122
1.
Мәтінде ненің суреті сипатталған?
A)
Құрақты көлшүмектің
B)
Қиырсыз даланың
C)
Көкшетау қаласының
D)
Ағынды өзеннің
E)
Көкше тауларының
2.
Мәтіндегі ауа райы
A)
Ызғарлы күн
B)
Ыстық күн
C)
Салқын күн
D)
Самал желді күн
E)
Ала бұлтты күн
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен,
себет ала шыққанмын. Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір
алаңқай көрінді. Соған таяндым. Мұндай жерден ылғи да бір құбылыстар ұшыратуға болады.
Бүгін солардың бірінің үстінен түстім. Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр.
Бұл не?
Әлде жараланып, илеуге жығылған соң, құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын,
олай емес.
Қарға біресе бір жамбасына, біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күнге
аунаған тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды. Құмырсқа жабыла таласа да, соған
шыдап баққан тәрізді.
Қара
қарға онымен коймай, құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып, қанатының астына
тығады. Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып
қонды. Содан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да, қауырсындарын тарақтап болып
ұшып кетті.
Қара қарға сияқты басқа кұстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін
құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады. Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл
қансорғыш насекомдарды жойып жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: