Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет84/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қалпында қалғаны. Шығыс шеберлері күйген кірпіштен күмбездетіп салған 
бірнеше хан сарайларын санамасақ, қала шымнан құйған, тастан қаланған екі 
жүздей ғана үйден тұрады. Стамбул үлгісімен тұрғызылған алтын айлы, ақ тастан 
қаланған зәулім биік мешіті. Түркістанда Ахмет Яссауи шайхқа арнап салған Ақсақ 
Темірдің атақты мешітіне де, Феодосия қаласына жақын ескі Қырымға Өзбекхан 
салдырған мешітке де ұқсамайды. Қазір аты естен шыққан ұлы шебердің ақауы 
жоқ өнері, ұзақ тоқыған қолдан түлеткен өрнегі. 
Қаланың тым өсіп кетпеуіне тағы бір себеп ол Әбілқайырдың алыстағы ойы. 
Хан өз астанасын түбі әбден жаулап алған соң Гератқа, не Самарқантқа аудармақ. 
Ал Орда-Базар уақытша мекені. Мауреннахрға біржолата көшіп кетуге, ұшы-
қиыры жоқ кең далада тағы құландай кезген қалың қазақты билей алмай 
қаламын ба деп қауіптенген. Хан ойынша қазақ руларының арасындағы 
алауыздық түбі жойылуға тиісті. Оған дейін өрбіп, өсіп келе жатқан балаларының 
алды ел билейтін қабілетке жетіп қалады. Сол кезде бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін 
бәйбішелерінен туған бір-екі ұлына билетіп, өзі Мауреннахрдың әшекейлі алтын 
сарайлы бір шаһарына Ордасын көшірмек... 
Осындай ойдағы хан Орда-Базардың өркендеуіне бәлендей көңіл бөлмеген. 
Тек соңғы жылдары жайлауға алысқа бармайтын. Ұлытау маңындағы бір шұрайлы 
жерге бір-екі айдай бой жазып, үй тігіп серуендеп жататын да жаз аяғы болмай 
Орда-Базарға қайта оралатын. Биыл да хан осындай ойда еді. 
Әнеу күнгі сұрапыл дауылдың аяғы тынбай құйған бір жетілік ақ жауынға 
айналған. Асты аяқтай алмай хан Орда-Базарға қайтуға мәжбүр болған. Ханмен 
бірге тізе айырмай Қыпшақ, Арғынның игі жақсылары да, Шыңғыс ұрпағынан 
шыққан сұлтандар да Орда-Базарға таяу көшіп келген. 
Әбілқайыр жауар бұлттай ашулы қайтты. Мұнда келгеннен кейін батыр 
Саянның қалай қашып кеткенін естіп бұрынғысынан бетер қара түнектей 
тұнжырай қалды. 


92 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет