«Артынан келіп намазға ұйыдым. Екі рəкат нəпіл намаз ұзақ оқыды. Алғашқы рəкатта
«Бақара» сүресін аяқтағанда рукуға баратын шығар деп ойладым. Ол болса «Али Имран» сүресін
бастады. «Али Имран» сүресін аяқтағаннан кейін рукуға баратын шығар деп күтіп едім, ол
«Ниса» сүресімен жалғастырды. «Ниса» сүресі біткенде рукуға баратын шығар деп күтіп едім,
ол «Маида» сүресін оқи бастады. Осы сəт менің ойыма жаман ой келді. Қасындағылар «Не
ойладыңыз?» деп сұрағанда, «Намазымды осы жерден үзсем бе екен» деген ой келді»
деген»
[421]
.
Иə, Аллаһ елшісінің тақуалығы өте терең еді. Мына бір үзіндіде де оның болмысы жақсы
суреттелген:
«Жазу-сызу білмесе де Екі жиһан сардарының айтқан сөздері ешкім бұрын-соңды естіп-
көрмеген ілім мен даналыққа тұнып тұрды. Ол ғайып əлемі, діннің өте терең мəселелері,
мемлекеттер мен патшалықтардың күйреу себептері жайында сөз қозғап, əдептілік пен
адамгершілік принциптері арқылы мызғымас мəдениеттің негізін қалады. Мəдениет,
экономикалық құрылымдар, мемлекеттік басқару жүйесі
мен халықаралық қатынастар
саласында да жүйелі істер атқарды.
Ол жас кезінде бір-ақ рет ұрыста көрген адам соғыс тəжірибесі жоқ бола тұра пайғамбар
болғаннан кейін жау жағадан алған шешуші сағаттарда өмірі шегініп көрмеген қолбасшыға
айналды. Сахабаларына үйреткен əскери тəлім-тəрбиесінің арқасында мұсылмандар аз жылдың
ішінде сол кезеңде дүркіреп тұрған екі алып мемлекетті тізе бүктірді.
Қырық жасына дейін қандай да бір саяси оқиғаларға араласпаған Ардақты елші бірден бұл
салада мықты саясаткер һəм кемеңгер басшыға айналды. Қазіргідей хабарласу мүмкіндігі жоқ
кездің өзінде мыңдаған шақырымға созылған шөлейтті мекендеген халықтардың руаралық
қақтығыстарын тоқтатып, аз уақыттың ішінде бір байрақ,
бір ата заң, бір дін мен мəдениеттің
төңірегінде біріктіруге қол жеткізді.
Ол ғылым-білімде кенжелеп қалған елдің ойлау мəдениетін қатып қалған, əдеттері мен
мінез-құлқын өзгертті. Надандықты ғылыммен, тағылықты мəдениеттілікпен алмастырып,
мейірімсіз, қатал адамдарды Жаратқаннан қорқатын, мейірімді де турашылдыққа баулыды. Асау
тұлпардай жұлқынып, бағыну дегеннің не екенін білмейтін жандарға заңға мүлтіксіз
бағыныштылықты үйретті. Қандай істі қолға алса да асықша иіріп əкететін ол қазіргі таңда
мыңдаған педагог, философ, психолог пен социологтардың жүз жылдар бойы жасай алмайтын
ісін ширек ғасырға жетпейтін аз жылдың ішінде мінсіз атқарып шықты.
Ғасырлар бойы
арасынан тарихта артынан із қалдырған бірде-бір даңқты адам шықпаған бір қауымды Аллаһ
тағаланың қолдауы арқылы ғылымда, руханиятта, адамгершілікте, саясатта, əскерлікте жəне кез
келген əлеуметтік салада барлық кезеңдердің данышпандарының ұстазы, жүректердің жол
бастаушысы жəне төрткүл дүниеге мəдениеттің туын тіккен, адамзат тарихының ең ізгі
қоғамына айналдырды.
«Мені Раббым тəрбиеледі, бойыма ең көркем тəрбие сіңірді»
[422]
деген Ғаламның рақым
нұры (с.а.с.) өзі құрған мемлекетті басқарған кездің өзінде де о бастағы кішіпейілдіктен танбай,
қарапайым ғұмыр кешті. Ши төсекте жататын. Жұпыны киініп, азға қанағат етіп көбінесе аш
жүретін. Саманнан жасалған қараша үйді мəсе тұтты, үмбетінің ең кедейіндей күн кешті.
Түндерін
ұдайы Жаратқанға жалбарынып, дұға оқумен өткізетін. Мұң-мұқтаждар мен кедей-
кепшікке қол ұшын беруге асығатын. Елмен бірге қара жұмыс істеуден арланбайтын. Кез-келген
адам онымен еркін сөйлесе алатын. Жұрттың қайғысына қайғырып, қуанышына қосыла
қуанатын. Ерекше болуды көңілі қаламай, елмен қоян-қолтық араласып бірге жүретіндігі
соншалық, бұрын көрмеген адамдар келе қалса, халықтың арасынан оны тани алмай қалатын.
Бірде бір бəдəуи келіп «Мұхаммед деген қайсың?» деп сұраған кезде, сахабаларына жүгіріп
қызмет жасап жүрген Пайғамбарымыз
«Бір елдің басшысы – солардың қызметіндегі жан»
деп,
Исламның өміршең ұстанымын көрсетіп кеткен-ді»
[423]
.
Достарыңызбен бөлісу: