Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет264/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   316
Әдеби KZ
 
 
сондай. Қара да тұр, Алтын Орданы тік тұрғызған Әбілқайырға бүкіл үрім-
бұтағының орнатқан ескерткіші «Осы жерде Әбілқайыр хан жатыр» деп үстіне 
қойған сонау қара таспен бітеді. Жыл өтер, ғасыр өтер, Әбілқайырдың да даңқы, 
бүгінгі күнгі қадірі ұмытылар. Бұным не, Әбілқайырды табалап жатырмын ба? 
Жоқ, бұным табалағаным емес, ақиқатым. Әбілқайыр соңынан ерген жұрттың 
сенімін сақтай алмады. Елді ел ету қолынан келмеді. Ал біз ше? Біз оны көгерте 
аламыз ба? Көгерткен күнде келешек жұрт ісімізге қандай баға береді? 
Япырмау, менің бұным не? Болашақ ұрпағымыз не айтады екен деп өз 
борышымызды атқармай өтпекпіз бе? Жоқ, келешектің бағасы үшін емес, 
солардың алдында өзіміздің ар-ұятымыз таза болу үшін, ел-жұртымызға деген өз 
борышымызды адал атқарып өтуіміз керек. Қорғай алмаса өз обалы өзіне, біз
халқымыздың алғашқы мемлекеттік отауын тіктік! Тігу үшін қан майданда жан 
құрбан дедік!» 
Жәнібек төсектен басын көтеріп алған. Сол күні Сауранды билеп тұрған хакім 
Құлмұқамет-тархан «Күшің жетсе — жеңіп ал» деп Жәнібектің хатына жауап 
берген. Ал Жәнібек те сол сағатта Сауран шаһарын шабуға әскеріне жарлық 
шығарған: 
Бүкіл Сыр бойын алып жатқан қалың әскер қайтадан жасаққа бөлініп, 
шабуылға дайындала бастады. Хат жіберілген өзге шаһарлардан жауап келгенше 
екі аптадай уақыт өтті. Жәнібек бар уәлиеттен жауап алмай тұрып, Сығанаққа таяу 
Сауранды шабудан әзірге бас тартқан. Әбілқайырдың өлгенін естіген жұрт
хакімдеріне қан төгіспей қалалардың қақпаларын аштыртар деп үміттенген. Бірақ 
бұл ойы ақталмады. «Әбілқайыр хан өлгеннен кейін не болар екен?» деп күткен 
хакімдер тез жауап бере қоймады. Жұрт осындай дағдарыс халде жүрген шақта, 
тағы бір хабар келді. Әбілқайыр ханның тағына үлкен баласы Шайх-Хайдар 
отырыпты деген лақапты құс қанатты ұзынқұлақ бүкіл Дәшті Қыпшақ жеріне бір-ақ 
күнде таратты. 


284 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет