— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін



Pdf көрінісі
бет54/114
Дата25.11.2023
өлшемі4,12 Mb.
#127018
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

A
pp
)
Копирайтинг – мәтін жазу
Жақсы бизнес жүргізу үшін қызықты мәтін 
жаза білу керек. Алайда қызықты мәтін жазу үшін 
жазушы болудың қажеті жоқ. Бар болғаны ойыңызды 
жинақтап, мәтін жазуға машықтанған дұрыс. 
Егер мәтін жазу техникасын тиімді пайдаланатын 
болсаңыз, тауарыңызға сұраныс артып, бизнесіңіз 
ілгері дами түседі. Біз үшін қашан да «бастау» қиын. 
Дәл осы мәтін жазарда да «Қалай бастаймын?», 
«Қалай жазамын?» деп ойланарыңыз анық. Тіпті 
ішіңізден «Сенің әлі тәжірибең жоқ!», «Жұрт күлсе 
ше?», «Бизнес жайлы неге ойландым...», «Қолымнан 
келмейді», «Мен жаза алмаймын» деген сияқты түрлі 
сылтаулар туындауы да мүмкін. Әйтсе де бәріне 
сенімді түрде «Жоқ» деп жауап беріңіз. Себебі бір 
бастағаннан кейін оқырмандарыңыз кері байланысқа 
шығып, сізден пайдалы ақпарат күтетін болса, сізде 
сенімділік пайда болып, ары қарай жігерлене түсесіз. 
Мәтін жазудың бірнеше шарттары бар, соларды 
орындап, мәтін жазуға деген қызығушылығыңызды 
арттырсаңыз, қолыңыздан бәрі келеді. Ең бастысы – 
бірінші сөйлем. Ол эмоцияға толы, назар аударарлық 
болу керек. Оқырманға қатты әсер ететін, еліктіретін, 
қызықтыратын, ашуландыратын, мұңайтатын, 
қуантатын сөйлем керек. Постыңыз басынан бастап
соңына дейін оқылып шығуы дәл осы сөйлемге 
байланысты. 
Бірінші сөйлемді:
• эмоциямен бастаңыз. Оқырман назарын ауда-
ратындай қуану немесе проблемаңызды жаз-
саңыз, оқырманға не керек екенін дәл табасыз. 


 — 93 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
Мысалы: «Маған ұсыныс жасады», «Жардан 
жалғыз құладым» сияқты сөйлемдерді тақы-
рыпқа сай ойластырып, интриганы ұстап жа-
затын болсаңыз, лүпіл саны да көбейіп, пікір 
қалдыратын жандар да табылады. 
• пайданы түгендеуден бастаңыз. Адамдарға 
өзінің емес, өзгенің қанша қаражат табаты-
ны өте қызық. Пост жазар алдында өзіңіздің 
ең алғаш табысыңыз жайлы, тіпті дәл қазір 
миллионер екеніңізді, шетелде бизнесіңіз бар 
екенін санмен көрсетіп, сенімді жазыңыз. 
Оқырманға керек ақпаратты беріп болған-
нан кейін, мәтіннің ең соңында әңгіменің бәрі 
түсіңізде көрген «миллондар» жайлы екенін 
жазсаңыз болады. Қалжында тұрған несі бар, 
есесіне аудиторияны жинап, постты соңына 
дейін оқуға ілгек сөз таптыңыз. 
• цитатадан бастаңыз. Ақылды, пайдалы сөй-
лемнен бастасаңыз, қоржыныма салып қо-
яйын, есіме сақтайын деушілер табылады. 
Әдетте, пайдалы цитатамен басталатын 
посттар жақсы қаралым жинайды. 
• сұрақ қоя біліңіз. Сіз ұсынған ақпарат соңына 
дейін оқылсын десеңіз, оқырманды елітіп әке-
ту керек. Осындай пост жазудың бір мысалы 
– оқырманға сұрақ қойыңыз және оған жауап 
беруге тырысыңыз. Сұрақтардың өтімділігі 
оқырман да сізбен бірге жауап беруге тыры-
сады. Тіпті кейбірі іштей сізбен диалог құра-
стырады. Өз жауап нұсқасының дұрыстығы-
на, бұрыстығына көзін жеткізгісі келеді. Сол 
үшін де мәтініңізді аяғына дейін оқиды. Ал егер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет