60
білім алуына жәрдемдесті. Артынан ерген Тоқтамысты техника
ғылымдарының докторы дәрежесіне жеткізді. Аға алдындағы парызын
адал орындады. Ауылдың оқимын деген бар баласына да көмек қолын
созудан жалыққан емес. Жанам деген жүрекке шоқ тастаған
ғалымды шәкірттері де ерекше жақсы көреді. Тоқаңның әріптестері
де оның білім-білігін, адамдық қасиетін жоғары бағалайтынын көз
көріп жүр. Өз басым осындай қадір-қасиетке ие азаматты ең
бақытты адам деп санаймын. Иә, Тоқтасын аға шын мәнінде
бақытты адам».
Осылайша, оқырман автордың бұл публицистикалық шығармада
Суықтөбе тауының етегіндегі Қастек атты ауылдан шыққан техника
ғылымдарының докторы Тоқтасын Меңдебаевтың өмір жолынан сыр
шертетіндігіне көз жеткізеді. Ең қызығы, мақала мәтінінде оның
тақырыпатындағы қолданыс бірде-бір рет кездеспейді және негізгі
идеясы да одан әлдеқайда алшақ. Осындайда оқырман тақырыпатты
оқығаннан кейінгі бастапқы болжамы мен үміті оны оқығаннан кейін
алған
ақпаратымен сәйкес келмесе, біріншіден, оның санасында
түсініспеушілік туындайды: «неліктен автор мақалаға осындай атау
берді, менің күткенім басқа еді» деген сынды ойлардың етегінде құр
мақаладан ғана емес, бүкіл басылымнан көңілі қалуы мүмкін.
Орыс тілді басылымдарға келер болсақ, мұнда мақала атауы оның
мазмұнымен сәйкес келмей жататын кездер қазақ публицистикасына
қарағанда жиірек кездеседі. Оның басты себебі – жоғарыда аталғандай,
тілшілердің оқырманға әсер етушілік қызметке көбірек екпін түсіруі.
Мысалы: «
Избавиться от ржавчины
» (КП. – 08.12. 2012). Мұндай
тақырыпатқа кезіккен реципиент, сөз жоқ,
мақалада шынымен де
күнделікті тұрмыста бірқатар қиындықтар тудыратын тоттан
құтылудың амалдары жазылған ба деп ойлайды. Ал шын мәнінде бұл
мақалада жемқорлықпен күресу мақсатымен елде әзірленген жаңа
жүйе талқыға салынған, ал «даудың басы» – параны автор тотқа балап,
метафоралау әдісін бейнелі қолданған. Демек, оқырманның болжамы
тағы да ақталмады. Егер тақырыпатта автор «тот» сөзін тырнақшаға
алып, оны ауыспалы мағынада қолданғанын көрсете білсе, оқырман ол
сөздің астында басқа мән жатқандығын түсініп, осындай қателік орын
алмас еді.
Сол сияқты «
Наши дети – папуасы?!
» (ЭК. – 07.12.2006)
мақаласы. Автор шығармасына осындай атау беру арқылы оқырман
назарын аударып, оның қызығушылығын ояту негізінде мақала
мәтінін оқуға итермелегісі келгені анық. Алайда осы жағдайға
оқырман көзімен қарайтын болсақ, мақала атауын оқығаннан кейін
оның санасында түсінбеушілік
туатыны айтпаса да анық жайт, содан
61
кейін ол ойша өз болжамын келтіруге тырысады: «бәлкім қандай да
бір психологиялық не басқа да зерттеулер Қазақстанның балалары
Папуа Жаңа Гвинеяның балаларына ұқсас шығар» деген сынды
ойларға келіп, мақала мәтініне жүгінсе, ондағы жазба мынадай:
«(Лид):
Достарыңызбен бөлісу: