Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет178/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қылышынан қазақтың қара сойылы мен қайыспас ерлігі, табан тіреп қарсы тұрар 
қайсарлығы ғана құтқарып жүрді. 
Исан-Бұғының Амансанджидан жәрдем сұрасам қайтеді дегені — сасқан 
ханның «түбі жиенім ғой» деген құр далбасасы еді. Бірақ сасқан ханға жәрдем 
басқа жақтан келді. 
Хан осылай ерсілі-қарсылы қалың ойда жүргенінде үйге бас найыбы Үйсін 
Қастек кірді. 
— Ұлы мәртебелі тақсыр хан, хан кеңесі тегіс жиналды. 
— Мір Сейтәлі әмір де келді ме? 
— Иә, тақсыр хан, кеше оған ат шаптырылған. 
— Мір Мұхамед хан ше? 
— О да. 
Хан сүреде тұрған гауһар тас орнатылған алтын тәжін киді де, қолына асыл 
тастардан безелген күміс асасын ұстап кеңес сарайына қарай беттеді. Бас найп 
Қастек би мен ауыз үйде күтіп тұрған басқа паруалар 
1
үн-түнсіз соңынан ере 
берді. 
Хан кеңес сарайына кіріп келгенде, үйдегі әмір, сұлтан, бек, хакімдер тегіс 
түрегеліп, иіліп сәлем берді. 
— Арсыңдар ма, бек-задалар? — деп хан есік алдында сәл кідірді. 
— Барсыз ба, хан иеміз? — деп үйдегілер басын бұрынғыдан да ие түсті. 
— Құп келіпсіздер, асыл бауырлар, — деді хан төрдегі өз орнына бара жатып, 
— отырыңыздар. 
Хан алтын зерлі барқытпен безенген кеңес сарайының төргі жағындағы күміс 
сәкіге барып отырды. Хан отырғаннан кейін, өзге жұрт та дәрежесіне қарай 
орналаса бастады. Үй іші толған ақ сәлделі, көк шапанды, көк сәлделі, ақ шапанды 
софы, хакім, әмір, даруғалар мен күміс, алтын кіселі, кең қоныш етікті, бұлғын 
тымақты, сусар бөрікті Дулат, Үйсін, Жалайыр, Найман билерімен лық толы. 
1
П а р у а — көне түркі тілі, хан соңындағы адамдар. 


191 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет