Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет41/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Енді шешім өзінен өзі келді. «Хан ақылы — қарамағындағы елді айқастырмай 
ұстауда ғой. Айқаса қалған күнде де, хан бұл арада төреші болуы керек! Арғын, 
Қыпшақ бірін-бірі өзі өлімге қисын. Мен тек солардың жоюшысы болайын». 
— Біздің атамыздың замандасы, Үйсін Майқы бидің кезінен келе жатқан «өлім 
жазасын шешетін халықтың өзі» деген дәстүр бар емес пе еді. Бұл дәстүрді әлемді 
билеген ұлы Шыңғысханның өзі де бұзған жоқ. Мен қалай бұзам? Арғын, Қыпшақ 
игі жақсылары мәжіліс құрып, батыр Саян тағдырын өздерің шешіңдер. 
Өздеріңнің ұйғаруларың хан үкімі болсын, — деді іші қатпар-қатпар Әбілқайыр, 
кенет асасымен жерді бір ұрып. 
Хан сөзі — бұзуға жатпайтын шешім. Жайшылықта бұйда бермес екі жақ 
бірдей басын иді. 
— Құп, хан ием, сөйлесіп көрелік. 
Міне, осы дау Арғын, Қыпшақ арасында үш күн сөз болған. Талай ділмарлар
сөзуарлар суырылып шықты, талай қызыл өңеш, бұлбұл тілдер сайрады, бірақ еш 
шешімге келе алмаған. Ашу, ыза, кек қуысқа ұйлыққан қар секілді оңай жібімеген. 
Бұл долы талас кейде сойыл күшімен шешілуге де таяп қалған. Бірақ екі жақтың 
күші бірдей түскендіктен, жағаны босқа жыртуды екі ру мықтылары мақұл 
таппаған. Ақырында Майқы би мен Ұлы хан Шыңғыстың тастап кеткен дәстүрін 
бұзып, бұл таласты ханның өзі шешсін деп тарасқан. Хан не айтса екі жағы бірдей 
соған көнбек болған. 
Ал бұл дауға шешім таба алмай, Әбілқайыр іштей алай-түлей. Арғын мен 
Қыпшақтың қазіргі таласы, ұйқы-тұйқы жұлысып жатқан арлан төбеттердің 
айқасына ұқсайды. Дәл қазір бұларды айыру екіталай. Не болса да қолындағы 
темір сүңгіні біреуіне жіберуі керек. Алысып-жұлысып жатқан қос арланның 
қайсысын қалайды? Арғынға деп сілтегенің Қыпшаққа тиіп жүрсе қайтесің? 
Қыпшаққа тиюі өзіне тиюімен бірдей. Хан саясаты кейде жазғытұрымғы желдей. 
Беталысы ел райына, хан Ордасының арманына қарай өзгеріп тұрады. Ал бүгінгі 
таңда Қыпшақ пен Әбілқайыр ханның алар демі бір төбеден соғып тұр. 


43 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет