Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет297/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Созақ пен Ұлытауды шабуға тырысады. Дәшті Қыпшақ сандық болса, бұл екеуі 
соның кілті. Торғай, Ақ Жайық, Еділ, Есіл, Тобылдарыңның бойы сол сандықтың 
түбінде жатқан қазына. Аузы ашылған сандықтың ішіндегі мүлікті біртіндеп ала 
беру кімнің болса да қолынан келеді. Сондықтан бізге қайткен күнде де Созақ пен 
Ұлытауды сақтап қалуымыз шарт. Бұл бекіністерді күшейтудің орнына, Бұрындық 
екеуміз қырқысып жатсақ не болғанымыз? Онда Мұхамед-Шайбани шабақты 
жұтқан алабұғадай екі бірдей майбалықты қылқыта салады. Оған жібермеу керек, 
тамағынан тікенек боп қадалу жөн-ақ. Әрине соғысқұмар Бұрындық, бос 
жатқандай, Мұхамед-Шайбанидың бір шаһарын басып қалайық деп ойлайды. 
Ертең-ақ жорыққа шығыңдар деп бұйрық береді. Шықпасаң — тағы ала ауыздық 
туады. Шықсаң — құр босқа әбігерленесің. Қазір біздің әскердің саны бар да, 
сапасы жоқ. Бекінісі мықты шаһарды алуға жарамайды. Ең алдыменен әскерді 
күшейту керек. Бұрындықтың айтқанына қарсы келмей-ақ, әр жорықты, әр 
шабуылды әскердің соғысу әдісін, тәртібін жоғарылатуға пайдаланған ақыл. 
Қасымның ойы дәл шықты. Ертеңіне таңғы шайын ішіп отырғанда 
Бұрындықтың шабарманы келді. 
— Хан сізді шақырып жатыр, — деді ол. 
Қасым шайын шала-пұла ішіп орнынан түрегелді. Киініп жатып сәл кідіріп 
қалды. «Қолда билік барда ақылдың керегі жоқ. Ханның неге шақырғанын кім 
білсін...» Қасым жайшылықта пешпентінің сыртында жүретін көк құрыш сүңгі 
наркескенін шешіп, пешпентінің ішінен тақты. Сырт адамға білініп тұрмай ма екен 
дегендей, қабырғадағы жылтыр қара тас күзгіге бойын түзеп бір қарады да үйден 
шығып кетті. 
Қасым келгеннен кейін Бұрындық тағы да Мұхамед-Шайбаниға қарсы 
жорыққа шығудың қажет екенін білдірді. 
— Ер шекіспей бекіспейді, — деді Бұрындық сөзінің аяғында. — Не біз 
Мұхамед-Шайбаниды жеңуіміз керек, не онымен бітімге келіп достасуымыз 
керек... 


319 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет