Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі


) Публицистикалық тақырыпаттардағы жаһандану көрінісі



Pdf көрінісі
бет58/63
Дата25.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#127019
түріМонография
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
2) Публицистикалық тақырыпаттардағы жаһандану көрінісі 
Шамамен XX ғасырдың екінші жартысынан бастап дүниежүзі 
бойынша «жаһандану» (/«ғаламдану» (ағылш. «globalization») термині 
құлаш жайып, қарқынды түрде таралу нәтижесінде бүгінгі таңда 
аталмыш түсінік әлемнің түкпір-түкпірінде, ғылымның әр алуан 
салаларында мығым орын алған. 
Аталмыш терминнің ғылыми айналымға енуі туралы сан алуан 
пікірлер бар. ХХ ғасырдың 60-жылдары канадалық ғалым Маршалл 
Маклюэн ең алғаш болып «ғаламдық ауыл» (ағылш. global village) 
түсінігін қолданып, өзінің «Гутенберг галактикасы» және «Медианы 
түсіну» еңбектерінде оған анықтама береді. Ол дүниежүзінде орын 
алған жаңа коммуникациялық әрі мәдени жағдайды сипаттай отыра, 
сол кездің өзінде электронды байланыс құралдарының нәтижесінде 
жер шары ауылдың көлеміне дейін «жиырылғандығын» [172, 3], кез 
келген дүние бөлігінен әлемнің басқа бір жеріне жылдам ақпарат 
алмасу мүмкін болғандығын [173, 168] сөз еткен. 
Әлеуметтану ғылымының профессоры Роланд Робертсон 
1983 жылы «жаһандылық» (ағылш. «globality») сөзін өзінің бір 
мақаласының атауында қолданып, араға тоғыз жыл сала «Жаһандану: 
әлеуметтік теория және жаһандық мәдениет» («Globalization: Social 
Theory and Global Culture») кітабын басып шығарады. Онда автор 


121 
ғаламданудың шынайы табиғаты толық ашылмай, жасырын келгенін 
айтып, шын мәнінде, «жаһандану – бұл әлемнің «бір жерде шоғырлануы» 
[174, 121] деген пікірін ұсынады. Ғалым алғашқылардың бірі болып 
жаһандану терминіне қатысты «glocalization» түсінігін («globalization» – 
«жаһандану» + «localization» – «оқшаулау/шектеу») қолдана отыра, 
жаһандану деп нәтижесінде қоғам өзін мәдени «шайылудан» қорғау 
үшін тұйықтанатын жаппай аймақтандыруды атайды. 
Осы орайда неміс ғалымы Ульрих Бектің ұсынған тұжырымын 
сырт айналып кетуге болмайды. Автор «жаһандану» («globalization») 
терминін «жаһандылық» («globality») және «глобализм» («globalism») 
түсініктерінен айыра білу керектігін айтып, көп жағдайда бұлардың 
ара жігі ашылмай, бірінің орнына бірі қолданылып жататындығын сөз 
етеді. Глобализм, автордың көрсетуінше, «әлемдік нарықтың үстемдік 
ету неолибералды идеологиясы» болып табылады және көп жағдайда 
барша жаһандану құбылысын осы түсінікпен шатастыру жиі 
кездеседі. Ал жаһандану болса, ұлтаралық деңгейде болып жатқан 
үрдісті сипаттайды: ұлтаралық кеңістік, оқиғалар, жанжалдар мен 
байланыстардың қарқындауы және т.с.с. Дей тұрғанмен, бұл үрдісті 
баршаға ортақ, жаппай деңгейде емес, контингенттік және диалектикалық, 
бір сөзбен айтқанда, «глокалды» сипатта қарастырған жөн. 
«Жаһандану үрдісінің бүгінгі таңдағы ерекшелігі өзара әрекеттесетін 
аймақтық-ғаламдық байланыс жүйелерінің, сондай-ақ мәдени, саяси, 
шаруашылық және экономикалық деңгейлердегі әлеуметтік кеңістіктер 
мен телевизиялық ағындардың эмпирикалық жолмен бекітілген 
кеңеюі, тығыздығы және тұрақтылығы болып табылады» [175, 193]. 
У. Бектің жаһандану түсінігіне берген бұл анықтамасы оның 
ақпараттылық және заманауилық сынды маңызды қырларын ашып 
көрсеткен. 
Жаһандану сынды осыншалық сан қырлы құбылыстың 
лингвистикалық табиғаты ғалымдардың назарына біршама кеш ілінді. 
Н. Коупленд тіл білімінің ғаламдану құбылысын ХХI ғасырдың 
алғышқы жылдары, яғни басқа гуманитарлық пәндерге қарағанда 
зерттеу нысанына кеш алғандығын атап көрсетеді [176, 468]. Бұған 
басты себеп – билингвизм және көптілділіктің ұзақ уақытқа дейін 
жаһандық лингвистиканың зерттеу нысаны болып танылмай, жеке 
дара қарастырылуы. Осы саладағы алғашқы мардымды еңбек «Journal 
of Sociolinguistics» журналының «Sociolinguistics and Globalisation» 
(«Әлеуметтік лингвистика және жаһандану») тақырыбына арналған 
2003 жылғы арнайы саны болды. 
Н. Коупленд жаһандану үрдісіндегі тілдің қызметі мен тіл 
біліміндегі ғаламдану құбылыстарын зерттей келе, жаһандануды 


122 
бүгінгі күннің маңызды факторы әрі қоғамның өмір сүру формасы, 
сондай-ақ тіл мен қоғамды түсінудің кейбір жаңа жолдарының бағыты 
ретіндегі әлеуметтік шындық кейпінде қарастыруды ұсынады. Ғалым 
бұл терминнің ауқымы кең болса да, оның «өзгеріске түскен және әлі 
де өзгеріс үстіндегі қоғамдық келісімдер мен артықшылықтардың бір 
тобын белгілеу үшін» қажетті түсінік екендігін сөз етеді [177, 503]. 
Кейін дүниежүзілік ғаламдану үрдісі, оның әлем тілдеріне деген 
әсері көптеген тілші мамандардың зерттеулерінің басты объектісіне 
айналып, осы тақырыптағы сан алуан ғылыми еңбектер баспа бетін 
көрді. Ж. Бломмерт әлеуметтік лингвистика саласындағы еңбектердің 
көп бөлігі тілді белгілі бір қала/елді мекеннің «меншігі» ретінде 
қарастыратынын, бірақ қазіргі уақытта осындай «шектеулердің» 
жойылып жатқандығын айтады. Ғалымның пікірінше, тілдік әлем ол 
аядан шығып, бүгінде жаңа әрі күрделі формаға ұласқан [178, 103]. 
Біршама ғылыми еңбектер мен басылымдарда «америкаландыру» 
(«americanization») ұғымы «жаһандану» түсінігімен қатар, тіпті 
синоним ретінде қолданылып келеді. Оны тіл білімі саласында да 
байқауға болады. Мұнда аталмыш құбылыс ағылшын тілінің үстемдік 
етіп, әлемнің көптеген тілдеріне әсер етуі негізінде көрініс тауып 
келеді. 
Ағылшын тілі бүгінгі жаһандану дәуірінде «халықаралық 
қарым-қатынас тілі» лауазымына ие болып, өзінің құлашын кеңге 
сермеген. Белгілі ағылшын лингвисі Д.Кристалдың деректері 
бойынша дүниежүзінде ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың саны 
1 млрд. 100 млн көрсеткішін көрсетіп отыр және бұл адамдардың 
төрттен бірі үшін ғана ол ана тіл болып табылады [179, 99]. Әлемнің 
түкпір-түкпірінде әртүрлі жастағы адамдардың жаппай ағылшын тілін 
үйреніп, халықаралық қатынас тіліне мойынсынуы орын алып отыр. 
Бүгінде біршама ғылыми әдебиеттердің «ағылшын тілі – Х тілі» тілдік 
байланысының нәтижелерін зерттеуге арналғандығын байқауға 
болады. Онда аталмыш тілге қатысты «лингвистикалық геноцид», 
«лингвистикалық имперализм» түсініктері кездеседі. Ағылшын тіліне 
қатысты Ж. Бломмерт «лингвицид» («linguicide») – тілді жою, ал 
С. Муфвене бастаған бір топ ғалым «жендет тіл» («killer language») 
[180, 40] ұғымдарын жиі қолданып жүр. Ағылшын тілінің әлемнің 
тілдер сахнасына тамырын терең жайғаны сонша – заманауи 
лингвистикада «ағылшын емес тілдер» ұғымы пайда болды. Аталмыш 
тілдің бүгінгі таңдағы әлеуеті мен қауқарын зерттеуге бір топ 
еңбектерін арнаған Д. Кристал, У. Аммон сынды ғалымдар ағылшын 
тілінің ғылымда ғана емес, сауда-саттық, халықаралық қатынастар, 
экономика, мәдениетаралық байланыстар сияқты салаларда да 
үстемдік етіп отырғандығын атап көрсетеді. 


123 
Осындай қарқынмен өріс алып келе жатқан ағылшын тілі 
мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін де сырт айналып өткен жоқ. Оның 
айқын дәлелі күнделікті ауызекі сөйлеу тілімізде «компьютер», 
«ноутбук», «смартфон», «футбол» сынды көптеген шетел сөздерінің 
әбден сіңісіп кетуі болса, жазба тілінде мұндай «жаһандану өкілдері», 
ең алдымен, жаңалықтарға «ең құмар» әрі «икемді» тілдік құрылым – 
публицистикалық 
мақалаларда 
және, 
сәйкесінше, 
олардың 
тақырыпаттарында бірден көрініс табады. 
Жаһандану құбылысын публицистикалық мақала атауларынан 
да кездестіруге болады. Мұнда тақырыпат мақала мазмұнына ишара 
етумен қоса оқырман назарын өзіне аудартатын «тауар қаптамасы» 
іспеттес қызмет атқарып, сонымен қатар «автор-реципиент» 
байланысын орнатуда және екеуінің арасындағы қатынасты нығайтуда 
маңызды рольге ие. Сол себепті де тілшілер өз туындыларына атау 
беру кезінде оқырмандарға өздерін жай ғана ақпарат жеткізуші ретінде 
емес, сондай-ақ әлемнің соңғы «тілдік жаңалықтарынан хабардар» әрі 
«сәнді» сөздерді орынды қолдана білетін «сөз шебері» ретінде 
көрсетуге тырысады. Мысал ретінде елімізде біршама үлкен 
сұранысқа ие бірнеше мерзімді басылымдардың тақырыпаттарына көз 
жүгіртсек, «банк», «маркетинг», «офис» сынды экономика мен 
әлемдік нарыққа қатысты сөздер тілімізге бірден сіңісіп кеткенін 
байқауымызға болады: «
Жаңа заң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет