Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет43/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   316
Әдеби KZ
 
 
себеп болған. Ханымның сүттен ақ, періштеден таза екенін білсем де, сол бір өсек 
маған да әсер ете жаздаған. Тек, әйтеуір, жалған болып шықты ғой... Бәсе, сол 
жігіттің де аты Саян еді... Со кез ол жорыққа аттанып, көре алмай қалғанмын. 
Артынан бұл әңгіме тіпті есімнен шығып кеткен-ді. Ханым да өзінің өтінішін 
қайталаған жоқ... Иә, ол әңгімеге де жеті жылдан асып кетті. Өтіп бара жатқан 
өмір!». Хан есік алдында тұрған дәйекшіге кілт бұрылды. 
— әлгі Арғын, Қыпшақ арасында дау шығарған жігітті, — деді ол, атын атауға 
әлденеге аузы бармай. 
— Құп, тақсыр, хан ием. 
Әбілқайыр тағы да ойға шомды.
Он жеті жасында «Бату тағы», «Өзбек тағы» деп аталған Дәшті Қыпшақ тағына 
отырды. Ол кезде хан ордасы сонау шығыстағы Ертіс өзенінің қойнауындағы Чинга 
Тұра қаласына ту тіккен, майданды сол тұстан ашып, жеке-жеке ұлыс болып 
отырған қазақ хандарын жеңіп, бірте-бірте Есіл, Тобыл, Нұра өзендерінің бойын 
тегіс өзіне қаратты. Сол қарқынмен ол бір кезде, Жошының ордасы тігілген, 
Ұлытау бойына жетті. Енді өзінің астанасын Батуханның әскері екі жүз жиырма 
жыл бұрын бас қосқан Кеңгір бойындағы Орда-Базар деп аталатын қалаға көшірді. 
Ұлытау Дәшті Қыпшақ даласының кіндік ортасы. Батысы — Еділ, Жайық, солтүстігі 
— Есіл, Тобыл; шығысы — Ертіс, оңтүстігі — Сыр бойы. Осы Дәшті Қыпшақ жеріне 
тегіс ие болғаннан кейін, ол Мауреннахр жеріне көз сала бастады. Отыз жыл 
хандық құрған өмірінде Үргеніш пен Самарқантты да шапты. Мауреннахрдан 
Сығанақ, Созақ, Отырар, Ақрұқ, Ақ-Қорған тәрізді Дәшті Қыпшақ елінің көне 
шаһарларын қайтарып алды. Сөйте жүріп ол бір жағынан Ақсақ Темір ұрпақтарына 
қыз беріп, қыз алып, әбден қандасып кетті. Ақырында Әбілқайыр бұл кездерде 
түркі, иран елдері «Көк Орда» ал орыс шежірелерінде «Ақ Орда» деп аталған 
кешегі Алтын Орданың кең байтақ алып даласына толық ие болды. 
Тоқтамыс хан жеңіліп, Сарайдағы хандар сарайы Гүлстанды Ақсақ Темір 
біржолата қиратқаннан бері бұрынғы күшті Алтын Орда мүлдем жойылған. Қазір 


45 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет