Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет6/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

«Тіріден өліні, өліден тіріні шығарған»
?">[25]
?">жəне де затқа əр түрлі
ерекшеліктер беретін Аллаһ тағаланы тым тар түсінікпен шектеген. Яғни Аллаһ тағала
топыраққа ешқандай ерекшелік бере алмайды, ол сол күйі топырақ болып қала береді деп
ойлаған. Алайда топырақ пен отқа өзіне тəн ерекшеліктерді кімнің бергенін парықтай
алмаған
?">[26]
?">.
Шынтуайтында, отқа қарағанда топырақтың ерекшелігі басым. Себебі, топырақ – өмірдің
қайнар көзі. Барлық тіршілік топырақтан өрбиді. Сондықтан топырақта Аллаһ тағаланың
«теңдессіз жаратушы», «толассыз рызық беруші», «шексіз шебер» сияқты есімдері мен
сипаттары көрініс тапқан. Яғни, топырақ – Ұлы Жаратушының сансыз көркем есімдері мен
сипаттарының айнасы іспетті.
?">[27]
Ібіліс осы тəкаппарлығынан Хақ тағаланың қаһарына ұшырады. Сөйтіп, шайтан Хақ
тағаланың: 
«Ендеше, дереу ол жерден түс! Сенің ол жерде тəкаппарланып, паңдануыңа жол
жоқ. Қанеки, тез шық! Сөзсіз, сен малғұндардансың!»
?">[28]
?"> деген сөзімен рахметінен қағылды.
Өзін «оттан жаралғанмын жəне осы шыққан биік мəртебемнен түспеймін деп ойлаған Ібіліс бір
сəтте барлық абыройдан жұрдай болып, масқара күй кешті.
Аллаһ тағаланың қаһарына ұшыраған Ібіліс өзінің өмірде түкке тұрмайтындығын сол сəтте
түсініп, жоқтыққа жұтылудан қорқып, қорлықпен болса да, өмір сүруді қалап: 
«Маған қайта
тірілетін күнге дейін мұрсат бер!?">»
?">[29]
?">– деп, Аллаһ тағаладан қиямет күніне дейін өмір сұрады.
Аллаһ тағала: 
«Сен мұрсат берілгендердің қатарындасың»
?">[30]
, – деді. Ібіліс тəубе мен
шүкіршілік етіп азаттыққа жетудің жолдарын іздеудің орнына: 
«Ендеше, Сен мені қаңғыртып,
адасуға душар еткенің үшін, мен де олардың тура жолға түсуіне барынша бөгет жасаймын.
Олардың алдынан, артынан, оңынан, солынан келіп азғырамын. Сөйтіп, Сен олардың үркердей
тобын ғана Өзіңе шүкір еткендердің қатарынан табасың?">»
?">[31]
?">, – деп, адамға деген жауыздығы
мен жаулығын іске асыруға кіріседі.
Иə, шайтан адам баласын саңылау қалдырмай қамап ұстап, қарға адым жерін қараңғы
түнекке айналдыруға тырысады. Шайтан кейде адамның алдынан келіп, оның алға ұмтылысын,
болашаққа деген сенімін жоғалтып, ақыретке деген талпынысын ойрандайды.
Ібіліс тəубе етудің орнына тəкаппарланып, Хақ тағаланың халифа етіп жаратқан адам
баласын азғыруға, жолдан тайдыруға барынша күш салатындығын айтты. Міне, осы кезде ол Хақ
тағаланың рақымынан жұрдай болмақ. Өйткені Аллаһ тағала алғаш рет оған «Шық» деген
əмірінде мəңгілік қуылу мағынасы жоқ еді. Екінші рет айтылғанда, біржолата қуылып, мəңгілік
азапқа душар болды. Міне, Ібіліс содан бері əлі күнге дейін адам баласын азғырумен келеді.
Əсіресе, қияметке жақын қалған мына заманда Ібіліс жер бетіне патшалығын құрып, өзіне
берілген мұрсаттың бітуге таяп, мəңгілік азаптың құшағына енуге санаулы жылдар қалғанын
сезіп, бəлкім, бұрынғыдан да бетер ашу-ызаға булығып, жер бетін дүрліктіріп, адам баласын
жаппай азғырып жатқан шығар. Ендеше, адамдар еркіне ие болып, Ібіліс құлаған биік шыңнан
құлдиламас үшін өзіне берілген нығметтерге шүкіршілік қылып, Ібіліске аңдаусыз еріп кетуден
сақ болуы тиіс. Һəм адам баласы мынаны есте тұтқаны жөн: Ібілістің бұл сорақы əрекетін жөн
көріп, өзінікін дұрыс санаған адам шайтанның соқпағына қалай түсіп кеткенін байқамай


қалады. Сол себепті сөзсіз түбіне жетпей қоймайтын қыңыр мінез, қисық əрекеттен арылып,
өзін жөнге салғаны дұрыс
?">[32]
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет