178
Мұсылманша оқу орындары-мектептер мен медреселер діни сабақтармен қатар есеп,
жағрапия,тарих,ана тілі шетел тілдері де қоса оқытылды.
Қазан, Орынбор, Петербург, Уфа қалаларындағы баспаханалардан қазақ тілінде
біршама кітаптар шықты.
Соңғы жылдары қазақтың драмалық фольклорын арнайы зерттеуші Қ.Бижанов шағын
айтыстарды драмалық жанрға жақындататын өзіндік бірнеше белгілерін атап
көрсетеді.Ал,арнайы ғылыми айналымға,нысанаға алынып зерттеу ісі ХХ ғасырдың 50-
жылдарынан басталады.Осы уақыттан бастап диссертациялар қорғалып,монографиялық
еңбектер жарыққа шыға бастады. ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы қазақтың белгілі ғалымы,
жазушы-драматург, тарихшы, сыншы, алаш қайраткері Қ.Кемеңгерұлының қаламынан
«Алтын сақина», «Парашылар», «Ескі оқу» пъесалары туды.Негізінен, Қ.Кемеңгерұлының
қайраткерлігі, шығармашылығы,еңбектерінің жиналуы, жариялануы
турасында қазақтың
белгілі
ғалымдары
Р.Рүстембекованың,
Д.Қамзабекұлының
еңбектерінің
орны
жоғары.Қаламгердің драматургиялық шеберлігі жайында Б.Сұлттанованың кандидаттық
диссертациясында арнайы сөз болады.
Тәуелсіздіктен алған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ әдебиетінде драма
жанры да – тәуелсіздік жырларында театр сүйер қауымды жаңа шығармаларымен
қуантып,отандық драматургияның дамуына өзіндік үлес қосқан, уақыт пен замана сырын
шертіп,жанды бейнелерге көрермендер мен оқырмандардың назарын аудартқан дүниелер
екендігін айту лазым.
Баққожа Мұқай – қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған,тамаша туындыларымен
оқырмандардың жүрегіне жол тауып өткен көрнекті жазушы, драматург, Қазақстан
Мемлекеттік
сыйлығының
иегері.
Шығармашылығының
өнімді
бір
саласы-
драматургиялары.Оның оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет
елдердегі театрларда қойылған.Драматург қаламынан «Қош бол,менің ертегім», «Иірім»,
«Тоят түні», «Ерулік», «Раушан гүлі»,
драмалары, «Сергелдең болған серілер» комедиясы,
«Заманақыр», «Өмірзая» трагедиялары, «Дүние кезек», «Тойы көп үй» трагокомедиялары
дүниеге келді.
Драматург шығармаларының өзегі,негізгі тақырыптары бүгінгі күн шындығы,
замандастарымыздың бойындағы түрлі адами қасиеттер мен көріксіз қылықтар,жақсылық
пен жамандықтың мәңгі бітіспес күресі болып келеді. Автор нені жазса да,қандай мәселеге
қалам тартса да, өмірдің өз шындығын көрермен назарына ұсынып,ойлы оқырманның
талқысына салады. Оның кейіпкерлері де көрерменнің көз таныстары, арамызда жүрген
қарапайым тіршілік иелері болғанымен,әрқайсысының өз тіршілігі,өмірлік ұстаған қағидасы
мен ой-тамымы көрініп отырады. Жазушының пьесаларында қазіргі заманғы отбасылық-
тұрмыстық
өзекті мәселелер драмалық, трагедиялық, комедиялық сипаттар тұтастығымен
бейнелеген. Суреткердің «Қош бол,менің ертегім» атты драмасы жасөспірімдердің толысу
кезеңіне арналып,өмірге деген көзқарасының қалыптасуына өздері өскен ортаның ықпал
етіп, келешекке бағыт беретін көзқарас пен танымның орын алуының уәжділігін алға
тартады. Орманшы ата-әжесінің аулына келіп,жазғы демалысын өткізіп жатқан Нұрбек
есімді суретші жас бозбала омарташы Қожабектің қызы Маржанмен танысады.Жастардың
көңілдері жарасып, жастық романтикаға ұласады.Ел тарихы мен аталар аманаты жақсы
сезірген олар кешегі азамат соғысында қаза тапқан қызыләскердің қабірінің басына
ескерткіш қояды. Екеуінің де армандары асқақ,болашағы зор.
Өмірге сергек қарайды,
айналадағы болып жатқан оқиғаларға сын көзімен қарайтын жалынды жастар.
Шығармадағы негізгі тартыс – табиғатты аялап,орман күзеткен омарташы Әли
ақсақал мен орманды отап,ағашын құрылысқа заңсыз пайладанбақ болған, оған Әли
ақсақалдар қарсы болған соң,ақыры орманды өртеп тынған Асан секілді жеке басының
қамын ойлаған адамдар арасынада өрбиді.Мұндай тартысты жеке бас мүддесін ойлаған
рухани қорқаулар мен елдің жайын,туған табиғатты аялаушы көзқарастың арасындағы
тартыс деуге болады.Мұрат пен Маржан секілді жастар лбразы да
отанының болашағын
ойлайтын,ертеңгң қоғамның тірегі болатын азаматтар ретінде шынайы сомдалған.
179
Қаламгердің жастар тақырыбына жазған тағы бір шығармасы – «Раушан гүлі» деп
аталатын бір актілі драма. Пъесаның оқиғасы мектептің 9-сынып оқушыларының арасында
өтеді. Қатысушылар – тоғызыншы сыныпта оқитын оқушылар Сәуле мен Сайран, олардың
сынып жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Гүлсім апай мен Сайранның студент ағасы Дархан.
Бір сыныпта оқитын Сәуле мен Сайран өзара достық қатынаста болып,жақсы
араласып,сыйласып тұрады. Сәуле – ашық, көңілді, ерке қыз. Оны Сайран жақсы көргенмен,
көңілін ашып айта алмай жүреді.Сайран – оқу озаты, жуас оқушы, Сәулені жақсы
көреді.Алайда оның өз ағасы Дарқанмен арада сезімі бар екенін пъесаның соңында байқап,
көңілі түсіп кетеді. Дарқан – Сайранның қалада оқып жатқан студент ағасы, ауылға
каникулға келіп жатыр. Сайран Сәулеге Дарқанның атынан өлең жазып жібереді,әйтседе оны
өзі жақсы көреді. Дарқан мен Сайран – бір үйдің балалары,Олар анасымен бірге тұрады,әкесі
кезінде бұларды тастап, анасымен ажырасып кеткен.
Б.Мұқайдың драмалық шығармалары өмірдің түрлі көріністерін бейнелеп, адам
тағдырын, замана жайын тереңнен толғаған, солардың персонаждардың
қимыл-әрекеті мен
ой-танымы көрінетін сөзі арқылы көрермендер мен оқырмандарға ой салатын дүниелер
болып табылады.Қаламгердің шығармаларының тақырыптары әр алуан,көбінесе өз
кезеңінің,яғни кеңестік кезеңдегі қоғамдық өмір мен замандастарының тіршілігінің түрлі
тұрмыстық түйткілдерерін бейнелейді. Солардың ішінде біз айтып өткен балалар мен
жасөспірімдерге арналған пъесаларының да өзіндік маңызы жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: