65
қасиетті заттарды болжап білу сияқты дарын пайда болады. Қиялдағыш күштің барып
жететін ең биік дәрежесі, кемелдіктің асқар шыңы – нақ осы»,- дейді [25. 198]. Бұл
жерде оның философиясы сенімнің екінші негізгі бөлімі – періштелерге сеніммен
ұштасады. Құран бойынша періштелер – Алла ықтиярын орындаушылар. Олар
жарықтан
жаралған, тамақ пен су ішпейді, жынысы жоқ. Адамдарды қорғайды,
пайғамбарларға Алла сөзін тасымалдайды, жер бетіндегі адамзат әрекетін бақылайды,
жаннат пен тозақтың күзетшілері. «...Оның жанындағылар /періштелер/ Ұлы
жаратушыларына ғибадат жасаудан паңданбайды және шаршамайды. Олар жалығып,
шаршамастан күндіз-түні Аллахты тәсбих етеді». Олардың саны Аллаға ғана аян.
Періштені зерттейтін ғылым саласы жоқ. Өйткені періште туралы тек ислам діні ғана
емес басқа да діндер сөз қозғайды. Олай болса оның универсалдық қасиеті бар. Адам
болмысымен бірге туған. Ол ұлттық танымда жан сақтайды, әрі жанды алады. Олардың
жазушылығы тағы бар. Өйткені діни аңыздарға жүгінетін болсақ, адамның екі
періштесі болады, олар жақсылық істер мен жаманшылық істерді жазып тұрады екен.
Періштенің нәпсісі болмайды. Бұлардың ішінде Иблис
ибн Шайтан ғана тозақтың
отынан жаралған, адамдарды дұрыс жолдан тайдырады. Сол себептен де намаз Аузу би
Ллахи мин аш-Шайтани рражим
деп басталады.
Әл-Фараби Қайырымда қалада
періштелер жөніндегі ислам ілімінің барлық
жағын қарастыруға тырысады. Абу Наср трактаттарында Періштенің аян болуы мен
елестеуі туралы
бөлім бар. Бұл жерде философ әрекет етуші интеллект бейнесін
өңдеуге қабілетті қиялдағы күштер әрекетін қарастырады. Бұл жөнінде әл-Фараби:
«Періште деп біліп нануға ләзім тірі жандар туралы;
бұлардың әрқайсысының парқы
неде; мұның өзі қандай және бұлардың пайда болу себебі; бұлардың бірінше себепке
қатынасы; бұлардың әрқайсысынан ненің пайда болатыны, бұлардың әрқайсысының
одан шығатын нәрсеге қалайша себеп болатындығы; билейтіні және аспани денелердің
біріне себеп болатындығы, оның осы тәнді билеуге арналғандығы дейді».
«Сенімді сақтап қалатын тәсілдер мен көзқарастарға келетін болсақ, оны
догматикалық теологияның білгірлері (әр түрлі) сенім көзқарастары мен олардың
қағидаларын (әдеттегі)
адами көзқарастармен, ой-пікірлермен, интеллектімен тексеру
мүмкін емес, өйткені ол көзқарастар құдайылық аяннан алынғандықтан, неғұрлым
жоғары сатыда тұрады, олардың алдында адам парасаты әлсіз, өйткені олар құдайылық
құпияны қамтиды деген ой-тұжырымдар арқылы қорғап алуға талпынады. Дәл осылай
адам дінді тек аян арқылы түсіне алады, ал аянды ол өз интеллектісі арқылы тани
алмайды, өйткені ол үшін адам өте әлсіз. Керісінше жағдайда, егер адам білгенін өзіне
түсіндірсе немесе ойланып-толғанып өз интеллектісімен таныса,
онда аянның
мағынасы да, пайдасы да болмас еді. Мұндай жағдайда адамдар өз интеллектілеріне
сүйеніп, пайғамбарлықпен аян алуды керек етпес еді...»
Исламның негізгі үшінші бөлімі Қасиетті кітаптарға сенімді, әл-Фараби арнайы
бөліп алып қарастырмайды, дегенмен осы бағыт төңірегінде жалпылама тұтас түсінік
бар.
Пайғамбарларға сенім немесе исламның төртінші бөлімі әл-Фарабидің әділетті
әкім туралы тұжырымдамасында жарқын көрініске ие. Сенімнің төртінші тармағы
бойынша мұсылман барлық пайғамбарлардың ақиқаттығына сену керек. Құранда –
Адам, Ыдырыс, Нух, Худ, Салих, Ибраһим, Лут, Ысмаил, Жақып, Жүсіп, Аййюб,
Шуэйб, Мұса, Харун, Зуль-Кифль, Дәуід, Сүлеймен, Ілияс, Зәкәрия, Яхья, Иса,
Мұхаммед
сияқты есімдер айтылады. Құранда дінге сенушілердің атасы – Авраам және
ол мұсылман деп көрсетіледі. Өйткені ол бір құдайға сенуді үндеген алғашқы адам.
Авраам пұтқа табынуды жоққа шығарған,
сол себепті оны ханиф
деген атаумен
байланыстырамыз. Исус Христос есімін де Құранның талай бетінен кездестіреміз.
Алайда Мұхаммедтің өзі христиандық пен исламның айырмашылығын баса айтады.
66
Хадисте Мұхаммед пайғамбардың: «Мені Исус Христос /Мәриамның ұлы/ сияқты
мадақтамаңдар, өйткені мен – құдайдың құлымын; мені Құдайдың құлы немесе
Алланың елшісі деп атаңдар», деген сөздері сақталған. Құран сүрелерінде көрсетілген
пайғамбарлар жөніндегі ілім монотеистік діндердің сабақтастығын ғана айтып
қоймайды, адамзаттың шығу тегінің бір екендігі идеясына алып келеді. Абу
Наср ханиф, елші
Достарыңызбен бөлісу: