Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет24/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қуысқа тығады. Зираттың ішіне қазан толы ет, құмыра толы сүт қояды. Садақа етіп 
көптеген күміс, алтын білезік, сақина, алқа тәрізді қымбат заттар қалдырады. 
Бұндайда егер бекзада бай адам болса, алтын, гауһарлар зиратқа аянбай 
салынады. Бекзаданың жанын қинауға келген періштелер алтынды алып, өлікке 
тимей кетеді деп ойлайды монғолдар. 
Екіншісі — қойылған бекзаданың зиратын тірі жан білмеуі керек. Бекзада 
қойылғаннан кейін оның көрін білетін адамдар тегіс өлтіріледі, қабір үстінен үйірлі 
жылқылар өткізіліп жер бетін теп-тегіс етеді. 
Мұндағы ойлары — қабірге салынған асыл мүлікке қызығып бекзаданың 
моласын қазып, өлік сүйегін қорлаудан сақтау ғана емес, монғолдардың басқа да 
себептері бар. Римнің бір императоры «тарих менен басталады» деп өзінен бұрын 
өткен, капитолияның астында саркофагта жатқан жиырма тоғыз императордың 
бальзамдалған денелерін алып өртеп жіберген. Тірі кездерінде өшіккен 
патшаларының сүйектерін өлгеннен кейін қазып алып қорлау, бөтен елдерде де 
сан мәртебе кездескен. Мұндай сорақылық өткен замандарда жиі болып келген. 
Ескі монғол заңы бұндайға орын бермеген. Тірі — өлі жаннан өшін алуға тиісті 
емес. Сондықтан оның зиратының қай жерде екенін тірі жауы білмеуі керек. 
Білетін құл өлтіріледі, зират үстінен жылқы айдалып қабір беті жермен-жексен 
етіледі. 
Бір мың екі жүз елу тоғызыншы жылы Қарақұрымдағы Шыңғыстың ұлы 
тағында отырған Мөңке хан өлгенде, оның інілері Арық Бұғы, Құбылай 
Құлағулардың әмірі бойынша осы ханды жерлеуге қатысқан он мың адам тегіс 
бауыздалған. Ондағы ойлары — тірісінде қатігез болған ханның өлігінен Шың- 
ғыстың өзге балаларының ұрпағы өшін алып жүрмесін деген және монғол хал- 
қының отқа табынатын кездегі діни түсінігі бойынша бекзаданың жаны о дүние- 
де тыныш серуен құруға тиісті-міс. 
Інілерінің Мөңке ханды аталары Шыңғыстан да артық етіп былайша 
дәріптеулерінде бұл екі салттан да басқа бір мақсат бар-ды. Ол мақсат — бүкіл 


26 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет