Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет111/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   316
Әдеби KZ
 
 
өзінде, тек осы Орда-Базардың төңірегінде жиырма мың салт атты әскері бар. 
Әбілқайыр тағы да осынау қару-жарағын сайлап, қаптаған Арғын, Найман, 
Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты ауылдарына көз тастады. Бірақ сол жиырма 
шыңның тең жартысы қазақтың осы руларынан емес пе? әрине солай. Қалғаны 
ғана Согдиялық — Мауреннахрлықтар, ұйғыр, кірме монғол, шағатай, моғол, 
қалмақ, қырғыз елдерінен. Егер айқас туа қалса, қазақ рулары әскерінің менің 
шебімде болмайтыны хақ. Мынау, дайындық соны көрсетеді ғой. Қобыланды 
батырды қорғап, Қыпшақ жауынгерлерінің де Арғынды шабуы екіталай. Күш тең 
түсіп қалған екен. Жәнібек пен Керейдің де соңғы кезде тым суырыла шығып 
жүргені да осыдан... Мауреннахр мен Қорасаннан әскер алдыруға уақыт тығыз... 
Не істеу керек». 
Бұлар Ақжол бидің қазасына арнап тіккен ауылға таяп қалды. Кеңгірдің
жазғытұрым тасығанынан пайда болатын қара қамысты Қарасуды жағалай, 
қарабастырық пен ат құйрығын найзаға байлап босағаға іліп қойған бұл ауылдың 
қаралы жағдайын көрсеткен жүзге таяу ақбоз үй тұр. Сол ақ боз үйлердің төрінде, 
топ аққудың ортасына ұшып келген қара бүркіттей он алты қанат, шымқай қара 
қой жүнінен бастырған сұсты қара орда ерекше көзге түседі. Шаңырағына 
байланған Арғын руының көз таңбасы салынған сала құлаш құйрықты қара 
жалау... Қара орданың түрі тым сұсты, бүкіл Арғын руының айбары тәрізді. Әрине, 
Ақжол өліміне бүкіл елдің осыншама көңілін аударған Жәнібек пен Керей 
сұлтандар. Қолының қанжар сабына қалай барғанын Әбілқайыр білмей қалды. 
Бірақ сол сәтте-ақ қолын кейін тартып алды. «Менің өзімнен өзім қобалжып келе 
жатқанымды ешкім байқай қоймады ма екен?» — деп енді ол түріне жайбарақат 
пішін беріп жан-жағына көз тастады. Жоқ ешкім көрмеген екен, жұрттың бәрінің 
көзі қаһарлы қаралы үйде... дегенмен, не істеу керек? Бұндай айқаста қандай 
тәсіл, қандай дұрыс жол бар? Баяғы бір күпті сұрақ оның ойына қайта келді. Хан 
ойына жауап іздеп тұнжырай берген кезде кенет, «Ой бауырымдап!» ауылға 
қарай ат қойған топ жігіттің даусы селк еткізіп, ойын бөліп жіберді. 


119 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет