Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет81/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Әбілқайырдың ойы бағанадан бері осы өзіне өш қос сұлтанның тағдырын 
қалай шешсем деген дүрбелеңде еді. Және ұзаққа созбай осы ертең, күні бүгіннен 
қалмай шешу қажет. Өйтпесе күннен-күнге маңына ел үйірілуден қалып барады. 
Қасына берген бір күн, көшінің артыла түсуіне әдейі арнаған бір жылмен тең. 
«әрине осыншама жұрт жиналған, мына ұлы тойда Жәнібек пен Керей көп би, 
батырлармен тіл тапты. Қазақ батырлары Қаптағай, Бөрібай, Оңай, Бекет, 
Қарақожа босқа топтанып жүрген жоқ. Мен асықпағанмен олар асығады. 
Сондықтан күні бұрын қимылдау керек. Ертең ас бітеді... Ас бітісімен ақ...» 
Осындай ойда іштей, бұлқан-талқан болып отырған Әбілқайыр Қыпшақ ерлігін, 
тарихын тыңдаудан көрі, тезірек осы кездегі өзінің бас уәзірі Бақты-Қожа 
ұйғырмен ақылдасқысы келді. 
Хан тағынан көтеріліп, нөкерлерін ертіп, өз Ордасының оң жағынан оқшау- 
лау тігілген төртінші бәйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегімнің үйіне қарай жүре бергенде, 
Қыпшақ ерліктерінің ең қызық жерінде тыңдамай тұрып кеткен Әбілқайыр мінезі 
ұнамай қалған Асан Қайғы, отырған орнынан қозғалмастан: 
«Көлге үйренген қоңыр қаз, 
Шөл қадірін білмейді, 
Шөлге үйренген дуадақ, 
Көлге апарып қамасаң 
Шөлін аңсап шөлдейді», 
— Хан ием, халық өз тарихын көптен бері естімей, сағынып қалған екен, өзің 
намазыңа асықсаң, өзгемізге айызымызды қандыруға рұқсат ет, — деді. 


86 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
Азуы алты қарыс Бердібек ханға: 
Қас-қабағыңнан таныдым, 
Хан Бердібек боларсың, 
Қауырт көштен таныдым. 
Еділ барып қонарсың! 
Қан жылатып халқыңды, 
әлі-ақ сен де толарсың! 
Өз әкеңді өлтіріп, 
Қайда барып оңарсың? — 
деген ел ардақтаған Асан Қайғы, Әбілқайырдың жырау толғауын тыңдамай 
кетуіне намаз емес, басқа себеп бар екенін бірден сезді. Сондықтан да ол ханға 
қадала сөйледі. 
Әбілқайыр Асан сөзінің маңызын ұққысы кеп, кенет тоқтай қалды. 
— Шабытына мінген жырау, ат сабылтып шауып келе жатқан аңшы тәрізді, 
бекер тоқтаттың, хан ием, — деді Асан қалың қабағын түйіп, сөйтті де ар жағынан 
келіп қалған ызасын ұстай алмай түксиген қабағынан қыраулы қыстай кәрін төгіп, 
көптен бері айтайын деп жүрген өкпе-ашуын толғай кетті. 
Сара жолдан жаңылған 
Ханға зират қазылмас. 
Сөгілгелі тұр қабырғам
Кеселдімін жазылмас. 
Тарқат, ханым, шерімді, 
Намазыңа асықпа. 
Құрыштан берік елімді 
Ала ауыздықпен жасытпа! 


87 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет