Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет91/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Тəбук жорығы
Шам мен Мəдина арасындағы өңір Тəбук деп аталады. Бұл Иран мен Византия арасындағы
соғыстың Византияның жеңісімен аяқталған кез еді. Басқа мемлекеттерді көзге іле бермейтін
Византиялықтар осынау жеңістің буымен мұсылмандарға қарсы жорыққа дайындалады. Бұл
хабарды естіген Пайғамбарымыз (с.а.с.) отыз мыңдық қол жасақтады. Аллаһ елшісі (с.а.с.)
əскерді жарақтандыру үшін былайғы жұрттан көмек сұрағанда, хазірет Əбу Бəкір (р.а.)
қолындағысының бəрін əкеліп ортаға салды. Дəулетті хазірет Осман да (р.а.) аянып қалмады.
Тіпті əйелдер де əшекей бұйымдарына дейін əкеліп, мұсылманға тəн жанашырлықтарын
көрсетті. Сол уақыттар елді жайлаған жұтқа қарамастан, сахабалардың зор ықыласымен
қиындықтарды жеңе отырып жасақталған бұл əскер Ислам тарихында «Жəйшул-ұсра»
(Көмекпен жасақталған əскер) деген атпен қалды. Сахабалар барын сарқып ықылас танытып
жатқанда, екіжүзділер керісінше күннің ыстықтығын, аштықтың тауқыметін, жолдың
алыстығын алға тартып, түрлі сылтау іздеп, соғысқа бармаудың амалдарын қарастырып бақты.
Тіпті басқаларға да кері насихаттап, барғызбауға əрекет жасады. Олар туралы Құранда былай
делінді:
ﺣَ
ﺮ
ا
أَ
ﺷَ
ﺪﱡ
ﺟَ
ﻬَ
ﻨﱠ
ﻢَ
ﻧَ

رُ ﻗُ
ﻞْ
اﻟْ
ﺤَ
ﺮﱢ ﻓِ

ﺗَ

ﻔِ
ﺮُ
و
اْ
ﻻَ 
وَ
ﻗَ
ﺎﻟُ

اْ
«Олар мына ыстықта жолға шықпаңдар дейді. Сен оларға былай де: жаһаннам оты бұдан
да ыстық»
[415]
.
Мұсылман əскері бір ай бойы жол жүріп Тəбукке жетеді. Тəбукте жиырма шақты күн
тапжылмай күткенімен жаудың қарасы көрінбеді. Мутада үш мың мұсылман əскерін
мүшріктердің жеңе алмағанын білгендіктен болар, Византиялықтар бастарын қауіп қатерге
тікпеді.
Қоштасу хұтбасы
622 жылы Аллаһ елшісі қажылыққа дайындалады. Мұны естіген халық Меккеге ағылады.
Меккеде бұрын-соңды мұншалықты көп адам жиналмаған еді. Олардың саны жүз мыңға жетті.
Пайғамбарымыз қажылық жасау рəсімдерін көрсеткеннен кейін жиналған халыққа Арафат пен
Мина тауында соңғы хұтбасын оқыды. Бұл хұтба Ислам тарихында «қоштасу хұтпасы» деп
аталды. Онда былай делінді:
«Ей, адамдар!


Айтқаныма зер салыңдар. Бəлкім, биылдан соң сендермен бұл жерде қайта жүздесе
алмаспын.
Халайық!
Бүгінгі күн, осы ай, мына қала (Мекке) қаншалықты қасиетті болса, мал-жандарың, ар-
намыстарың да соншалық қасиетті, зорлық атаулыдан қорғалған.
Уа, сахабаларым!
Раббыларыңмен қауышатындықтарың хақ жəне осы дүниедегі бүкіл амал-əрекеттерің үшін
жауап беретініңдеріңді де біліңдер. Мен кеткеннен кейін баяғы бітпейтін ұрыс-керіске, дау-
дамайға қайта бой алдырып, бір-біріңнің қандарыңды төгуші болмаңдар. Осы өсиетімді
естігендер естімегендерге жеткізсін. Бəлкім, естімеген адам менің осы сөздерімді естіген
адамнан да жақсы түсініп, жадында сақтауы мүмкін.
Уа, сахабаларым!
Қолдарыңда əлдебіреудің аманаты болса, қылдай қиянат жасамай, басы бүтін иесіне
табыстасын. Аллаһтың əмірімен бұдан былай өсіммен пайда табуға тыйым салынды. Надандық
жайлаған кезеңінен қалған бұл əдет мұнан былай жойылуға тиіс. Алғашқы болып өзімнің көкем
Аббастың өсімінің жойылғанын айтпақпын.
Уа, халқым!
Қараңғылық кезеңінен қалған қан дауына да осы жерде нүкте қойылды. Бірінші болып атам
Əбдімүттəліптің немересі, немере ағайыным Рəбианың қан дауын жойдым.
Уа, жарандар!
Бүгіннен бастап шайтан Меккеге ықпал ету күшінен мəңгілікке айрылды. Діндеріңді қорғау
үшін менің тыйған нəрселерімнен тыс ұсақ істерде де шайтанға еруден сақ болыңдар.
Уа, адамдар!
Əйелдердің ақысын аяқ асты етпеңдер. Аллаһтан қорқыңдар. Əйелдеріңді Аллаһтың
аманаты ретінде əрі нəзік жаратылыс иесінің ар-намысын қорғауға Аллаһ атымен сөз беріп, адал
жар ретінде алдыңдар. Сендердің əйелдеріңнен талап ететін, əйелдеріңнің де сендерден талап
ететін хақысы бар. Сендер одан ақ некеге опасыздық жасамауды талап етуге құқылысыңдар.
Əйелдің ақысын өтеуге міндеттісіңдер, яғни олардың ішіп-жемін, киім кешегін қамтамасыз ету
сендердің міндеттерің.
Уа, мұсылмандар!
Сендерге киелі аманат тастап барамын, соны толық ұстансаңдар ешқашан адаспайсыңдар.
Ол аманат – Аллаһтың кітабы – Құран.
Уа, мұсылмандар!
Сөзіме құлақ қойып, зерделеңдер! Мұсылман – мұсылманға бауыр. Олай болса барлық
мұсылмандар бір-бірінің (діндес) бауырлары. Діндес бауырларыңның ақысын жемеңдер.
Уа, сахабаларым!
Тіпті өз-өздеріңе де қиянат жасамаңдар, оның да сұрауы бар.
Уа, адамдар!
Аллаһ жалғыз, бəріміз Адам атаның ұрпағымыз, ал Адам топырақтан жаратылған. Аллаһ
назарында құрметке лайық жан – Одан ең көп қорқатын адам. Арабтың басқа ұлт, өзге нəсілдіен
артықшылдығы жоқ. Адамдардың бір-бірінен артықшылығы тек тақуалығында.
Уа, жамағат! Мен сендерге дінді жеткізе алдым ба?
Барша жиналғандар бірауыздан: «Сен Аллаһтың елшісісің, бізге өсиет-насихат айттың,
міндетіңді адал атқарғандығыңа куəміз», – деді.
Пайғамбарымыз оң қолының мүбəрак сұқ саусағын көтеріп:


«Куə бол, уа, Раббым! Куə бол, уа, Раббым! Куə бол, уа, Раббым!»
[416]
.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Арафаттағы кезінде
دِ


ﺎً
ا
ﻹِ
ﺳْ
ﻼَ
مَ
ﻟَ
ﻜُ
ﻢُ
وَ
رَ
ﺿ
ِ
ﯿ
ﺖُ
ﻧِ
ﻌْ
ﻤَ
ﺘِ

ﻋَ
ﻠَﯿْ
ﻜُ
ﻢْ
وَ
أَﺗْ
ﻤَ
ﻤْ
ﺖُ
دِ

ﻨَ
ﻜُ
ﻢْ
ﻟَ
ﻜُ
ﻢْ
أَ
ﻛْ
ﻤَ
ﻠْ
ﺖُ
اﻟْ
ﯿَ
ﻮْ
مَ
«Міне, бүгін дініңізді толықтырдым. Нығметімді тəмамдап, сізге дін ретінде Исламды
таңдап қабыл еттім»
[417]
деген аят түсті.
Қажылық рəсімі біткен соң Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мəдинаға оралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет