19
жүрушінің қозғалысына қарсы әрекет етеді және қозғалу
жылдамдығын азайтады. Жүру нәтижелі болу үшін оларды жою
керек немесе мүмкіндігінше олардың жағымсыз әрекетін кеміту
керек. Осыдан пайда болған ауырлық күші жылдамдықтың
ӛзгеруіне әсер етпейді. Жағымсыз күштердің әрекетін үш түрлі
жолмен қалпына келтіруге болады: 1) аяқ қою бұрышы 90° -қа
жақындау, аяқ ДООпроекциясына мүмкіндігінше жақын болу
керек, бірақ адым ұзындығы азаяды;2) аяқ қою амортизациясы,
алайда жарыс ережесі бойынша аяқты тірекке тізе буынын
бүкпей тік қою керек, яғни амортизация болмайды; 3) итеру
фазасынан кейін аяқты тіректен алғаннан кейін сандардың тез
түйілуі сілтейтін аяқтың инерция күшін арттырады.
Спорттық жүру кезінде ОЦМ қозғалысы түзу сызықты
траекторияда емес, керісінше күрделі қисық сызықты
траекторияны орындайды.
Тік тұрғанда теңселудің кӛлемі неғұрлым аз болса,
соғұрлым спорттық жүрудің техникасы тиімді болады.
Осылайша, спорттық жүрудегі қозғалыс жылдамдығына әсер
ететін факторлар анықтадыды.
Жағымды факторларға төмендегілер жатады:
-
тіректің сапасы
-
итеру күшінің кӛлемі;
-
итеру бұрышы;
-
итеру уақыты;
-
сермейтін аяқты ауыстыру уақыты.
Жағымсыз факторларға:
-
аяқты қою бұрышы;
-
аяқты қою кезіндегі тіреу реакциясының тежегіш күші.
Достарыңызбен бөлісу: