Семинар топтамасы павлодар облысы «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №36 мектеп-лицейі»



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата03.03.2017
өлшемі2,18 Mb.
#6366
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

www.45minut.kz

Ұстаздарға арналған басылым редакциясы

«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» 

АҚПАРАТТЫҚ ҒЫЛЫМИ

 ПРАКТИКАЛЫҚ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

СЕМИНАР ТОПТАМАСЫ

Павлодар облысы «Екібастұз қаласы әкімдігі 

білім бөлімінің № 36 мектеп-лицейі» КММ

15.02.2017 жыл

Алматы, 2017

1


УДК 37.0 (063)

Б 94 

«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ақпараттық ғылыми 

практикалық  республикалық семинар топтамасы

  /Редактор І. Б. Нағиев. – 

Алматы, 2016. – 95 б.

Б 94 

ISBN  978-601-7579-36-4

Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге

жағдай   жасайтын,   үйлесімді   дамытуға   бағытталған   білім   беру   көзделіп   отыр.   Білім

мекемелерінде   үш  тілді  оқыту  жүйесі,   бірыңғай   мектеп  формасы,  12  жылдық   білім  беру

стандарттары тақырыптарын дөңгелек үстел форматында ұстаз, ата-ана арасында түсіндіріп,

пікірлесу   қазіргі   заман   талабы   қажет   ететін   маңыздылығы   бар.

2014 жылдан бастап елімізде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін» мемлекеттік

әлеуметтік бағдарламасы жұмыс істеп келе жатыр. Бағдарламаның мақсаты — халқы тығыз

орналасқан   еліміздің   оңтүстік   аймақтарындағы   (Алматы,   Оңтүстік   Қазақстан,   Жамбыл,

Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған

Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру

болып табылады.

Осы   тақырыптарды   кеңінен   насихаттау   үшін   білім   беру   мекемелерінде   «БІЛІМ

БОЛАШАҚҚА   БАСТАР   ЖОЛ»   тақырыбында   ақпараттық   ғылыми   практикалық

республикалық семинар ұйымдастырылды.     

УДК 37.0 (063)

ISBN  978-601-7579-36-4

© Нагиев И.Б., 2016

2


НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ

Екібастұз қаласы  № 36 мектеп-лицейі директоры

Сванқұлова Гүлнара Кеңесқызы

   Елбасының «Қазақстан - 2050» ұзақ мерзімді стратегиялық  жоспарын жүзеге асырып, еліміз

тиімді   экономика   мен   әлеуметтік   табысты   мемлекет   құруда   айтарлықтай   жетістіктерге   қол

жеткізді. Сонымен қоса, мәңгілік еліміздің ертеңі – жастардың мектептен білімді, өмірге дайын

болып шығуына  нақты қадамдар жасалып, білім саласында да айтарлықтай жаңалықтар серпін

алуда. 


   2016 жылдың қыркүйек айында көмірлі өлке – Екібастұз қаласында  сәнді де салтанатты білім

ордасы  - № 36 мектеп-лицейі шәкірттеріне өз есігін айқара ашты. Жүрегі қазақ деп соққан әр ата-

ана мен жұртшылықтың қуанышында шек болмады. 

 ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінде заманына қарай зерделі, ой-өрісі жоғары,

жан-жақты   дамыған   жеке   тұлғаны   қалыптастыру   қоғамның,   білім   саласының,   оның   ішінде

ұстаздардың ерен еңбегінің арқасында қол жеткізетін дүние. Біздің мектеп-лицейіміз – білім алушылардың бейімділігі мен

қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану - математикалық білім беруді қамтамасыз ететін

оқу   орны.   Мұнда   ұстазға   да,   оқушыға   да   жоғары   талап   қойылады.   Өйткені,   құзіретті   мұғалімнен   табысты   оқушы

тәрбиеленіп шығады. Жас ұрпақтың саналы да мәдениетті, білімінің бүгінгі заман талабына сай болуы, ертеңгі үлкен өмірге

дайын болып шығуы  да  ұлағатты ұстаздан екені баршаға аян. Жаңадан ашылған бұл білім ордасында бүгінде 50 мұғалім

шығармашылықпен жұмыс істеп,  шәкірттерді білім нәрімен сусындатуда. Заман талабына сай ұстаздарымызда білім беру

мазмұнына   жаңаша   көзқарас   қалыптасты.     35   ұстаз   авторлық   бағдарламалар   жасап,   тәжірибеден   өткізуде.

Шығармашылықпен   жұмыс   істейтін   ұстаздарымыздың   арасында     республикалық,   халықаралық   ғылыми-практикалық

конференция қатысушылары бар.    Бүгінде мектептің тәрбие моделі, оқу-тәрбие үрдісін психологиялық қолдау жұмысының

моделі,   дарынды балаларды анықтау мен бала дарындылығын  арттыру моделі, мектеп түлегінің моделі жасалып,  іске

қосылды.


   Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылуының алғышарттарының бірі – бүгінгі мектеп оқушыларының

шет тілдерін еркін меңгеруі,   дарынды балалармен жұмыс жүйесінің жаңаша   құрылуы.     Мектебіміз 8 сыныпта физика

пәнін үш тілде оқыту бойынша облыстық эксперименталдық алаң болып табылады.  

   Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы екенін жете түсінген ұжым мектептегі тәрбие жұмысына да ерекше мән

береді.     Күннің   екінші   жартысында   оқушылар   таңдауы   бойынша   студиялар,   клубтар,   үйірмелер,   секциялар   және

факультативтер жұмыс істейді. Сонымен қатар, үнемі  ұйымдастырылатын түрлі әлеуметтік жобалар, акциялар, байқаулар,

көрмелер, жарыстар, ғалымдармен кездесулер мектеп өмірін одан әрі жандандыра, қызықты ете түсуде.

           

  Мектебіміздің ерекшелігі - 1, 2 сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтарының ұйымдастырылуы.

   1 сыныптың барлық мұғалімдері білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған біліктілігін арттыру курстарынан

өтті.   16   мұғалім   «Назарбаев   зияткерлік   мектептері»  ААҚ   педагогикалық   шеберлік   орталықтарында   білімдерін  көтеріп,

сертификатталды. Барлығы қалалық сертификатталған мұғалімдер шығармашылық топтарының белді мүшелері. 

   Оқушының білім сапасына мектептің материалдық-техникалық базасының жабдықталуы, оқулықпен қамтамасыз ету көп

көмегін   тигізетіні   баршамызға   мәлім.     Мектепте   арнайы   жаңа   модификациялы   химия,   физика,   биология   кабинеттері

жабдықталған. Жаңа талапқа сай жабдықталған компьютер кластары жоғарғы жылдамдықтағы Интернет желісіне қосылған.

Әр қазақстандық  оқушының бойында өз ұлтына, өз мемлекетіне деген мақтаныш сезімін ұялатуда,  оларды патриоттық

рухта   тәрбиелеуде   мектебімізде   ашылып,   жабдықталған   Қазақстан   Республикасының   Тұңғыш   Президенті   кабинетінің

берері   мол.   Жаңа   заманға   сай   жабдықталған   кітапханада   компьютерлер,   30   орындық   оқу   залы   бар,   Отау   телеарнасы

орнатылған.  Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын  психологиялық жағынан қолдауға да ерекше мән беріліп, психолог, логопед,

әлеуметтік педагог кабинеттері оқушыларға жұмыс істеуде.  

   Салауатты өмір салты – өмір талабы. Жалпы көлемі 623,3 шаршы метр болатын үлкен спортзал, мектеп жанында футбол

алаңы,   волейбол,   баскетбол   алаңдары,   спорттық   ойындар   алаңқайлары,   жеңіл   атлетика   мен   гимнастика   алаңдары

жарақтандырылған.   Дене   шынықтыру   пәнінен   сабақ   беретін   мұғалімдер   спорттың   түрлі   салалары   бойынша   қалалық,

облыстық жарыстардың жеңімпаздары екенін айта кеткен жөн.  

   Мектеп жанында жылыжай, географиялық-метеорологиялық және оқу-тәжірибе алаңдары орналасқан. Мектеп оқушылары

биология, география сабақтарында алған теориялық білімдерін осында іс жүзінде пайдалана алатын болады.  

  Қазақстанның білімге негізделген тиімді даму жолы мен білім саласындағы саясат бүгінгі мектептің сапалы еңбегінен 

басталатынына көз жеткізе отыра, мен шәкірттерімнің  өмірге дайын, кәсіби бағдарланған, бәсекеге қабілетті болып 

қалыптасуына барлық жағдайды  жасауды түпкілікті мақсатым деп санаймын.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» деп қазақ атамыз бекер айтпаған. Болашақта осы тәуелсіз мемлекетіміздің тұтқасын 

ұстар азаматтардың тәрбиесі мен білімі біздердің мойнымызға артылған жүк және үлкен жауапкершілік пен  зор сенім 

екенін ұмытпайық!  Осындай Тәуелсіз Қазақстанымыз барда, елі үшін бар жақсылықты жасап жатқан Елбасымыз барда, 

елімізде тыныштық пен түсіністік барда  біздің әрқайсысымыз осыны ризашылықпен қабылдап, Отанымызды дамыту мен 

гүлдендіру жолында аянбай тер төгуіміз керек.

   Орта Азияның барысына айналған елдің байрағын биік ұстау, киелі еліміздің даңқты мемлекеттілігін әлемге паш ету – 

бүгінгі ұстаздардың, болашақ жастардың қолында.  

3


БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ 

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ БІРІ  –  LESSON STUDY

Екібастұз қаласы  №36 мектеп-лицейінің директордың 

 әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Әмірғалиева Гүлнар Рахымбайқызы 

  Бүгінгі   күні   білім   беру  мазмұнына,     оқушы   мен  мұғалім   тұлғасына   және   қызметіне   деген

көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұруы  – білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге

өту қажеттілігін арттыруда. 

        Осыған   орай,     қазіргі   кезде   білім   саласында   жасалып   жатқан   соны   жаңалықтар   білім

мазмұнын жаңартуға бағытталып, тың серпіліс пен үздіксіз ізденістерге жол ашуда.

      Білім   беру   бағдарламаларын   іске   асыруда     оқытудың   озық   әдіс-тәсілдерін   енгізу   және

жетілдіру,   ұстаздың   шығармашылық   ойлауын   дамыту,     кәсіби   шеберлігін   арттыруды

қамтамасыз ету , педагогикалық ұжымның  ғылыми- әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру және

қолдау   көрсету   арқылы   кәсіптік   деңгейін     көтеру  –   нәтижеге   бағытталған   әдістемелік

жұмыстың түйінді идеясы болып табылады [1].

Өйткені мектеп жұмысы  мен оқушы жетістіктерін өрістетуде мұғалімнің кәсіптік мәдениетінің алар орны  зор. Мұғалімнің

кәсіптік деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының негізгі міндеті болып табылады.

    Мазмұны жаңартылған білім беру жағдайында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және насихаттау білім

беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етіп, мұғалімнің үздіксіз кәсіби өсуіне ықпал етеді.

    Сондықтан әдістемелік жұмыстың да мазмұнын жаңарту бүгінгі күн талабы болып отыр. Бұл өз кезегінде «Неліктен біз

білім жүйесін жаңартамыз?», «Біз бұны қалай істейміз?», «Біз мектепте әдістемелік жұмысты жетілдіру үшін не істеуіміз

керек?» деген сұрақтарды туындатып, жауап іздетеді.

     Мұғалімдердің педагогикалық құзыреттіліктерін   дамыту   барысында мектеп әкімшілігі мұғалімнің кәсіби біліктілігіне

байланысты әдістемелік,  нәтижелік және жетілдіру біліктіліктерін жүйелеуді басшылыққа  алады.

      ХХІ   ғасырдағы   табысты   адамның   білімі   мен   іскерлігі   дағдыларын   қалыптастыруға     бағытталған   оқыту   мен   оқу

тәжірибесіне енгізіле бастаған өзгерістерге ұйытқы болу үшін мектебіміздегі мұғалімдердің ресурстық-құзыреттілік іс -

әрекетіне   талдау   жасалынып,   мониторинг   шығарылды.   Мониторинг   мұғалімдердің   кәсіптік   деңгейін   анықтап,

қажеттіліктерін нақтылауға мүмкіндік берді және бағдарлы жұмысқа жол ашты. Мектептің әдістемелік жұмысын талдау

барысында   «Фишбоун   -   Балық   қаңқасы»   толтырылып,   SWOT   талдаудың   топтық   талқылауы   жүргізілді.   Осы   талдауда

оқушылардың алған  білімдерін керек жерінде қолдана алмаулары, сабақ үдерісінде белсенді іс-әрекетке тартылмауы және

сыни пікір - көзқарастарын дамыта түсу керектігі анықталып, одан шығу жолы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру

екендігін   бағамдадық.   Бұл   өз   кезегінде   әдістемелік   жұмыс   жүйесін   ғылыми,   әдістемелік   жаңалықтармен   толықтырып,

тиімді инновациялық тәжірибені мектепке ендіру қажеттілігін көрсетті.

    Бүгінгі күні оқыту жүйесін ғана емес, мұғалімнің ойлау образын да өзгерте отыра, педагогикалық тәжірибені жетілдіру

өзекті болып отыр.           Жаңашылдықты енгізу адамның кез келген кәсіби қызметіне тән дүние, сол себепті де зерттеу

нысанасына   айналады.   Инновациялар   өздігінен   оқытудың   жаңа   стратегиялары   мен   тәсілдерін   қажет   етеді.   Олар

туындамайды, олар ғылыми ізденулердің , жекелеген мұғалімдер мен тұтастай ұжымдардың озық педагогикалық тәжірибесі

нәтижесінде пайда болады. Бұл үдеріс стихиялық бола алмайды, басқаруды, әдістемелік сүйемелдеуді қажет етеді. Оқыту

технологиясы сан алуан болғанымен, жетекші педагогикалық функцияларды жүзеге асыру мұғалімнің мойнында. Алайда,

кәсіби   шеберлікті   жетілдірудің   міндетті   шарты   атқарып   жатқан   істі   ұғу,     талдау,   ой   жүгірте   білу   екенін   естен

шығармауымыз қажет. 

    Біздің мектепте де білім беруді жаңарту жүйесіне бағытталған нақты қадамдар іске асуда. Соның бір жарқын мысалы –

Lesson Study тәсілі.

      Lesson Study – мұғалім тәжірибесін жақсарту мен жетілдіруді мақсат тұтқан , сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше

үлгісі болып табылатын ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – мектептегі оқытуды жетілдірудің жапондық

тәсілі. 


    1970 жылдардан бастап «Lesson Study» барлық Жапон мектептерінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырудың негізгі

тұғыры болып есептеле бастады. «Lesson Study» әдісі пәндік білімнің тереңдеуіне , оқушылардың білім көрсеткіштерінің

жақсаруына  зор ықпал ететіндігін байқаған американдық  педагогтар бұл әдістемені өз елдеріндегі білім беру жүйесіне

кеңінен   енгізді.   Қазіргі   уақытта   аталмыш   әдістеме   батыста   да   білім   беру   үдерісі   сапасын   арттыру   үшін   табысты

қолданылуда.

     Оқыту мен оқудың сапасын жақсарту және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында  Lesson Study тәжірибесі

бойынша   жұмыс жоспары жасалды.     Lesson Study-ге белгіленген шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын,

«оқушы  үнін»тыңдап,    оқыту мен оқуды  талдай отырып,    өз қорытындыларын  қағаз бетіне  түсіретін мұғалімдер тобы

қатысты. 

     Оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында жүргізілетіндіктен «Lesson Study»

тобымен іс-әрекетті зерттеу барысында топ мүшелері міндеттерді бөлдік.  Lesson Study ережесі құрастырылды. Өткізілетін

сабақ   бірлесе   жоспарланды.   Топтың   бір   мүшесі   зерттеу   сабағын   өткізді,   ал   қалған   мүшелері   қадағалау   жұмыстарын

жүргізді. Сабақ аяқталған соң бүкіл топ мүшелері бірлесіп, зерттеу сабағының талдауын жүргізіп, талданды, яғни зерттеу

сабақтары   арнайы   цикл   бойынша   өткізіліп,   жоспарланып   отырды.   Талдау  сабақты   одан  әрі   жетілдіру,   жақсарту,   білім

сапасын   арттыру   мақсатында   атқарылатын   іс-әрекеттерден   тұрды.     Бақылаушы   топ   мүшелері   А,В,С   деңгейіндегі

оқушыларды бақылау парағын жүргізіп, әр сабақтан кейін сұхбат алып отырды. Lesson Study мүшелері сабақты бірлесіп

жоспарлап, оны өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны, АВС деңгей оқушыларын бақылауға ала отырып, жаңа оқыту

тәсілдерін   оқыту   үдерісіне   енгізе   отырып,   жақсы   нәтижелерге   жетуге   талаптанды.     Lesson   Study   үдерісіне   қатысушы

мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісіндегі іс-әрекетін зерделеді, таңдаған сыныптардағы тізбектелген сабақтар топтамасына

қатысып, АВС оқушыларын бақылау барысында нәтижелі жұмыс атқарды. 

4


       Әдетте, мұғалімдер сабақты бақылаған кезде , оқушыларды емес, мұғалімге көбірек назар аударады. Бұл тиімді емес.

Мұғалімдер өздерінің бақылау дағдыларын дамытуда оқушыларға көбірек назар аударуы тиіс. Сол себепті, Lesson Study

тиімді тәжірибе болып табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетейік, пікір алмасу барысында сабақ соңынан өткізілетін

талқылау нысаны мұғалім емес, оқушы мен сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер болды. Жалпы, сабақтағы сәтсіздік мұғалім

қателігі ретінде емес, алдағы сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдер іздестірілетін проблема ретінде қарастырылуы тиіс екендігіне

көз жеткіздік.  Lesson Study барысында мұғалімдер Дж.Гиббс жасаған рефлексия айналымы, Смид бағдарламасы , Бортен

моделі бойынша ойтолғаныс жасауға бейімделді.

    Тіптен тәжірибелі мұғалім өткізген сабаққа талдау жасаудың өзі оны жетілдірудің  ықтимал жолдарын көрсетуі мүмкін.

Оқыту үдерісінде мұғалімнің қызығушылығы артып, жаңа жұмысқа ынтасы оянады. Қызметтің мұндай түрін ұйымдастыру

мұғалімдердің ғана емес, мектеп әкімшілігінің де белсенді қатысуын қажет етеді. Өзге мұғалімдермен тізе қосу арқылы

педагог   әртүрлі   көзден   алынған   оқыту   материалын   бейімдейді.   Lesson   Study   мүшелерінің   сабақты   бірлесе   жоспарлап,

жеткен   жетістік   пен   олқы   тұстарына   барлығы   бірдей   жауап   беретіндігі   топ   мүшелерін   ынтымақтаса   жұмыс   жасауға

жетеледі.

      Бүгінгі   күні   Lesson   Study   –   оқытудың   қуатты   да   кәсіби   тәсілі,   сондықтан   Lesson   Study   әдісімен   сабақты   зерттеу

тәжірибесін ұйымдастыру бірқатар артықшылыққа ие, атап айтар болсақ:

Мақсатты бағытталуы.

Мектепте   жүргізілетін   академиялық   зерттеулер   көбінесе   қазіргі   білім   беру  үдерісіндегі   шынайылықтан   алшақтаған,   ал

сабақты зерттеу сол оқушылар мен мұғалімдер ұжымындағы сол сәттегі нақты жағдайдағы қалыпқа қанықтырады. 

Кәсіби даму тәсілдерінің бірі.

Кейіннен   талдай   отыра   қызметті   зерттеуді   жүргізу   педагогтың   өзі   атқарған   ісіне   сенімділігіне   ықпал   етеді.   Соның

арқасында мұғалімнің сабақты жоспарлау мен өткізу үдерісіне қарым-қатынасын елеулі өзгертеді, өйткені жүйелі жұмыс

проблемаға сын көзбен қаратады.



Әріптестермен ынтымақтастық іс-әрекет. 

Педагогикалық   процесстің   әлсіз   тұстарының   бірі-   мұғалімнің   оқшаулануы.   Ол   жаңа   технологияларды   әріптестермен

талқылауға   уақыттың   тапшылығынан   туындайды.   Ал   командада   жұмыс   істегенде   мұғалімдер   практикада   тиімділігін

көрсеткен тәжірибелер, идеялар және стратегиялармен бөлісуге, педагогикалық білікті жетілдіру мақсатында жаңа әдістерді

бейімдеуге мүмкіндік алады. 

Мұғалімдердің өз жұмысын зерделеуі. 

Сабақты зерттеуді  жүргізу кезінде  назардың мұғалімге  емес,  оқушылардың  іс-әрекетіне  аударылатынын  сезінгендіктен,

педагог сабаққа қатысып отырған әріптестері тарапынан қысымды сезінбейді. Сол себепті де үдеріске сыни көзбен қарау

әлдеқайда жеңіл.



Рефлексивтілігін дамыту. 

Мұғалімнің рефлексивті болуы -   оқыту мен оқу тәжірибесін жақсарту тәсілдерінің бірі екендігіне көз жетті. Рефлексия

бізден өз тәжірибеміз туралы ойлануды, артқа бір қадам жасап, жетекші сұрақтарды қоя отырып, өз ойымызды қарастыруды

талап етеді. Сонымен бірге тәжірибеде орын алған сәтті, сәтсіз тұстарды саралап, сындарлы қорытынды шығарып , алдағы

уақытқа жоспар жасауға оң әсер етеді. 

Іс- тәжірибе  алмасу,  тарату,  жариялау

Бірлесе , ынтымақтаса жұмыс істеу барысында тәжірибе алмасады. Мұғалімдердің пайдаға асырылмаған әлеуетіне қозғау

салады. Lesson Study әдісінің қорытындысымен жұртшылықты хабардар ету мақсатында баспа өнімі шығарылады. 

  Қызметтің   осындай   түрін   ұйымдастыруда   зерттеу   сырттан   шақырылған   құзіретті   тұлғалардың   емес,   процеске   тікелей

қатысушылардың қатысуымен жүргізіледі. Дәл осы жағдай аталмыш тәсілдің тамаша ерекшелігі болып табылады.

Түйіндей   айтқанда,     мектептегі   әдістемелік   жұмыстарды   жүйелі   жүргізу   ,   жаңаша   жоспарлау,   мұғалімдерді

шығармашылыққа   рухтандыра   біліп,   серпіліс   тудыру   –     сабақтың   толыққанды   өтіп,   мұғалімдердің   шығармашылық

деңгейлерінің артуына көп септігін тигізетіндігі даусыз.

     Мұғалім – нәзік аспап, ол – адамзат қызметінің барлық бояуының реңкін бойына жинақтаған. Ол – әрі философ , әрі

дирижер, әрі ұйымдастырушы , әрі психолог, әрі артист, әрі тәрбиеші, әрі кеңесші, әрі үйлестіруші. Сондықтан мұғалім

қызметіне сыйластықпен қарап, сүйемелдеп, осы аспаптың әдемі дыбысталуына, жарқырап ашылуына қолдау көрсетуіміз

керек. 


               

  Пайдаланған әдебиеттер:

1.Оқу- әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 

18.01.2016№40 бұйрығы

2.Пит Дадли, Lesson Study: нұсқаулық.

3.Білім беру ұйымының әдіскері.- 2015.-№3,5.

4. Интернет ресурстары. «Жаңаша білім беру жүйесі»

--------------------------------------------------------------------------------------------

5


Казымбетова Айман Камбешевна

учитель русского языка и литературы

школы- лицея № 36  г. Экибастуза

Тема"Род имен существительных". Неусвоенные правила.



Цели урока: 

1. Образовательные: определять род имен существительных.

 2. Развивающие:  развивать умение писать  родовые окончания существительных, 

орфографическую зоркость, речь, мышление, тренировать память, вырабатывать внимательность и

наблюдательность, активизировать мыслительную и познавательную деятельность каждого 

ученика. 

3.Воспитательные:  воспитывать нравственные качества личности, умение работать  в группах, учить оценивать себя и 

товарищей по классу, отстаивать свое мнениевызвать интерес к предмету, активизировать познавательную деятельность 

каждого ученика. 

Методы: частично-поисковый, 

Форма: все  активные формы по  методике О.В. Лысенковой

Приемы: работа в группе, в паре, индивидуально

Оборудование: ИКТ, флипчарт6  опорные схемы, иллюстрации, карточки

 Задачи урока: показать, как на уроке осуществляется совместная работа учителя и учащихся по формированию 

теоретических понятий, практических умений и навыков.

Учебник:У.А.Жанпеисова. Ш.Т. Кожакеева. Русская речь. Учебник для 5 класса общеобразовательной школы с казахским 

языком обучения. Алматы. «Атамұра» 2010           

                                                                            Ход урока

1. Организация начала урока.

 Посмотрели в потолок, посмотрели друг на друга, взялись за руки, мысленно друг другу пожелали удачи.

Организация ситуации успеха. Проверяем внимание детей. Задание: вычеркни один из элементов, за одну минуту 

постарайся проверить как можно больше строк, результаты запиши в таблицу



2.Проверка домашней работы. Упр.212, 211

Что знаете об имени существительном? 

шаР + зОнт + Душ = РОД

  Род имён существительных.

Род - это семья, родня. Мы сегодня узнаем, какая родня у имени существительного.

Давным-давно Имя Существительное путал своих родственников, т.к. они были очень похожи. Однажды он издаёт указ: 

“Кто узнает “секрет” как их различить, тот будет награжден”. Услышали про это муж и жена из другого города. Муж набрал

много слов и сказал: “Пусть они будут мои”. Жена схватила слова себе и сказала: “Мои”. А все остальные остались на 

середине - лишние. Пришли они к существительному и говорят: 

Вот ключ к моим словам, и говорит: “ОН, МОЙ”. 

А вот ключ к моим словам, и говорит: “ОНА, МОЯ”. 

Как назвать род слов мужа? (МУЖСКОЙ) 

А род слов жены? (ЖЕНСКИЙ) 

Как назвать род слов по середине? (СРЕДНИЙ) 

Какой ключ к ним? (ОНО, МОЁ) 

Существительное наградил мужа и жену за работу, сказал: “Спасибо”. 

С тех пор существительное не путает род и говорит: 

(слайд 7)

6


Женский род запомню я 

И скажу: “Она — моя”. 

И запомню род мужской 

И опять скажу: “Он — мой”.

Средний род:”Оно - моё”.

Это правило - моё!

Теперь это правило и ваше, Существительное вам его дарит. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет