К ІТ А П Х А Н А С Ь I
17
емес, жеке түлғалар. Сондықтан да бүрынғы үйреншікті дәстүрлі қаты-
настардың шеңберінен шығып, жаңа бір қатынас туғызушы әрқашан
да солар болады . Ж алп ы к ей ін гі түтас бір дәуірде адам дарды ң
көпшілігіне тән дүниені басқаша көру мен сезіну, оған бүрынғыдан
басқаша қатынас жасау өзінің алғаш туған кезінде соны туғызушы жеке
бір жанның өзіне ғана тән нәрсе болуы ықгимал. Ол, әрине, көптеген
адамдарда туып, өніп келе жаткан қатынас болуы да мүмкін. Бүл бірақ,
сол қатынас пен соған сай дүниеде болудың жаңа бір жолының қайта-
ланбас жеке бір сипаты оның бүкіл әлемдік жалпы мәнділігіне қайшы
келмейді ж әне универсалдық мазмүнына кедергі емес. Керісінше, қай-
таланбас өзгешелігінің өзі оны ң универсалдық мазмүнын қүрайды.
Ғылыми теорияда да, логикалы қ дәлелдерді түзеуде де жеке шығарма-
ш ының айырмашылығы оның ішкі мазмүнында емес, ақырғы нәти-
жесінде емес, соған^алып келетін оның қызметінде көрінеді. Соңғы
нәтижесінде, яғни теорияда, ережеде, формулалар мен қортындылар-
да жекеліктің таңбасы ошіп, жалаң жалпы мазмүн қалады.
Ф илософияда акырғы кол жеткен нәтиж енің озі - түлғаның уни-
версалдық мазмүны болып түрады.
Ф илософ ияны ң жеке түлғалық м әнін ің негізгі іргесі, бірақ, бүл
жоғарыда айтылған жайларда ғана емес. Оның түпкі аясы әрбір адам-
ны ң оз өмірінде сол мәнділіктің түрғысынан өз тіршілігін өзі бағала-
уында, сол бағалаудың логикалы қ жалаң ой жүзінде емес, оны ң сезім
дәрежесінде. Адамның кейбір жағдайларда, ан ы қ себебін түсіне ал-
маса да, озіне өзінің көңілі толмауы, өз болмысының мәңгілік күнды-
лыктардың аясы нан алшақтығын сезінуден, яғни оз болмысының үсақ
та, м әнсіз де корінуінің белгісі болуы мүмкін. Әрине, ол мәнділікті
адамдар әртүрлі түсінеді. Ол ш ы н да, жалған да болуы сөзсіз. Бірақ,
оны қалай түсінсе де, өзін соны ң өлшемімен бағалау адамға ғана тән.
Әрбір адамда өзінің болуының мәнін тән н ің де, ж анны ң да белгілі
бір мүқтаждықтарына байланыстыруы кездеседі. Сондықтан ол жеке
адам ны ң өзгелерден оқш ау, оз ж ан дүниесінде өзімен өзі оңаш а,
баскаларға аша да бермейтін сыр сандығында жататын мөлдек дүни-
есі. Өзінің психологиялы қ сипатта болуы негізінде оркімнің бүкіл
әлемдік проблеманы озінің молдек проблемасы етуінде, оны оз жа-
нында тек қана өзі ж әне өзі үшін шешетінінде.
Ешбір ғылыми мәселе жеке адамды қанш алықты еліктірсе де,
оны ң өмірде болуы не болмауының мәселесіне айнала алмайды. Ал
біз ф илософ иялы қ мәселе деп отырған адамның дүниеде болуының
мәнділігі туралы толғану кей жағдайда бәз біреулерді омірмен түпкілікті
коштасуына әкелетін нәрсе. XX ғасырдағы француз философы әрі
жазушысы Альбер Камю осы туралы айта келіп, онтологиялы қ уәж-
дер үшін (мысалы, жер күнді айнала ма, әлде күн жерді айнала ма,
18
деген сияқты) өмірін қиған адамды өз басым әлі көрген ж оқпы н дейді.
Эрине, жеке біреулер үшін ол өмірінің мәніне айналуы ықгимал. Бірақ
өмірдің мөнін күрайтын нәрсеге айналмай түрып, ол кімге де болса
өмірін қүрбан етуге татитын қүндылы қ бола алмайды. М ен болу д е
ген соз, ол - жеке омірден де багалы қүндылык болу деген соз. Бүл
жерде біз объективтік ақиқат м әнн ің ж әне жалған м әнн ің болатын-
дығына тоқтала алмаймыз, ол кейінгі бір тарауларда қаралуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |