Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет62/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   161
Байланысты:
Пед псих

Қолданылған әдебиеттер: 
1.
Зимняя И.А. Педагогическая психология. С. 52-95 
2.
Айсмантас Б.Б. Теория обучения: схемы и тесты, Москва, ВЛАДОС, 2002, С. 15-21 


31 
ІІ БӨЛІМ. ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ 
 
4 - СҰРАҚ. ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ 
 
1.
 
Оқыту: жалпы сипаттама 
2.
 
Оқыту процесі және концепциялары 
3.
 
Оқыту процесін құрайтын құрылымдар 
4.
 
Оқыту процесінің компоненттері 
5.
 
Оқыту мен даму проблемалары және оларды шешудегі негізгі бағыттар, ағымдар 
6.
 
 Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту концепциялары 
 
1
. Ерте және ортағасыр ойшылдары «оқыту», «оқыту процесін» 
сабақ беру
деп түсіндірді. 
ХХ ғ. басында оқыту ұғымы 2 компоненттен тұрды, олар 
сабақ беру
немесе
оқыту
(преподавание) және 
оқу 
(учение). Ондағы
оқыту
– оқу материалын қабылдау үшін 
ұйымдастырылған мұғалімнің іс-әрекеті, ал оқу – оқушылардың білімді қабылдаудағы іс-
әрекеттері.
Біраз кешірек 
оқыту
(обучение) ұғымы танымдық әрекетті қалыптастырудағы 
оқытушының басқару әрекеті және оқытушы мен оқушының арасындағы бірлескен 
әрекет деп те қарастырылды. 
 
Оқыту, оқу түсініктерін анықтаудың көп жақтылығы: 
«
Оқу
– әр түрлі тапсырмаларды шешу арқылы білім мен икемділікті меңгеру» 
(
Я.А.Коменский
). 
«
Оқу
– білім, икемділік пен даму және жалпы танымдық процестерді жетілдіру» 
(
И.Гербарт
). 
«
Оқу
– белгілі бір пәндер бойынша білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру» 
(
А.Дистервег
). 
«
Оқу
– педагогикалық процестің ішкі жағы болып табылатын оқушының ішкі әрекетінің 
белсенді процесі» (
П.Ф.Каптерев
). 
«
Оқу
– сыртқы қимылдардың қажетті қатысуымен сезімді және ойлы мазмұнның 
элементтерінен жаңадан пайда болған қасиеттер құрудың белсенді процесі» (
В.Лай
). 
«
Оқу
– үш негіздеме бойынша тәжірибе жинақтаудың түрлері: біртіндеу – секіріс; саналы 
түрде ұғыну – аңғармаушылық; нақты көрінетін – сырт көзге көрінбейтін байланыстарды 
ұғыну» (
Ж.Пиаже
). 
«
Оқу
мінез-құлықтың өзгеруі, «стимул-реакция» схемасы (
Дж.Уотсон
). және міндетті 
түрде нығайтылуымен «стимул-жауап беруші реакция» схемасы бойынша (
Э.Торндайк, 
Б.Скиннер, К.Холл
) өзгеретін стимулдарға сыртқы реакциялардың өзгеруі, «стимуларалық 
ауыспалы (бейне, карта, жоспар) реакция» (
Э.Толмен
) формуласы бойынша проблемалық 
жағдаяттарда жаңа жоспарлар, мінез-құлықтың когнитивтік картасын меңгеру».
«
Оқу
– мағынасын меңгеру, яғни кейбір тітіркендіргіштер арқылы (ең алдымен, сөйлеу 
белгілерімен) объект-тітіркендіргіші жағдайындағы туатын реакцияларды туғызу 
қабілеттілігін игеру, сонымен қатар инструменталдық реакцияларды меңгеру» ( 
Ч.Осгуд
). 
«
Оқу
– тәжірибенің бұрынғы құрылымын қайтадан құрылымдау, онда екі фаза бар – білім 
беру әрекетінің (алғашқы рет) жаңа формаларын құру және әрекеттің жаңадан пайда 
болған формаларын қайтадан құру және есте сақтау» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет