екi
жарты, бiр бүтiн
нiң құқықтары тең бола ма?
» (ЕҚ. – 18.11.2006),
«
Жақсының үлгiсi – жанып тұрған шаммен тең
немесе сөнбес
Сәуле
» (П. – 2011. № 9) [Актриса С. Қожақова туралы], «
Барымтаға
қарымта
бола ма?
» (ЕҚ. – 21.05.2002), «
Кешегi сөз – "
Оян, қазақ
",
бүгiнгi сөз – "Ойлан, қазақ"...
» (Ақ. – 1999. № 9-10).
Журналистикада сан түрлі тақырыптағы мақалаларға атау болуы
мүмкін, тек сәл өзгеріс енгізуді талап ететін прецедентті мәтіндер де
кездеседі. Оларды нағыз «әмбебап» прецеденттер деуге болады.
Мысалы, қазақ әдебиетінде «Аягөз, қайда барасың?» (Д. Бабатайұлы),
«Керей, қайда барасың?» (Бұқар жырау) деген шығармалар бары
белгілі. Осы шығармалардың аттары бірқатар публицистикалық мақала
тақырыпаттарында былайша түрленген: «
Ырыс, қайда барасың?
»
(П. – 2000. №4), «
Бақ, қайда барасың...
» (ЕҚ. – 18.03.2011), «
Тарих,
қайда барасың?
» (ЕҚ. – 10.10.2007). Сол сияқты «Қызым, саған айтам,
келінім, сен тыңда» деген халық даналығы да публицистикалық
тақырыпаттарда сан түрлі «кейіпте» баспа бетін көрген: «
Ұлым, саған
айтам
» (Азия Т. – 2001. №5), «
Жас ұрпақ, саған айтам...
» (ЕҚ. –
72
28.12.2006), «
Келінім, саған айтам, пәк жігіт, сен тыңда!
» (З-Қ. –
10.01.2010), «
Досым, саған айтам...
» (З-Қ. – 10.07.1998). Абай
Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасындағы «Осы жұрт Ескендірді
біле ме екен?» деген өлең жолы да қазақ публицистикалық
тақырыпаттарындағы «әмбебап» прецедент: «
Осы жұрт Барлыбектi
бiле ме екен?
» (Ақ. – 2001. №10), «
Осы жұрт Нұрлыбек ақынды біле
ме екен?..
» (ЕҚ. – 01.06.13), «
Осы жұрт Қасымтайды біле ме екен?..
»
(ЕҚ. – 29.04.09), «
Осы жұрт Қоғабайды біле ме екен?..
» (АТ. – 17-
30.03.11), «
Осы жұрт Бейбарысты біле ме екен?..
» (П. – 2000. №9).
Бұдан басқа да төл әдебиетіміздің нар тұлғасы, «қазақтың бас
ақыны», Абай шығармаларынан алынған үзінділер көптеген мақала
атауларында сан түрленіп қолданылады: «
Сайлауға әркiмнiң де бар
таласы...
» (ЕҚ. – 06.01.2004), «
Әкімдікке әркімнің бар таласы...
»
(СС. – 24.01.2013) («Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»); «
Ауылдағы
ағайынның бүгінгі бұйымтайы бұрынғыдан өзгерек
» (СС. –
31.07.2010), «Бұл ескерткіш бұрынғыдан өзгерек» (ЕҚ. – 05.06.2013)
(«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»), «
Толғауы тоқсан Торғайым
» (Ақ. –
2005. №12) («Толғау тоқсан қызыл тіл, Білмеймін десең өзің біл!» –
«Сегіз аяқ»), «
Өлмейтұғын артына ән қалдырған...
» (П. – 1998. №2)
(«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» – «Өлсе өлер табиғат, адам
өлмес»).
Дана Абайдың:
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй»
, – деген өлеңі баршамызға таныс. Оны
өзімізге үйреншікті емес «кейіпте», онымен қоса публицистикалық
мақала атауы ретінде көрсек ше: «
Жақсы "Пушкин" мен тәттi
"Абай": Өнердi сүйсең, "Рахатша" сүй...
» (ЖА. – 10.08.2006).
Алматыдағы «Рахат» кондитер фабрикасының «Пушкин ертегiлерi»
және «Абай әндерi» деген кәмпиттiң жаңа түрлерiн шығарғаны жайлы
мақала жазған тілші өз шығармасының атауын әрі ақпараттылық
тұрғыдан салмақты, әрі мәтін мазмұнына сай жауап беретін етіп және,
ең бастысы, көркемдік бейнелігі тұрғысынан оқырман үшін қызықты
етіп, публицистикалық тақырыпатқа қойылатын талаптардың «тамырын»
дөп басып қана қоймай, оны әдемі «қаптамамен» ұсына білген.
Сөйтіп, прецеденттілік феноменін «публицистикалық тақырыпаттың
негізгі қызметтерін оқырман қызығушылығын ояту және мақала
мәтінін оқуға итермелеу қасиеттерімен ұштастыруда әрі «адресант-
адресат» қатынасын тереңдетуде таптырмас құралдардың бірі болып
табылады» деп атауға барлық негіз бар.
|