Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет216/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   316
Әдеби KZ
 
 
деп мадақтаған Темір би бұл. Еділ — Жайықты бауыр басып алған, Алшын 
руларының көбі бағынған, Астраханьды билеген Қасым сұлтанның оң қолы — 
эмир-эль-умра яғни әскери басы болған би бұл. Жәнібек секілді адуынды хан- 
ға біржолата мойын ұсынса, Алшын жерінде өз үстемдігінің төмендеп кететінін ол 
бірден ұққан. Көп қаздың арасында мәз болғанша, көп қарғаның арасында қаз 
болған дұрыс деп тауып, Кіші жүз болып қалыптасып келе жатқан Алшынның 
өркөкірек руларын жеке билегісі келді. Астраханьды өзіне қаратып тұрған Қасым 
сұлтан Еділ — Жайыққа шын әмірші емес. Шын әмірші қазақтан шыққан, Едіге 
батырдың шөбересі, Ноғайлы хандығы кезінен би дәрежесінде келе жатқан 
шынжыр балақ, шұбар төс Темір. Дәл қазір шығысы мен батысындағы елдің өз 
билігіне қол сұғады деп сескенетін дымы жоқ. Әбілқайыр алыста. Қасым сұлтан 
тек Астрахань маңын ғана қамтиды. Орыс князьдары болса өздері әлі әбден біріге 
алмай жатыр... Ал шынтуайтқа келсек Темір бидің ойы Жәнібекке бағыну емес, 
Түрік патшалығына иек тіреу... Алыстағы ел, ол сенің ішкі жұмысыңда ісі 
болмайды, қай румен жақсысың, қай румен жамансың, қарамағыңдағы елді 
қалай билеп-төстеп жатырсың, бұның бәріне де қол сұқпайды, сырттай 
бағынғаныңмен қанағаттанады, ал өзің айтқаныңды еліңе қалай істетіп жатырсың 
— онда шаруасы жоқ. Жәнібекке бағынсаң бұл еркіншіліктен бірден айрыласың. 
Ол ішкі ісіңе өзіңмен бірдей қатысады. Жоқ, діні бір, тілі бір, нәсілі бір ханға 
бағыну — халқыңның тіршілігі көңілін селт еткізбейтін басқа халықтың патшасына 
бағынудан әлдеқайда қорқынышты. Осындай ойдағы Темір Россия мен 
Түркияның бір шайқасуын күтіп іштей алысуда еді. Түрік патшалығының күшінің 
кеми бастағанын есепке жатқызбаған. Түбі ол осы ойынан шықпақ. Еділ — 
Жайыққа әбден әмірші болып алғаннан кейін, Қырымды шауып, Мәскеу 
князьдарын алдай тұрып, Түркияға иек тіремек. Осыдан барып Темір шу дегеннен-
ақ Жәнібектен іргесін аулақ сала бастаған. Жәнібекке қосылғысы келмеген кей ру 
бастықтары өзара қыңқылдаса, бұл ойын ішіне сақтап қала алмаған. 


233 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет