Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша


   Сабақ барысында оқушылардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктерін



Pdf көрінісі
бет73/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 


41 
 Сабақ барысында оқушылардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктерін 
зерттеу 
Ойлау 
1.
Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес оқушылардың ақыл-ой әрекетінің жүзеге 
асырылу деңгейі.
2.
Педагогтың оқушыларды сабақтың мақсатын анықтауға үйретуі. 
3.
Белгілі тапсырманы орындауда оқушылардың оқу міндеттерін ажырата алу деңгейлері. 
4.
Мұғалімнің басқару әрекетінің оқушылардың ақыл-ой әрекетінің заңдылықтарына 
сәйкестігі. 
5.
Ойлау 
мотивтерінің 
сабақ 
барысында 
қалыптасуы. 
Танымдық мотивтердің 
қалыптасуының рөлі. 
6.
Мұғалімнің меңгерілетін материалға және ойлау процесіне қызығушылықты 
қалыптастыруда қолданған құралдары.
7.
Сабақ барысында ақыл-ой әрекетінің рефлексивті компонент-терінің қалыптасуы. 
8.
Сабақ барысында оқушыларда ақыл-ой әрекеті тәсілдерінің қалыптасу деңгейі. 
9.
Сабақ барысында оқушылардың материалды логикалық және мағыналық өңдеуге 
үйретілуі. 
10.
Оқушылардың жолдастарының жұмыстарын, өзінің ақыл-ой әрекетін бағалауға
талдауға үйретілуі.
11.
Оқу процесінің барысының дұрыстығы туралы мұғалімнің ақпарат алуы (кері 
байланыс). Алынған мәліметтің педагогтың бақылауы мен басқаруына әсері. 
12.
Түсіндіру (әңгімелеу) кезінде (және оқушы жауабында) негізгі мәселені бөліп алудың 
жүзеге асырылуы.
13.
Сабақ материалы мен оқушының жекелей іс-тәжірибесі арасындағы байланысты 
орнату. 
14.
Оқушының материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін меңгеру критерийлерін 
мұғалімнің қолдануы. 
15.
Сабақ материалына оқушылардың эмоционалдық қатынастарын туындату, сабақ 
мазмұнының оқушылардың мотивтерімен байланысы. 
16.
Мұғалімнің оқушыларды ойлануға дайындауы. Оқушыларды өз-дерінің ақыл-ой 
әрекетін басқаруға деген ниетін туындату жолдары.
17.
Сабақта ұжымдық ақыл-ой әрекетінің қолданылуы. 
18.
Сабақты жоспарлау мен ұйымдастыруды оқушылардың жақын аралық даму аймағына 
бағыттауы. Мұғалімнің оқушылардың әр түрлі деңгейдегі топтарына көмек 
формаларын қолдануы. 
19.
Оқушыларға қойылатын талап деңгейлері мен олардың нақты мүмкіндіктері 
арасындағы сәйкестік. 
20.
Оқу тапсырмасын орындауда мұғалімнің білім деңгейлері әр түрлі оқушыларға көмек 
көрсету түрлері.
21.
Оқушылардың ойлауының дербес ерекшеліктері мен білім деңгейлері туралы 
мұғалімнің нақты түсінігі. 
22.
Оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар ойлауының жекелей көрсеткіштерінің 
ескерілуі. 
23.
Оқушылардың ойлау сапалары (ақылдың тереңдігі, икемділігі, тұрақтылығы, 
өзбеттілігі, сапалылығы) арасындағы айырмашы-лықтарды ескеруі.
24.
Педагогтың оқушылардың ойлау жылдамдығын, қарқынын ескеруі. 
25.
Оқушыларда шығармашылық ойлау элементтерін қалыптастыру деңгейі. 
26.
Оқушыларда өзін - өзі бақылау дағдысының қалыптасуы. 
27.
Мұғалімнің оқушылардың ақыл-ой әрекеттерін бақылау форма-ларын қолдануы. 
28.
Проблемалық мазмұндау, проблемалық тапсырма элементтерінің қолданылуы.
29.
Педагогтың оқушылар білімін бағалауда ақыл-ой қабілетін ескеруі. 


42 
30.
Мұғалімнің оқушылармен сабақты жекелеп өткізу формасын қолдануы. 
31.
Оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін құралдарды қолдану арқылы ынталандыру.
32.
Оқушылардың және жекелей оқушы ойлауының деңгейін бағалау. 
33.
Оқушылармен әңгімелесе отырып сабақтың білім беру (ұғымды меңгеру, дағдыны 
қалыптастыру және т.б.) және дамыту мақсаттарына жету тиімділігін бағалауға тырысу. 
Оқушылармен әңгімелесе отырып олардың нені және қандай деңгейде меңгергендігін 
анықтау.
34.
Жеке оқушының ойлау қабілетін бөліп алып, оның ақыл-ой әрекеті тәсілін және оның 
басқалармен ұқсастығын бағалау. Сы-ныптың және оқушылардың ойлау белсенділігі 
деңгейін бағалау.
З
ейін 
1.
Мұғалімнің оқушылардың сабақтың мазмұнына деген қызығушы-лықтарын 
ынталандыруы. 
2.
Сабақ үстінді зейінді болудың қажеттілігі туралы нұсқаудың берілуі. 
3.
Берілген материалдың практикалық мәнінің ашылуы. 
4.
Оқушылардың зейінін аудару үшін көрнекіліктердің безендірілуі (ашықтығы, 
жаңалығы, құрылымы және т.б.). 
5.
Материалды түсіндіру ерекшелігі (баяндаудың түсініктілігі, бейнелілігі, сөздің 
эмоционалдығы, интонацияның ауысуы, сөйлеу формасындағы жаңалық). 
6.
Әрекет түрлерінің бір-біріне ауысуының ұйымдастырылуы.
7.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зейінді ескеру. 
8.
Сабақта іс-әрекет мақсатының қалыптасуы.
9.
Сабақ өткізу темпінің таңдап алынуы. 
10.
Оқушылардың белсенділігінің ұйымдастырылуы. 
11.
Зейінді дамытуда дербес ерекшеліктердің ескерілуі. 
12.
Зейіннің жеткіліксіздігі байқалған балалардың іс-әрекетінің ұйымдастырылуы. 
13.
Оқушылар зейінін ұйымдастырудағы мұғалімнің дербес ерекшеліктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет