Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет296/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   316
Әдеби KZ
 
 
алдында жоғалғалы тұрған абыройын қорғаудың орнына, Қасымды жою жолын 
іздеп ойға шомды. Бұл тілегін орындау үшін ескі жауы Мұхамед-Шайбани, 
Махмуд-Сұлтандармен достасса, теріс болмас еді деген тұжырымға келді. Сөйтіп 
таң ата әзер дегенде қор ете қалды. Ал Қасым тіпті бөтен ойда еді. Бүгінгі оқиға 
оны қатты ренжітті. Жәнібек пен Керей кезіндегі Қазақ Ордасындағы ауыз 
бірліктің енді Бұрындық пен Қасым кезінде қатты шытынай бастағанына көзі жетті. 
Себебі неде? Себебі Бұрындықтың тайыз саясатында. «Ел бірлігін ақылмен сақтап 
халықтың мұң-мұқтажын, шаруа жайын ойлай отырып, күреске шақырудың 
орнына, ол жұртты қаһарымен соңынан ергізбек. Егер әділетті болсаң ғана, 
соңыңнан жұртты ертесің. Ал орынсыз қаттылық — зор қылмыс. Бұрындықтың 
бүгінгі істегені — тек жұртты өзінен шошыттыру. Егер бұл бүйте берсе, Керей мен 
Жәнібектің өлдім-талдым деп құрған қазақ хандығының абыройын да, өзінің 
абыройын да бір күні айрандай төгеді. Қазақ хандығының абыройы төгілмегені 
керек-ақ! Ал ел бірлігін сақтау үшін Бұрындықтың абыройлы болғаны керек пе? 
Халқымыз үшін, ел бірлігін сақтап қалу үшін қажет. Қазіргі жағдайда ханның 
мықты көрінуі өте орынды саясат. Мұхамед-Шайбани болса анау, бүкіл Түркістан 
уәлиетін басып қалуға таяу... Енді ол Ташкент әміршісі Сұлтан-Мұхамед хан мен 
Яссы хакімі Мұхамед-Мазит-тарханның ала ауыздығын пайдаланып Яссыны 
жаулап алады. Содан соң Ташкентті қолына түсіргеннен кейін, бар күшін 
Самарқант, Бұқар, Андижан қалаларына — яғни Ақсақ Темір хандығына 
жұмсайды. Сөз жоқ, ол бұл қалаларды да алады, өйткені бұл мединелерде қазір 
Мұхамед-Шайбаниға қарсы тұрар күш, ауыз бірлік жоқ. Түркістан өлкесі мен Ақсақ 
Темір хандығын бауырына басып әбден күшейіп болғаннан кейін, ол бетін Хорезм 
мен Қорасанға бұра ма, әлде Дәшті Қыпшаққа бұра ма белгісіз. Әрине қай 
хандықта ауыз бірлік жоқ, әлсіз деп тапса, соған шабуыл жасайды. Әлді елдермен 
айқасып мүйізін сындырғанша, әлсіз елдерді өзіне бағындырып әлдене түсу — қай 
жаһанкер патшаның болса да негізгі тәсілі. Ақылды, айлакер Мұхамед-Шайбани 
да соны қолданады. Егер қазақ жеріне шабуылға шықса, ол әрине ең алдымен 


318 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет