45
Үшіншіден
, негізгі білімді меңгеру және оларға жаңа білімнің қосылуы негізінде
оқушылардың дербес тәжірибесі, тезаурусы құрылады.
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері
: репродуктивті (қайта жаңғыртушы), проблемалық-
шығармашылық, зерттеушілік-танымдық әрекеттер (
В.В.Давыдов, В.В.Рубцов
).
Оқу іс-әрекетінің
тәсілдері
– қалай оқимын, қандай тәсілмен білім аламын деген
сұрақтарға жауап береді.
Кең түрде тәсілге сипаттама ақыл-ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасуы теориясында
ашылған (
Л.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина
).
Оқу іс-әрекетінің нәтижесі
– ғылым салалары мен практикада кең көлемде
қолданылатын
құрылымдық және белсенді білім
,
психикадағы ішкі жаңа өзгерістер,
әрекеттің мотивациялық, құндылық, мәндік бағыттары
. Оқу іс-әрекетінің нәтижесі
даралық тәжірибе құрамында. Оның құрылымдық ұйымдасуынан, жүйелілі-гінен,
тереңдігінен,
беріктігінен
адамның
кәсіби
іс-әрекетінің,
қарым-қатынасының
табыстылығы байланысты.
Оқыту нәтижесі:
1. Психологиялық білім (ұғым, факті, көзқарас, психология ғылымының заңдары,
психикалық әрекет тәсілдері туралы);
2. Психологиялық іскерлік (оқыту процесі барысында
игерілген білім мен әрекет тәсілдерінің адамның бойындағы жиынтығы); 3. Дағды
(психологиялық мәдениетпен байланысты ойлау мен әрекет әдеттері); 4. Өзіндік
шығармашылық әрекет тәжірибесі; 5. Психикалық іс-әрекет мәдениетін игеру; 6. Психологиялық
ақиқатқа және тұтастай ақиқатқа эмоционалды-құнды қатынас қалыптастыру; 7. Жеке тұлға
сапаларын қалыптастыру (өзінің біліміне деген жауапкершілік, дағдылы заттар мен құнды
инновацияларға жаңаша қарау іскерлігі, мәселені шеше білу, сенімділік, эмоционалды тұрақтылық).
Оқыту нәтижесі
субъективті факторлармен
ғана емес
объективті факторлар
бойынша
да анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: