ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
194
алысқа кететін көне ұғымдар екендігінде дау жоқ. Осы орайда
француз философы Л. ЛевиБрюльдің адамзат дамуының
алғашқы сатыларында жеке тәжірибе емес, ұжымдық идеялар
басымдырақ болғанын айтып кеткенін еске алуға болады. Л.
ЛевиБрюльдің ойынша ұжымдық түсініктер ретінде адамдардың
өз өмір тәжірибесінің барысында қалыптасқан тұжырымдар
ғана емес, индивидке қоғамдық орта, тәлімтәрбие, әдет пен
ғұрыптар арқылы сіңген идеялар қарастырылады. Шындығында
да үш тілде де өлім концептісінде Құдайға немесе әлдебір
Абсолютке мойынсұну басым. Яғни шындық құбылыстары таза
күйінде емес, тұтас бір көңіл күй кешені мен құпия күштермен
байланыстырылғанына орай,табу мен эвфемизмдерде өлімнің мәні
мен мәнісі түсірінделмейді. Ал әр халықтың өлім туралы ойларын
оның әлемінің тілдік бейнесінен қорытынды лау ға болады [19].
Өлім концептісі танымал философиялық дәрістерде өтпелі
және мәңгілік ұғымдарды біріктіреді. Ислам дүниетанымы
бойынша адамзат ғұмыры бұл дүниелік және о дүниелік болып
екіге бөлінеді. Бұл дүниелік өмірді алдамшы фәнилік тіршілік
дейді.
Өлім тақырыбы психологиялықфизикалық дуализмге
бағынған ба тыс философиялық ойына тән (Сократ, Платон)
адамның трансцен денттік және имманентті нақты өмірінен тұрады
[19].
Қытайдың байырғы діні Даусизымді уағыздаушы Лаузы
мен Жуаңзы керісінше өмірді тамаша ғажайып бір дүние деп
қарастырған [8, 44 б.]. Ежелгі Қытай ойшылы Jiao Цзы:
Достарыңызбен бөлісу: