үлгі. Əрбірінің өмір тарихы,
қауымдасқан тұрмыс тіршілігі, мұғжизаларға куə болуы, түрлі
сынақтарға ұшырауы оқиғалары соңғы елші Мұхаммед пайғамбарға
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
əркез тұп-
тұнық уахи арқылы баяндалып отырған. Біз сөйлеткен мəліметтердің де негізінен Құранға
сүйенуі сондықтан.
Пайғамбарлар тарихымен таныс болу адамды көп жайға қанықтырады. Ежелгі уақытта
бұндай қауымдардың болғаны, жаппай қырғынға ұшырап жер бетінен жойылғанын көп жылғы
зерттеулер, қазіргі археологиялық қазба жұмыстары да растай түсуде. Тариха атышулы Бомбей,
Содом мен Гомора қалаларының (Лұт пайғамбар кезі) расында да азғындықта шектен
шыққандығы зерттеу кезінде табылған қабырғаларға қашап салынған бейəдеп суреттерден
анықталған. Мұсаның (а.с.) Аллаһпен тілдескен Тұр тауы,
ондағы құдіретке шыдай алмай
балқыған тастар, аса таяғымен ұрғанда, жерден бұрқақтаған он екі бастау – əлі күнге
туристердің барып тамашалайтын орындары. Адам атаның қолымен тұрғызылған Қағба да
миллиондаған мұсылмандар үшін əлі күнге өз қасиеттілігін сақтауда. Құранның «Жүсіп»
сүресінің 111-аятында
«Ант етейік, олар жайлы қиссаларда сау ақыл иелері үшін ғибраттар
бар»
делініп, мəңгілік азап арқалаған көне қауымдардың жағдайы кейінгілерге ғибрат екендігі
ескертілген.
Пайғамбарлар өмірі адамзат тарихында наным-сенімнің де қаншалықты маңызды
болғандығын аңғартады. Байқасақ, дінсіз жекелеген адамдар кездескенімен өзіне тəн наным-
сенімі жоқ тұтастай бір қауымды ұшырата алмаймыз.
Пұтқа табыну, бұзауға табыну,
періштелерді Аллаһтың қыздары деп білу, отқа табыну, суға, күнге табыну секілді негізсіз
нанымдардың барлығы да пайғамбарлар арқылы жөнге салынып, түзетіліп отырған. Бүкіл пұт
атаулыны қиратқан Ибраһимнің (а.с.) оқиғасы пұтқа табынушылармен күрестің қаншалықты
ымырасыздығын пайымдатады. Өзін кінəлаған көпшілікке қасқая қарап тұрып оның «Кім
жасағанын əнебір үлкенінен сұрап көріңдер» деуі қаншалықты қисынды,
адамды еріксіз
ойлантатын сөз. Алайда көзге шұқып көрсеткен ақиқаттың өзін халық көрмей, пайғамбардың
өзіне қайта тап береді.
Қарап отырсақ, пайғамбар келмеген қоғам, пайғамбар есімі жетпеген жер, заман жоқ екен.
Демек, барлық адам баласына тарихтың қай кезеңінде болмасын бір пайғамбардың келгені хақ.
Ал оған бағынып-бағынбау əркімнің ішкі иманы мен арына табысталған.
Асылында Аллаһтың мейірімі түсіп, пайғамбарлар барша қауымға төгілген нұр, ізгіліктің
жаршысы болып келмегенде не болар еді? Шынтуайтында, мейірім, шапағатсыз, нұрсыз адам
жаны рахатқа бөлене ала ма? Бөлене алмайды əрі қараңғы қауым қараңғылықтың түнегін өз
бетінше жарып шыға алмас еді. Жұмырбастыларды жаратып, оларды жалғыз қалдырмай, оларға
өзінің сүйікті құлдарын елші етіп жіберіп отыруы бұл да
болса Рахманның рахымы деп
топшылаймыз.
Пайғамбарлар жіберілмегенде, мына жаратылыстың, ондағы адамзаттың, жүректегі ізгілікке
деген құштарлықтың құны бес-ақ тиын болар еді. Ал Аллаһ алдындағы шынайы махаббат пен
адамзат алдындағы үлкен жауапкершілікті арқалап келген пайғамбарларға иман ету – ақыл
құптарлық іс. Өйткені бұндай дара тұлғалардың Аллаһ алдындағы абыройын сыйламау əркімнің
жеке басының ғана өкінішіне алып келері белгілі.
Адамзаттың ардақтылары болған пайғамбарлардың өмірінен сыр шертіп, жекелеген
кезеңдері, тұрмыс-тіршіліктері кеңінен сөз етіліп, замана оқиғалары тарқатылып баяндалатын
бұл еңбекте көпшілік біле бермейтін пайғамбарлар жайындағы əңгімелерді мейлінше Құран
аяттары мен хадистерге сүйене отырып баяндауға тырыстық.
Сөзімізді түйіндей келе айтарымыз, Аллаһ тағала барша
мұсылман бауырларымызға