44
Оқу іс-әрекеті
–
кең мағынада
үйрету, үйрену, оқыту
ұғымдарының синонимі ретінде
қолданылады.
Тар мағынада (
Д.Б.Эльконин бойынша
) – кіші мектеп жасындағы-лардың іс-әрекетінің
басты типі.
Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова еңбектерінде «оқу іс-әрекеті»
ұғымы
әрекеттік мазмұн мен мағынада толықтырылып барлық жас кезеңдеріне тән екендігі
айтылады, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің диалог (полилог) және дискуссияны
пайдалана отырып теориялық білімдерді және олармен байланысты ғылым, өнер,
адамгершілік, мораль және дін сынды қоғамдық сана сфераларында іскерлік пен дағдыны
меңгеруге бағытталған іс-әрекет түрлерінің бірі.
С.Л.Рубинштейн бойынша,
оқу іс-әрекеті
субъектінің оқыту пәніне қатынасы
деп
түсіндіріледі.
Оқу іс-әрекеті
– оқу әрекетінің жалпылай тәсілдерін меңгерудегі оқытушы тарапынан
қойылған оқу міндеттерін шешуде сыртқы
бақылау мен бағалау негізінде, өзін-өзі
бақылау мен бағалау процестеріне ауысатын өзін-өзі дамытудағы субъектінің әрекеті.
Оқу іс-әрекеті
іс-әрекеттің ерекшеленген түрі ретінде қолданылды. Ол білім алушыға
субъект
ретінде оны жетілдіру, дамыту, қалыптастыру бағытында қоғамдық пайдалы,
танымдық, теориялық және практикалық әрекеттердің сан алуан түрлері мен
формаларындағы қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған. Білім алушының әрекеті
де терең білім жүйесін меңгеруге бағытталған.
И.И.Ильясов бойынша, оқу іс-әрекетінің оқытудың басқа формаларынан
айырмашылығы
ретінде 5 негізгі сипаты:
1) Оқу іс-әрекеті – ол арнайы оқу материалы мен оқу міндеттерін шешуге бағытталған;
2) Оқу іс-әрекетінде әрекеттің жалпы тәсілдері мен ғылыми ұғымдар меңгеріледі;
3) Әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады;
4) Оқу іс-әрекеті субъектінің өзін өзгертуге әкеледі (Д.Б.Эльконин анықтамасы бойынша ол
оның негізгі сипаттамасы);
5) Нәтижесінде білім алушылардың психикалық қасиеттері дамиды және мінез-құлқында
өзгерістер байқалады (И.Лингарт).
Оқу іс-әрекетінің әрекеттік сипаты
:
Оқу
процесінің
қоғамдық
сипаты мазмұнына қарай адамзат жинақтаған мәдени және
ғылыми құндылықтарды меңгеруге бағытталған;
мағынасына қарай
қоғамдық мәнді және
қоғамдық бағалаушы болып табылады;
формасына қарай
қоғамда жинақталған құқықтық
нормаларға сәйкес болғандықтан, ол арнайы қоғамдық мекемелерде, мысалы,
мектептерде,
гимназия-ларда, колледж, институттарда жүзеге асырылады. Кез келген
басқа іс-әрекеттер сияқты оқу іс-әрекеті
субъективтілігімен, белсенділігімен,
пәнділігімен, мақсатқа бағытталғандығымен, саналылығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: