Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет205/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   316
Әдеби KZ
 
 
кетпес үшін, айбарлы атты әскер құруды Жәнібек көп ойлады. Әрине, ондай басы 
біріккен, мол әскерлі елді мемлекетке айналдыру үшін, Ақ Орданы қайта 
тұрғызып, бүкіл Дәшті Қыпшақ жері мен Түркістанды өз қарамағына алу өте қажет. 
Алғашқы екеуі қазақ руларының берекесімен, ауыз бірлігімен байланысты болса, 
үшіншісі ұзақ тартыссыз, әсіресе Дәшті Қыпшақ ханы Әбілқайырмен қан майданда 
кездесіп, аянбай қан төгіспей шешілмейтін тілек еді. 
Түркістан Әбілқайырға да, Ақсақ Темір әмірлеріне де керек. Ал бастары жаңа 
қосылып келе жатқан қазақ руларына Түркістан уәлиетіне жататын Сырдария 
жағасындағы кенттердің маңызы ерекше зор болатын. 
Бұл ерекшелік ең алдымен Сырдария шаһарларының шаруашылық 
жағдайымен байланысты себептерден туған. 
Дәшті Қыпшақтың көшпелі еліне қаланың өнеркәсіп заттары, отырықшы 
жұрттың егісінен өнетін азық-түлігі қандай қажет болса, отырықшы елдер де 
көшпелі жұрттың өсіріп отырған малының еті, жүні, терісіне сондай мұқтаж еді. Ал 
Сырдария шаһарлары Орта Азия мен Дәшті Қыпшақтың ортасындағы сауда-саттық 
бекеті ғана болып қалмады. Өздері де сол Дәшті Қыпшақ ауылдарына керек 
өнеркәсіп заттарын молынан өндіріп, екі жақтың сауда-саттық ісіне қызу араласты. 
Мұндай жағдай бұл шаһарлардың қаулап өркендеулеріне себеп болды. Әрине, 
бұл қалаларды қолына түсіру — Дәшті Қыпшақ хандарының да, Мауреннахр 
әмірлерінің де көкейтесті арманы екені даусыз еді. Қазақ хандарының Сырдария 
шаһарларына 
телміре 
қарауының 
екінші 
себебі 
қарамағындағы 
мал 
шаруашылығымен шұғылданатын елді жайылыммен қамтамасыз етуден туған. 
Қары аз, қысы жылы Сырдария жағасы көшпелі ауылдарға қысқы жағдайда 
таптырмайтын қоныс. Күннен күнге мал басы өсіп, өркендеп келе жатқан көшпелі 
жұртқа Шу, Сарысу, Талас өзендерінің бойы енді жеткіліксіз бола бастаған. Амал 
жоқ, қазақ еліне тағы жаңа қысқы қоныс іздеуге тура келді. Ал бұл жағынан 
құйқалы Сырдария қойнауларынан артық жер табу қиын-ды. Жаз малын Арқада 
бағып, қыс осы Сыр бойын жайлауды қазақ рулары көксей бастады. Осы арманы 


221 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет