Байланысты: Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)
Адам атаның (а.с.) жаратылуы Құран кəрімде адамның жаратылуы жөніндегі аяттардың барлығында да хазірет Адамның
топырақтан жаратылғандығы айтылады. Ол туралы Құранда:
«Аллаһ тағала сені (Адам атаны) топырақтан, сосын бір тамшы судан (Адам атаның ұрпағын) жаратты» ?">[8] , – дейді. Арғы
бабамыз жаратылған топырақты Ұлы Жаратушы адам баласының қияметке дейін ғұмыр кешетін,
өзі мекендейтін қара жер бетінен алдыртады. Ол жай ғана топырақ емес, жер бетінің өзегі мен
дəнін құрайтын топырақ. Яғни жердің барлық элементтерін қамтыған топырақ.
Сондай-ақ, Аллаһ тағала «Сад» сүресінде адамды тікелей Өзі құдірет қолымен
жаратқандығын айтады
?">[9]
?">. Аяттағы «Құдірет қолмен жаратуы» адамды жалпы жаратылыстан
үстем, ардақты етіп жаратқандығын білдіреді.
Адам атаның жаратылуы – Аллаһ тағаланың тікелей мұғжизасы. Құран кəрімде Адам атаның
жаратылуы хазірет Исаның жаратылуына ұқсас екендігі білдірілген. «Əли Имран» сүресінде:
«Шын мəнінде, Аллаһтың қасында (дүниеге келуі тұрғысынан) Исаның жағдайы (Исаның Мəриям құрсағында əкесіз жаратылуы); топырақтан жаратып, сонан соң «бол» дегенде бола қалған (əкесіз тіпті анасыз жаратылған) Адамның жағдайы сияқты?">» ?">[10] , – делінген.
Сонымен қатар, Құранда Адам атаның (а.с.) жаратылысы жайлы айтылғанда, адамның
жаратылысы да баяндалады.
Құранда:
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны (Адам атаның ұрпағын) шəуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (ана құрсағына) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық (жан беріп сөйлеттік)?">» ?">[11] ?">, – дейді.
Яғни бұл аяттан түсінгеніміз, адам жаратылысы бірнеше сатылардан тұрады.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
:
«Сіздердің əрқайсыларыңыздың жаратылысыңыз əуелі ана жатырында қырық күнде жүзеге асады. Кейіннен ұйыған қанға, одан бір жапырақ етке айналады. Содан кейін барып оған періште жіберіліп, жан бітіріледі. Періштеге сəбидің «несібесін, ажалын, амалын, бақытсыз я бақытты болатынын тағдырына жазу бұйырылады?">» ?">[12] деген хадисі де бұл аятта айтылған ақиқаттарды құптай түседі.