Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет239/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   316
 
 


257 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
ІІІ 
Келесі жазда Жәнібек уәделескен әскерлердің келуін күтіп Арқаға көшпей 
қалды. Бірақ күткен әскері келмеді. Жайық, Еділ, Жем бойын жайлаған Кіші жүздің 
ойы жаңа құрылған қазақ хандығына өз үлесін қосу болса да, оның осы жазда ар 
жағындағы Ноғай Ордасы мен Қазан хандығының дүрбелеңі көбейіп кетіп, өз жер-
суын қорғаудан қолы босамай, небары бес жүз жігіт жіберген. Бірақ бұл 
келгендер садақ таңбалы Адайдың батыр жігіттері еді. Торғай, Ор өзендерін 
жайлаған Қыпшақтар да жарытып жасақ жібере алмады. Қобыланды батыр қыс 
бойы төсек тартып науқастанып, қарамағындағы елді басқара алмады. Соның 
салдарынан жұрт өзі қызығын көрмеген хандықтың болашағына жөнді мән 
бермеді. Расында сонау дүниенің бір шетіндегі Еділ, Жайық, Торғай бойында 
жатқан қазақ руларын Шу мен Сарысуға келіп, Түркістанды жаулауға шық деу 
үстірт қараған адамға қиын тілек еді. Алайда таяу тұрған Қазан, Ноғай, Қырым 
хандарына бағынудан гөрі, Еділ, Жайық бойын жайлаған рулар, алыс болса да, 
ғасырлар бойы жауларына бірге аттанған, тілі, тағдыры, шаруашылығы бір қазақ 
хандығына қосылуды таңдаған. 
Жалғыз алыстағы Кіші жүзден ғана емес, өзіне тән Арғын, Найман да бұл жолы 
мол әскер шығарған жоқ. Мұндай жағдай Арғын, Найман билерінің өзара ала 
ауыздығынан туған-ды. Сол жылы көктемде тоқсанға келіп отырған Арғын би 
дүние салған. Арғынның ардақты көсемін қоюға бұл рудың игі жақсылары 
жиналған. Қаралы қазаға көңіл айтуға, сонау Қорасаннан бірнеше күн жол шегіп, 
Хорезм уәлиетінің әмірі Сұлтан Хусаин мырза келген. Сұлтан Хусаин әмір ол 
күндегі Арғын руынан шыққан атақты адамның бірі болатын. Аталары Иранның 
шахы Құлағудың бас басқақтары болып бүкіл Шығысқа аты шықса, өзі Қаракөлдің 
әмірі тағына отырып, Хорезм уәлиетін басқарды. Сұлтан Хусаин әмір Арғын би 
еліне тарту-таралғысымен бірге, ел бірлігін бұзар арам ойын да ала келді. 
«Жәнібек хан үшін Арғын руының Түркістанды аламын деп қырылуының қажеті 


258 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет