Әдеби KZ қарсыласуға күшім жетпей-ақ қойсын, Уайстың қай баласына бағынсам да маған
бәрібір емес пе? Мүмкін жауласпай-ақ Жұныс жағына шыға салғаным тиімді
болар?» Қытай мен Ойраттан бәлендей қауіптің дәл бүгінгі күні жоқ екенін бұлар
да жақсы біледі. Өйткені оларға қарсы қазақтың жауынгер рулары тұр. Осы
себептен «ортақ өгізден, оңаша бұзау артық» деп әдеттеніп қалған Моғол
әмірлері әлі үн-түнсіз... Ел қамын ойлап қиналып отырғандай құр жерді шұқи
береді. Қайтсек хандығымызды жаудан аман алып қаламыз деп ешкім мүнәзараға
1
барар емес.
Исан-Бұғы түбі өздері оралар деп Моғол әмірлерін беттеріне қоя берген
қатесін енді ұқты. Ел басқарам деген адамға ең алдымен ел бірлігін ұстай білу
керек. Ел бірлігі деген ұғым сол елді басқаратын сұлтан, хакім, әмір, би, батырлар
бірлігі деген ұғым. Бұны бабасы Шыңғысхан өзінің атақты Ясысында жақсы айтқан.
Сол Шыңғыстың ақылын неге алмаған? Жиырма бес жыл хан асасы қолында
тұрғанда, бірігуге көнбеген әмірлерді неге түйреп-түйреп тастамаған? Енді міне,
қиын кезең туып еді, артына қарай жүзген шаян тәрізді, біреуі алға шығатын емес.
Мұндай жұртпен Моғолстанды қалай жаудан қорғап қаларсың!
Жұрт үні жуырда шықпаған соң, Мір Сейтәлі әмір қабағын шытты.
— Хан ием, — деді ол сәл ашулы үнмен тыныштықты бұзып, — айтқан сөзіңіз
мына пенделеріңізге әзірейілдің гүрзісіндей қатты тиіп отыр. Ақылға салуға аз
уақыт мұршат беріңіз.
— Болсын.
Дәл осы сәтте үйге қияқ мұртты, шоқша сақалды, ұйғырша киінген дәйекші
кірді.
— Хан ием, теріскей жақтан шабарман келіп тұр. Асығыспын дейді. Түнімен
тұтғақ
2
бастығы сізге жібермепті.
— Айтары құпия ма екен?
1
М ү н ә з а р а — көне түркі тілі, талас, өзара шешім табу.
2
Т ұ т ғ ақ — көне түркі тілі, түнгі күзетші тобы.