Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет247/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   316
Әдеби KZ
 
 
жақтың бірде-бір мергені тигізе алмай-ақ қойған-ды. Жайшылықта құралайды 
көзінен ататын жігіттер бұ жолы қолдарын шайтан қағып тұрғандай, алыстан еміс-
еміс ағараңдап көрінген жамбыға садақ оғын қанша көздесе де дөп қадай 
алмады. Біресе үстінен мүлт кетеді, біресе астындағы бақанға барып сарт етеді. 
Алақанның аумағындай күміс жамбының нағыз бір оқ қағары бардай, байлаған 
жерінен бірде-бір қозғалмай-ақ қойды. 
Дәл осы кезде шоғырланған топ қыз-бозбала кенет шуылдап қоя берді: 
— Жаған келе жатыр! 
— Жол беріңдер! Жол беріңдер! 
— Жаған жамбыны көздемей түсіреді. 
— әй, Оқас, Жаған бикеге жамбы атып жатқанымызды айт! 
Аққозы бикенің шабарманы «Бикем не бұйырады?» деп анадай жерде атын 
шідерлеп күтіп отырған қара торы бала жігіт, жанындағы көкбестіге міне сала, ән 
шырқатып қырқадан төмен түсіп келе жатқан бір топ қыз-бозбалаға қарсы шапты. 
Шабарман жетер-жетпестен аттан домалай түсіп, топ басында күміс ер-тоқымды 
ақ боз ат үстінде жантая отырған, басына нарттай қызыл түлкі бөрік киген қызға 
әлденені айтып жатыр. Түлкі бөрікті қыз жамбы жанында шоғырланған топқа 
қарап бірдемені сұрады да, қолындағы сойылын қасында тұрған жігітке ұстата 
беріп, оның садағын алды. Жігіт қорамсағынан екі-үш оқты суырып, таңдап біреуін 
берді. Қыз садақтың бауын, домбыраның шегін шерткендей, қолымен қатты 
тартып көрді де, сол қолымен жақты жоғары көтеріп, жебесін қойып кезенді. 
Сөйтті де, астындағы ақ боз жорғаны тебініп қалды. Жорға шоғырланған топқа 
қарай ырғала жөнелді. Жұлдыздай ағып келеді. Жамбы атып тұрған қыз-бозбала: 
«Жол беріңдер! Жол беріңдер!» «Иә, аруақ, қолдай көр!», «Қарақожа!», 
«Ойшыбай!» деп Керей руының ұранын айтып кейін шегіне берді. Жәнібек сұлтан 
қыз абыройын құрбы-құрдасының осыншама тілеуінен Жағанның осал бике емес 
екенін аңғарып қалды. Сөйткенше болған жоқ, ақ боз жорғаны теңселте ағызып, 
қыз да бұлар тұрған жерге таяй түсті. Ұзын қос бұрымын беліне қыстырып алған, ат 


266 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет