Әдеби KZ келіп жайлауға қонған шақта, Тауық жылы, екінші айдың орта шенінде Арғынның
ақсақалы Қотан тайшы мен Қыпшақтың әрі биі, әрі батыры, әрі сөзуар желауызды
шешен-ақыны қарға бойлы Қазтуғанды кеңеске шақырды. Бұл кезде Арғын
руының көсемі Арғын би еді. Ал Қыпшақтың билігі әлі тұғырынан түсе қоймаған
Қара Қыпшақ Қобыланды батырда болатын. Қазақтың ең көп және батыр
руларының көсемдерін шақырмай, ханның жырауларды шақыруында да көп мән
бар. Жәнібек ел билеген жақсыдан, ел аралаған ақын сыншы екенін білетін. Ақын
ел құлағы, ел көзі, ел жүрегі. Жұртының тамырының қалай соғатынын және оның
көңіл күйін, мұң-мұқтажын бұлардан артық айтып беретін тірі пенде жоқ. Сан
ақын-жыраулар халқының ауыр халін хандарына жыр етіп беремін деп, қуғынға
ұшыраған, құрбан да болған.
Жәнібек Қотан мен қарға бойлы Қазтуғанды шақырғанда халқының көңілінің
қандай күйде екенін білгісі келген-ді. Қос жырау бір күні жетті. Өздеріне арналып
тігілген қос ақ боз үйге атқосшы жігіттерімен жайғасып жатқандарында: «Асан ата,
кәдімгі ел құлағы, ел көзі Асан Қайғы келе жатыр» деген хабар дүңк ете қалды.
Сөйткенше болған жоқ «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы бидің» алтыншы
ұрпағы, ел кезген Асан ата ауыл сыртына кеп, Ақсирақ жүрдегінің үстінен түсті. Бұл
шақ күн батып бара жатқан мезгіл еді. Хан аулы маңында мал болмағанмен,
төменгі елдің қайтқан қойының маңырағаны, құрақтағы жылқысының кісінегені,
аусыл аруаналардың боздағаны, зеңгі баба шаңырақ мүйіз сиырлардың
мөңірегені алыстан естіліп жатты. Кәрі төбеттің балпылдай үрген дүңкілдек даусы,
әлдекімнің «Қозыжан, Қозыжан!» деп баласын еркелете шақырған айқайы
шығады. Күндізгі аңызақ жел де тоқтап, кешкі таманғы тына қалған таза ауада
малы
өрістен
қайтып
абыр-сабыр
болған,
төменде
жат-
қан төлеңгіт ауылдарының у-шуы хан Ордасына анық естіліп тұрады. Қара
Кеңгірдің көк балауса жасыл шалғынды арғы жағасында, сонау ойпаттағы қа-
мысты көлге дейін быжынаған ел көрінеді. Сүт пісіруге, ас қамдауға кіріскен
қатындардың жаққан оттарының көгілдір түтіні ауыл үстінен көкке көлбей ұшып