ӘӨЖ 001:94 (574)(045)
ӘБУ НАСЫР ӘЛ ФАРАБИ – ДАНАЛЫҚ ДІҢГЕГІ
Абланова Э.А., т.ғ.к., доцент
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Андатпа.
Мақалада орта ғасырлар кезеңінде өмір сүрген данышпан ғалым Әбу
Насыр Әл Фарабидің әр сала бойынша айналысқан ғылыми бағыттары негізделіп,
жүйеленіп, талданады.
Түйінді сөздер:
ғұлама-ойшыл, философия, музыка, математика, мемлекет.
Әл-Фараби – ортағасырлық ғылымдардың қай саласында да үздік білімнің иесі,
энциклопедист ғалым ретінде даңқы шыққан ғұлама-ойшыл. Философия мен логика,
математика мен физика, музыка мен поэзия, грамматика мен азаматтық саясат....
Көне гректің бай мұрасын жан-жақты игерген ол аристотелизм мен ислам
идеяларына өте терең талдаулар жасады. Әл-Фараби шығармаларының тізімін Байхаки,
ибн Усайбиа, Омар Фаррух, М.Хортен, Ф.Дитериц, М.Штейншнейдер еңбектерінен
кездестіреміз. Фараби мұрасын зерттеуші көрнекті өзбек философ-ғалымы
М.М.Хайруллаевтың айтуынша, Фараби шығармаларының толық тізімін, яғни 160-тай
еңбектің атауын түрік ғалымы А.Атештің еңбектерінен табасыз[1.15].
Әл-Фараби трактаттарының қолжазбаларын Каир, Дамаск, Бейрут, Ыстамбұл,
Лейден, Париж, Мадрид, Лондон, Тегеран, Нью-Йорк қалаларының кітапханаларында
сақталған.
Ғұлама ғалым және философ Аристотельдің логикаға қатысты барлық дерлік
еңбектеріне, атап айтсақ, «Метафизика», «Никомахтық этика», «Риторика», «Поэтика»,
Птоломейдің «Әлмагесіне», Александр Афродизискийдің «Жан туралы» еңбегіне,
Евклид «Бастауларының» бірқатар тарауларына, Порфирийдің «Исагогына»,
түсініктемелер жасады. Бұлардың арасында «Философияны меңгеруге дайындық»,
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат»,
«Бақытқа жету туралы» еңбектері бар[1.15].
Әл-Фараби антиканың мол мұрасын, әсіресе көне гректің Платон мен
Аристотель секілді классик ойшылдарының философиялық көзқарастарын араб-
мұсылман мәдениетіне енгізумен қатар, ислам мен антиканың идеяларына синтез
жасауды да іске асырды. Ол өз заманының рухани шамшырағы болды. Өз дәуірінің
барлық сауалдарына жауап табуға тырысты. Бұл ізденістер арғы-бергі бүкіл адамзаттық
рухани ізденістермен сабақтасып жатқандықтан еш уақытта өз мәнін жоймақ емес.
Әлемдік философия мен ғылым философиясының дамуында, Батыс пен Шығыстың
диалогында өзіне тиесілі рөлін атқара береді[1.15].
Әл-Фараби сананың тек теориялық-танымдық қана емес, саяси-әлеуметтік
мәселелерді шешуде де алатын орнын жоғары бағалады, адамзат баласы сананы
жетілдіру арқылы соғыс секілді қайшылықты жағдайды да шеше алады деп есептеді.
Қайырымды мемлекетке мінездеме бере отырып, ол оның ішкі мәнін де ашуға
тырысты. Адамзат баласына тату-тәтті көршілік пен өзара құрмет, әлеуметтік әділдік
пен адалдықтың нәтижесінде қандай рухани биіктіктерге шығуға болатындығын сөз
етті[1.16].
Фарабиді толғандырған бұл тақырыптар қазіргі кезде де еш маңызын жойған
жоқ. Бұл тұрғыдағы бүгінгі ізденістер Фараби ғылым философиясының құрамдас бір
бөлігі болып табылатын рухани дәстүрге сүйенуі керек.Барлық азаматтары бір ғана
ортақ мақсатқа, яғни мемлекет пен жеке адамның игілігіне қызмет етуге
5
жұмылдырылған ізгі, қайырымды мемлекет туралы ғалымның толғаныстары
ортағасырлық ислам әлеміне ғана емес, өзінен кейінгі әлеуметтік-философиялық және
әлеуметтік-утопиялық ойдың дамуына да үлкен ықпал етті.
Әл-Фарабидің музыка теориясы, музыка өнері, риторика мен поэзия, эстетика
проблемалары жайлы көркемдік-эстетикалық көзқарастары да аса құнды. Бұларды
бүгінгі ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеуге, ғылымды дамытуға, мәдени және
мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүргізуге жан-жақты пайдаланған дұрыс.
Әл-Фарабидің жаратылыстануға қатысты мұрасы табиғатты тәңірінің туындысы
деп есептейтін ортағасырлық жаратылыстануға тән көзқарастармен тамырлас болып
келеді[1.16].
Ғалым Фараби рухани күш табиғатын анықтауға көп мән берген. Ол өзінің
«Даналық негіздері» атты еңбегінде адам табиғатының қасиеттеріне қарай оның
сыртқы және ішкі дүниесінің бар екенін айтады. Қоршаған ортаның құбылыстарын
тани алатын физиологиялық дене құрылысы мен бітім болмысын құрайтын сыртқы тән
сезімдері ішкі дүниеге де әсерін тигізеді. Ал ішкі құпия дүние дегеніміз - адамның
рухани күштері. Өз кезегінде, даму процесінің үш түрі бар. Ол адамның, жануардың
және өсімдіктің дамуы[2.20].
Дамуды осылай жіктеген Әл-Фараби дамудың мазмұнын түсіндіруде:
«Өсімдіктерше өз ұрпағын, өзіне тән құрылыс сипатын сақтап қалуды ғана мақсат тұту
немесе жануарларға өзінен басым күштермен күресу сияқты мінез-құлықтармен
қорғанатын даму мен таным барысындағы ортақ ұқсастықтар адамзат баласының өрісін
кеңейте алмайды. Адамның тіршілік етіп дамуы, оның пайдалы, ізгі, игі мақсаттарға
бағытталған жолды таңдауына, шындыққа ұмтылуына байланысты. Мұндай үлкен
мақсаттарға жетелейтін адамның санасы ғана» [2.20].
Оның еңбектерінде адам баласының ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесі
арасалмағына ерекше мән беріледі. Ғалымның айтуынша, рухы әлсіз адамдардың ішкі
әлемін құрайтын сезім күйлерінің терең өріс алуы оның сыртқы дүниесінің
белсенділігін өшіреді, яғни дүние құбылыстарын дұрыс табиғи тепе-теңдікте қабылдай
алмайтындай жағдайға жеткізеді[2.20].
Ал білім жайлы кемеңгер бабамыз оның нұрымен кемелденген рухқа ешқандай
күш кедергі, тосқауыл бола алмайтынын баяндайды. Адам рухының тұрақтылығы, ең
алдымен, оған нәр беретін, дәлелді тәжірибе мен терең ой толғаныстарының сүзгісінен
өткен, сөйтіп орнықты пікірге ие болған санаға байланысты дей келіп, рухты сананың
сәулесі түсіп тұрған айнаға теңейді[2.20].
Әл-Фараби өзінің ғылыми тұжырымдарында адам рухының кемелденуі санамен
тікелей байланысты деген ой келтіріп, тек сана ғана ақиқатқа жеткізетіндігін
айтады[2.21].
Өзінің өмір сүрген кезеңіндегі ғылымды Әл-Фараби басты-басты бес салаға
бөлді, олар: тілтану, логика (ой жүйесі), математика, физика, азаматтық туралы
ілім[3.60].
Оның әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, математика, философияға
арналған трактаттары осы күнге дейін өзінің ғылыми маңыздылығымен құнды. Ол
математиканы қолдану негізінде табиғат құбылыстарының сырын жазып шығуға
болады деп тұжырымдаған[3.60].
Фарабидің пікірінше математика адамның білімін тереңдете түседі, әрі басқа
ғылым салаларының дамуына тікелей әсерін тигізеді.Оның математикалық трактаттары
осы замандағы математика ілімінің негізі болып табылады. Фарабидің анықтауы
бойынша логика- ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Осы ғылымның
арқасында адам өзінің ойын анық та айқын, жүйелі түрге келтіреді, ойлау, ой қорыту,
талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады[3.61].
6
Ұлы ойшылдың логика мен грамматикадағы ортақ моменттері мен
айырмашылықтары жөніндегі пікірлері аса құнды. Әл-Фараби логиканы ойлаудың
грамматикасы ретінде қарастыра келіп, логика ұғымдары мен категориялары бүкіл
адам баласына ортақ екенін айтты. Ол логика ұғымдары мен категорияларын тіл
арқылы өрнектеу мүмкіндіктеріне қатысты талдайды, білімнің түрлеріне сипаттама
береді[3.61].
Әл-Фараби философия, әлеуметтану, математика, физика, астрономия, ботаника,
этика, эстетика, лингвистика, логика, денсаулық сақтау, музыка зерттеу салаларында
терең білім алған. Ол ғылымның осы салаларында 160-қа тарта трактаттар жазған[4.64].
Ғылымдар жүйесінде Әл-Фараби жаратылыстану-математика ғылымдарына зор
көңіл бөледі. «Ғылымдардың шығуы» деген еңбегінде ғылымды нақты және
абстрактылы, сондай-ақ теориялық және практикалық деп бірнеше түрлерге бөліп
қарастырса, «Ғылымды классификациялау және анықтау» деген еңбегінде ғылымда тіл,
логика және математика саласын жалпы үш түрге топтап, олардың әрқайсысын жеке-
жеке бөліп көрсетеді[5.67б].
Әл-Фарабидің
музыка
ілімі
туралы
негізгі
ойлары
«Ғылымдар
классификациясы» - деген еңбегінде айқын көрінеді. Онда Фараби музыка теориясын
мынадай бес салаға бөледі: 1.музыка туралы ілімнің негіздері, зерттеу объектісі,
тәсілдері. 2. Музыка туралы ілімнің негіздері, тондардың өзара байланысы мен
қатынасы. 3. Музыка теориясының негіздерін зерттеу тәсілдерінде қолдана білу. 4.
Тондардың негізін құрайтын музыкалық ырғақтар табиғаты.5.Музыкалық әуен, оны
шығару жолы(композиция)[6.172б].
Фарабидің музыкалық еңбектерінің ішіндегі ең көрнектісі – «Музыканың ұлы
кітабы». Бұл ғалымның өзінен соңғы ізбасарларына үлгі өнеге болған теориялық
трактат.
Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды болатын
себебі, ол өз заманындағы музыкалық аспаптарды зерттегенінде болып табылады.Олар
үрлеп тартылатын: най, сыбызғы, қырчак, ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз,
тангур, канун, ұрып ойналатын: нагора, тыйбл, дойра және басқалар. Аспаптардың
кейбірі бұл күнде жоқ немесе уақыт өте келе едәуір өзгерген[7.174б].
Әл-Фарабидің заманында санасы ашық әрбір мұсылман ислам ғылымымен
шұғылдануды парыз еткен. Оның араб тілді ғалымдар санатына қосылуы осы кезден
басталады.
Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар
талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әл –Фараби
бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған Иджтихад және Муджтаһид жолына түскен.
Әл-Фарабидің көшпелілер мен отырықшылар өркениетін және Шығыс пен
Грек-Рим мәдениетін өзара байланыстыруы әлі күнге дейін елімізді дүние жүзіне
танытуда маңызды орын алады. Оның философиялық еңбектерінің тәрбиелік мәні
«Тарихи философиялық трактаттарында» көрсетілгеніндей, мәңгілік пен тәуелділік
бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл мен
адамның жан дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеуінде. Ғұлама ойшыл өз
кезеңінің діни түсініктерін философиялық тұрғыдан дамытады, халықты ұлттық
тәрбиеге баулиды[8.196б].
Орта ғасырдағы ғылым мен мәдениеттің үздік өкілі болған Әл-Фарабидің
шығармалары латын, парсы, ағылшын, француз, неміс тілдеріне аударылып, жеке кітап
болып шықты[4.64б].
Әл-Фарабидің мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі XX ғасырдың 60
жылдарында басталды. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әл-Фарабидің 1100 жылдығын
атап өту қолға алынды. Алматы қаласында 1975 жылы Әл-Фарабидің өмірі мен
7
шығармашылық қызметін зерттеуге байланысты көнференция өткізілді.Қазақстан
ұлттық ғылым академиясы бұл мәселемен дәйекті шұғылданды, әл-Фараби еңбектер
жинағы 7 том болып шықты. Бұл ретте Москва, Бейрут, Хайдарабат, Анкара, Берлин,
Лондон тағы да басқа қалаларда жарық көрген Фараби шығармаларының түп-
нұсқалары пайдаланылды. ҚР ҒА-ның философия институтында Фарабитану бөлімі
жұмыс істейді.Бұл бөлімде үлы ғұламаның еңбектері қазақ және орыс тілдеріне
аударылып, жиырмадан астам трактаттары жарық көрді[4.65б].
Ал Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетіне Әл-Фараби есімі беріліп, онда
дүние жүзінде тұңғыш рет ғұлама ғалымға арналған мұражай ұйымдастырылды.
ҚазМУ-де 1994 жылы әл-Фараби шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми-
теориялық конференция өтті. Университет саябағында әл-Фарабиге ескерткіш
орнатылды. Университеттегі Фарабитану орталығы Әл-Фараби мұрасын аудару,
зерттеу, насихаттау жаңа, тың бағыт бойынша жүргізілуде[4.65-66б].
Әл - Фараби тұлғасын ашуда мынадай үш негіздің сомдалған жиынтығын
көреміз: біріншіден, Әл-Фараби ұлы ғалым, екіншіден, өнер әлемін, оның ішінде
музыка дүниесін терең зерттеген адам, үшіншіден ол - сөзсіз дін әлемінің басты
тұғырнамаларын философиялық тұрғыдан негіздеген, осы бағытта көптеп еңбек еткен
тұлға [2.19]
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Нысанбаев Ә. Ғылым тарихы және философиясы. Оқу құралы. Алматы:
Эверо, 2013.Б.164.
2.
Рүстемов Н. Бірегей тұлға // Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз. Әл-Фарабидің 1130
жылдығына арналған 2001 жылдың қазан айының 12 жұлдызында Отырарда өткізілген
Халықаралық
ғылыми-теориялық
конференцияның
материалдары,-Алматы:
Қазақпарат, 2001.Б.216.
3.
Байғабылов Х.С. Ұлы ойшыл ғұлама // Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз. Әл-
Фарабидің 1130 жылдығына арналған 2001 жылдың қазан айының 12 жұлдызында
Отырарда
өткізілген
Халықаралық
ғылыми-теориялық
конференцияның
материалдары,-Алматы: Қазақпарат, 2001.Б.216.
4.
Қозғамбаева Г.Б. Фараб және фарабтық ғұлама туралы зерттеулерден //
Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз. Әл-Фарабидің 1130 жылдығына арналған 2001 жылдың қазан
айының 12 жұлдызында Отырарда өткізілген Халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияның материалдары,-Алматы: Қазақпарат, 2001.Б.216.
5.
Раимқұлова Д.У. Әбунасыр әл-Фараби және ортағасырлық Отырар //
Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз. Әл-Фарабидің 1130 жылдығына арналған 2001 жылдың қазан
айының 12 жұлдызында Отырарда өткізілген Халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияның материалдары,-Алматы: Қазақпарат, 2001.Б.216.
6.
Тұрдалиев А.М. Әл-Фарабидің музыкалық ілімі // Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз.
Әл-Фарабидің 1130 жылдығына арналған 2001 жылдың қазан айының 12 жұлдызында
Отырарда
өткізілген
Халықаралық
ғылыми-теориялық
конференцияның
материалдары,-Алматы: Қазақпарат, 2001.Б.216.
7.
Арипбаева Л.Ш. Орта ғасыр ғалымы Әл-Фарабидің құнды музыкалық
мұралары //Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз. Әл-Фарабидің 1130 жылдығына арналған 2001
жылдың қазан айының 12 жұлдызында Отырарда өткізілген Халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияның материалдары,-Алматы: Қазақпарат, 2001.Б.216.
8
8.
Мұсабекова Г.Е. Фараби ұлтжандылығы және ұлттық дүниетаным //
Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз. Әл-Фарабидің 1130 жылдығына арналған 2001 жылдың қазан
айының 12 жұлдызында Отырарда өткізілген Халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияның материалдары. - Алматы: Қазақпарат, 2001.Б.216.
Достарыңызбен бөлісу: |