Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет129/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   316
Әдеби KZ
 
 
тоғызыншы жылы Самарқанттың күнбатыс жағында екі әскер кездеседі. Қырғын 
соғыс болады, таққа таласқан екі оғлан үшін көп адам қырылады, қан судай ағады. 
Ақырында әбділлах жеңіліп қашады. Оны қуып жетіп ұстап алып, Әбілқайырдың 
әмірі бойынша бауыздап өлтіреді. Самарқантқа әбусейіт әмір етіледі. Әбділлах 
әскеріндегі Жағатайдың көп батырлары мен пахлевандары (сыпайлары) есірей 
боп қолға түсіп, Әбілқайырға қосылады. Жоғары айтқан уақиғаның бәрі бір 
жылдың ішінде, яғни бір мың төрт жүз қырық тоғызыншы жылы болады. Міне, 
осы сергелдең жылдары Оспан-Қожаның Әбілқайырға тағы пайдасы тиген. Ол 
Самарқанттағы Ақсақ Темір тағының маңайында болып жатқан оқиғаның бәрін 
Әбілқайырға дер кезінде жеткізіп тұрған. Одан кейін Әбілқайыр мен әбусейіт 
Самарқантты алғаннан соң да, тағы бір мейіршапқат ақыл берген. 
Ұлықбектің Жошының тұқымынан алған Шахарбек атты бәйбішесінен өзі 
өлгенде Рабиу-Сұлтан-Бегім есімді он бес жасар қызы қалған. Адамзаттан емес, 
көктегі періштеден туғандай, гүлін жарған қызғалдақтай жадыраған сұлу және 
Шығыстың әйелге деген қыспағына қарамай әкесі Ұлықбек жеті жасынан 
медресеге беріп, парсы, түрік, араб тілін үйреттірген. Рабиу-Сұлтан-Бегім әйелден 
шыққан өз заманының ақылдысы да, бір мінезді, табандысы да болған. Оспан-
Қожа дәйекші Әбілқайырға «Егер Самарқанттан еліңе алтын әкететін болсаң, 
алтынның шынайы қызылы және ең тазасы осы Рабиу-Сұлтан-Бегімді әкет» деген. 
Қырыққа таяп қалған, жас иіс құмар хан қызды бір көргеннен ұйқы-күлкісінен 
айырылған. Есіл-дерті Рабиу-Сұлтан-Бегім болған да тұрған. Ақыры төртінші әйелі 
етіп алып, көңілі тынған. Самарқант бекзадалары қызды ырғалтып-жырғалтып, 
үстіне дүрия мен қамқадан тартылған балдахин орнатылған ақ пілді бас етіп, асыл 
қазына жасаумен қырық құл, қырық күң беріп ұзатқан. Бұл қырық күң мен қырық 
құлдың тең жартысы, жас ағашта өсіп тұрған әлі құрт түспеген өріктей, кілең 
балбыраған албырт жастар еді. Рабиу-Сұлтан-Бегіммен бірге Оспан-Қожа 
дәйекшінің өзі де ере жүрген. 


138 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет