Аталған мәлімет көзіне ММР – Минесоттық көпсалалы тұлғалық
тізбе), Кэттелдің 16-факторлық тұлғалық сауалнамасы, т.б. жатады.
Мәліметтің
үшінші
көзі –
Т-деректер
( objective data) – бұл объективті тестердің
мәліметтері, олардың ішіндегі негізгі 12 топ Р.Б.Кэттел мен В.Ф.Варбуртондар бойынша
педагогикалық психологияда тестілеу әдісін қарастырғанда келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: