Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша


Үйдегі еңбек дағдысын меңгеру;  



Pdf көрінісі
бет97/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
Үйдегі еңбек дағдысын меңгеру; 

 
Қарым-қатынас сферасын кеңейту, жаңа беделді адамдардың әсерінің артуы; 

 
Дамытушы ойындар оқудан кейінгі екінші орында; 

 
Мұғалімнің бағалуы мен оқудағы жеткен жетістіктері негізінде өзін-өзі бағалаудың 
қалыптасуы, не өзін-өзі бағалаудың төмендеуі;

 
Өзіне деген сенімнің қалыптасуы, мұғалім мен ата-ананың сыны-нан өз күшіне деген 
сенімсіздіктің, фрустрацияның қалыптасуы, оқуға қызығушылықтың төмендеуі, 
«мектептегі невроз». 
 
Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде
Американдық психолог А.Гезель жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңдегі балалардың 
биологиялық 
толысуы 
мен 
олардың 
қызығушылықтары 
және 
мінез-құлық 
ерекшеліктеріне тоқталды. Ғалым пікірінше, 
балалықтан ересектікке өту
11 жастан 21 
жасқа дейін созылмақ, ондағы әсіресе 
алғашқы 5 жыл
аса маңызды (11 жастан 16 жасқа 
жейінгі аралық).
10 жастағы – бала
– салмақтылық, сенгіштік, ата-анасымен қарым-қатынасының 
үйлесімділігі, сыртқы келбетімен аз айналысуы, өмірді жеңіл қабылдауы. 
11 жастағы – бала
– импульсивті көңіл-күйдің өзгермелілігі, әке-шешесіне қарсы бүлік 
шығаруы, құрбыларымен кикілжіңге баруы. 
12 жастағы – бала
– ашушаңдық, көбіне қалыпты әлемге қатынасының позитивтілігі, отбасынан 
алшақтап өсуі, құрбылары әсерінің артуы, сыртқы келбетінің көп толғандыруы, қарсы 
жынысқа қызығушылығының артуы.
 
13 жастағы – жеткіншек
– ішкі әлемнің толғандыруы (интраверттілік), өзіндік сынның пайда 
болуы, сынға сезімталдығы, ата-анаға сыни тұрғыда қарауы, достығының таңдаулылығы.
 
14 жастағы – жеткіншек
. Экстраверсия, күштілік, көпшілдік, өзіне сенімділік, өзге 
адамдарға деген қызығушылықтың байқалуы, өзін талқыға салуы және ірі тұлғалармен 
салыстыруы. 
 
15 жастағы – жеткіншек.
Дербес ерекшеліктердің «пайда болуы»; тәуелсіздік сезімі, 
сыртқы бақылаудан арылу, саналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің басталуы. Сезімталдық, 
жағымсыз әсерлерге төзімділік.
16 жастағы – жеткіншек
, бір қалыптылық, сабырсыздық, сотқарлық, ішкі өзбеттіліктің 
артуы, эмоционалды тұрақтылық, көпшілдік. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет