Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет172/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   316
Әдеби KZ
 
 
сұлтанға көп қол беріпті-міс. Жұныс сұлтан көп кешікпей Яссы, Сауран, Сығанақ 
қалаларынан бері қарай Шу, Талас өзендерін қуалай отырып. Алмалыққа 
аттанбақшы-мыс. 
Жайшылықта «ел шетіне жау тигелі жатыр» дейтін хабарлардан айылын да 
жимайтын Исан-Бұғы бұ жолы шошып қалған. Өйтпеске амалы жоқ. Еліне сырттан 
келер жаудың қаупі бір бөлек те, өз ішінен шыққан жаудың қаупі басқаша. 
Сырттан келер жауға жұртыңды қарсы қоюға, ұран сап халқыңды біріктіруге 
болады. Ал өз ішіңнен шыққан жау, ол халқыңның жауы емес, тағыңның жауы. 
Мұндайда «отаным, елім!» деп ұран салу да қиын. Жұныс сұлтанның әбусейіт 
әскерімен Исан-Бұғыға қарсы шығуы, әкесінің тағы үшін күресуі Жағатай 
ұрпақтарын екіге бөлу еді. Ал жалғанда үйіңнен өрт шыққаннан асар жамандық 
жоқ. Өрт шығатыны тағы белгілі. 
Исан-Бұғының мазасын алған осы ойлар еді. Ол бүгін құмсағаттың үшінші 
аударылуына хан кеңесін шақырған. Сол хан кеңесі жиналғанша жанын қоярға
жер таппады. Нөкерлерін ертіп көне Алмалыққа барды. Алтын Емелден әкелінген 
құм алтынды уыстап біраз отырды. Бірақ көңіл тұманы бірде-бір селт етпеген. 
Тұнған желімдей жан сезіміне жабысып алып тұрған да қойған. Жайшылықта 
алтын көрсе рақаттанып қалатын көңілі бұ жолы Исан-Бұғыны шошыта берген. 
Бұдан өз басына төнген қатердің қаншалық қауіпті екенін түсінген. 
Бату ұрпақтары Алтын Орда тағынан айырылғаннан бері қазақ рулары Жағатай 
хандарына достық ілтифат көрсетіп баққан. Бұл екі жағдайдан туған. Бірі Жағатай, 
Моғол хандарына қазақтың Үйсін, Жалайыр, Найман, Керей, Қаңлы секілді басты 
руларымен тізе қосып үнемі Қытай, Ойрат секілді көршілерін тонауды мақсат 
еткен сырт жаумен көбірек алысуға тура келген. Бұл қазақ пен Жағатай, Моғол 
хандарының бір ойдан шығуына себеп болған. Екіншісі — Жағатай, Моғол 
хандары да қазақ рулары тәрізді көбінесе көшпелі өмір сүрген. Мал қамы кейде 
жер қамына айналып, амалсыз бірлесулеріне мәжбүр еткен. 


185 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет