Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет35/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Хақ пайғамбардың оттан шығуы
Хазірет Ибраһим отқа лақтырылғалы бері жеті күн өтті. Нəмрұд та оның халқы да осы жеті
күн ішінде оны отқа жанып, əлдеқашан тозаңға айналып кетті деп ойлап, соның құрметіне ұлан-
асыр той жасап жатқан еді. Жеті күннен соң от əбден сөнді-ау дегенде, Нəмрұд патша халқымен
бірге, барлығы Пайғамбардың күлін көргісі келді. Бірақ олар арыстанның апанына кіріп
кеткендей естері шықты. Ибраһим (а.с.) ештеңе болмағандай, оттың ішінен шығып келе жатты.
Олар осындай ғажап мұғжизаны көрсе де, көрмеске салып, өз жайларына кетті. Кейбір
деректерде аз ғана адамның иман келтіргені айтылады. Дегенмен осы кезде немере ағасының
қызы Сара мен інісі Харранның баласы Лұттың иман келтіргені туралы көп мəліметтер
кездеседі.
Кейбір дерек хазірет Ибраһим отқа лақтырылған кезде жасы он алтыда десе, кейбір деректе
жиырма алтыда болған дейді.
Хақ пайғамбар осыдан кейін де халқын тура жолға жетелеу үшін қара тұяғынан хал кеткенше
тырысты. Бірақ алға жығыл десе, артқа жығылатын кертартпа халық, тіпті кері кетті. Ибраһим
пайғамбарға айтар ешқандай татымды сөзі қалмаған соң олар ебін тауып Ибраһимды
келемеждейтін немесе соққыға жығатын. Хақ пайғамбар осының бəріне төзді. Ең соңғы рет
жүрек жарды сөзін айтып ақиқатқа шақырды. Бəрібір кері кеткен халық оны теріс қабылдады,
тіл тигізді. Келемеждеді. Сонда ол еліне: «Уа, халқым! Сендер менің тура дінімді жоққа
шығардыңдар. Ендігі жерде сендермен, сірə, басымыз біріге қоймас. Сендер жалғыз Хақ тағалаға
иман келтіріп, пұттардан бас тартанға дейін осы жаулық пен қастық жалғаса бермек. Біз бəріміз
бір елдің баласы болсақ та, сендер жалғыз Жаратқанға қарсы шыққан соң, туыстығымыздың
ешбір маңызы қалмады. Өйткені иман мен күпір əсте бірге бола алмайды. Ендеше бірінің
жүрегіне иман ұялаған, енді бірінің жүрегін күпір жайлаған ағайындылар ешқашан бір-біріне
жақын бола алмайды. Қай кезде сендер пұтқа табынғандарыңды қойып, Хақ тағалаға сəжде
етсеңдер, сол сəттен бастап арамыздағы жаулық достыққа, қастық сүйіспеншілікке
айналады»
?">[189]
?">, – дейді.
Хазірет пайғамбар жəне өзіне иман келтіргендер осыдан кейін мүшрік туыстарымен қарым-
қатынастарын біржолата үзді. Хақ пайғамбар осы күнге дейін елінен көп жапа шеккен еді. Өзіне
иман келтірген аз ғана мұсылманның жағдайы тым нашарлап кетті. Сол себепті оның хижрет


етуі туралы Хақ тағаладан уахи келді. Ол еліне: 
«Мен Раббымның маған əмір еткен жеріне
кетемін. Раббым маған жол көрсетеді?">»
?">[190]
, – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет